Оқу курсының типі: базалық пән (БП)\ міндетті компонент (МК)
Курсты оқыту мақсаты: "Болашаққа бағдар: қоғамдық сананың жаңғыруы" мемлекеттік бағдарламасында айқындалған қоғамдық сананы жаңғырту міндеттерін шешу мәнмәтінінде (контекстінде) білім алушылардың әлеуметтік-гуманитарлық дүниетанымын қалыптастыру болып табылады.
Студенттерді психологиялық білімдер негізінде ғылыми және кәсіби іс-әрекетке психологиялық дайындау; психологияны зерттеуге және өзіндік танымға мотивация қалыптастыру, қазіргі психологиядағы адам туралы жүйелік түсініктермен таныстыру; психологиялық ақпарат алудың негізгі көздері мен әдістерін игеру; психологиялық білімдер негізінде сәтті өзара әрекетті дамытатын қажетті іскерлігін дамыту, тұлағаарлық қарым-қатынас мәдениетін меңгеру.
Бағдарламаны меңгеру қорытындысы бойынша білім алушы келесі оқу нәтижелеріне ие болады:
- психология ғылымы негізінде адамның психологиясын (ауызша және жазбаша формада) түсіндіру, талдау, өткізу және жобалай алуды көрсете алуға;
- психологияның зерттеу әдістерін түсіндіре отырып, олардың мүмкіндіктері мен шектеуліктерін жүйелі негізде бере алуға;
- өзі және қоршағандар туралы эмпирикалық ғылыми зерттеу мақалаларын талдауға, сыни оқи алуға қабілетті;
- психологиялық білімдерді өмірлік және болашақ кәсіби іс-әрекетте қолдана алуға;
- қазақстандық қоғамда жаңарудағы психологиялық институттардың мәнмәтінінде олардың рөлінің ерекшеліктеріне талдау жасай алу;
- қазақстандық қоғамдағы этикалық және құқықтық нормалар, қоғамдық, іскерлік, мәдени құндылықтар жүйесіне тең келетін түрлі қарым-қатынастағы әртүрлі жағдайларды сараптау;
- өз өмірінің және сәтті тұлғаның продюссері бола алуға, адамдармен жұмыс жасай алуға, тұлғаралық коммуникация дағдыларына, өмірдің барлық сфераларында сәтті қолдана алуға және сыни қарай алуға;
- психологиялық білімдерді практикада қолдануда өз ойын, әрекетін басқарау алу, жоспарлай білу, тың ұсыныстар айта білу; сәттілікке ұмтылу, тапсырмаларды орындауда зерттеушілік дағдыларын көрсете білу, эсселер, реферат, презентацияларды жасай алуға дайын икемді болуға және интеллектуалды, практикалық дағдыларға қабілетті болады.
|