Интеллектуалды ойын «Жас білімдарлар» Мақсаты



Дата18.05.2023
өлшемі1,44 Mb.
#177061
Байланысты:
intellektualdy-oyyn-zhas-blmdarlar (1)


Интеллектуалды ойын «Жас білімдарлар» 
Мақсаты:
Балалардың білімдерін сайысқа түсіріп, білімді, жан - жақты болуға , үш тілде сөйлеу қабілеттерін, өзіне деген сенімділік қасиеттерін қалыптастыруға бейімдеу, логикалық ойлауларын қалыптастыру, дарынды, озық болуға тәрбиелеу. 

Барысы:
Тәрбиеші:
Армысыздар, құрметті қонақтар, біздің «Жас білімпаздар» атты интеллектуалды ойынымызға, қош келдіңіздер! 
«Бәйтерек» тобының балалары ойнайды. 
Ойынға қатысушыларды білімпаздарды қарсы алайық! (Музыка) 
Бір-бірден кіреді, орындарына отырады. 
1. Ең тапқыр- Әдижан
2. Ең дарынды- Айша
3. Ең білімді- Нұрай
4. Ең зейінді- Дәмелі
5. Ең ынталы- Асылай
6. Ең сабырлы-  Асхат
7. Ең шыдамды - Бану
8. Ең ақылды- Аяна
9. Ең байыпты – Абылай
10 Ең өнерлі - Әмина
11. Ең ақылды, тапқыр, білімді - Данияр.
12. Ең бақылағыш –


1. Бой сергіту, амандасу. « Ерте тұрып күнде мен...»
2. Мұғалім: -Балалар, бізге хат келіпті. Қане, кімнен екенін көрейік. Бұл хат ормандағы ақылды Үкі апайдан екен. Хатта не жазылғанын ашып көрейік, бұл жай хат емес сиякты.
« Құрметті балалар! Мен сендерді ұзақ уақыттан бері бақылап жүрмін, сендер маған қаты ұнайсыңдар. Сендер ақылды, көңілді, тапқыр, зейінді, жақсы баласыңдар! Мен сендерді өз мектебіме білім алуға шақырмын, ол үшін сендер сынақтан өтулерің керек. Мен сендерге қызықты, бірақ қиын сұрақтар дайындап қойдым. Ал әрбір жауапқа бір әріптен алып отырасыңдар,сабақ соңында құралған сөзді оқысаңдар болады. Балалар, қызыл түсті конверт бар, оны сабақ соңында ашарсыңдар. Сәттілік! Ақылды Үкі".

  1. «Бір сөзбен не дейміз?» ойыны.

-Аю. қасқыр, түлкі. қоян...... (Жабайы аңдар)
- Қарағай, емен, аққайың, шырша..... ( Ағаштар)
- Торғай, шымшық, кептер, қарға....(Қыстап қалатын құстар)
- Үйрек, қаз, тауық.... (Үй құстары)
- Бәйшешек, түймедағы, қызғалдақ, раушан... (Гүлдер)
-Алабұға, бекіре, шортан, сазан.... (Балықтар)
-Кемпірқосақ, жаңбыр, қар....(Табиғат құбылыстары)
- Алма,алмұрт, өрік..(Шие)
- Қызанақ, қияр, ормжапырақ... (Көкөністер)
- Бүлдірген, қарақат, итмұрын...(Жидектер)
-Қой,сиыр,ешкі....(Үй жануарлары)
Күрек, тырма, балға, шеге...( Құрал саймандар)
Жарайсыңдар, бұл тапсырманы өте жақсы орындадыңдар, сендер бір әріпті
жеңіп алдыңдар.

  1. « Математика сабағына арналады»

Алты қонжық орманға
Бара жатты қорбаңдап.
Олардың біреуі шаршады,
Әрі қарай бармады.
Жауабын тез айтыңдар,
Қанша қонжық кетті алда?

Сөмкеңді ашып қарашы,


Барлық затты санашы:
Қалам, дәптер, өшіргіш,
Қарындаш пен сызғыш.
Және үйретер әріпке
Жақын досың-Әліппе.

Үйге кірді Алдияр,


Оған қоса Мадияр,
Кейін келді Айдана,
Қанша болды бар бала?

Тал басында тізіліп,


Он жапырақ тұр еді.
Жел соқты да үзіліп,
Ұшып кетті екеуі.
Ізінше оның жұлынып,
Түсті тағы бесеуі
Тұр әлі де ілініп
Жапырақтың нешеуі.
Жарайсыңдар, міне, сендерге тағы бір әріп.

  1. «Доппен ойын»

  • Қазір қай мезгіл?

  • Көктемнің бірінші айын ата?

  • Көктемнен кейінгі мезгіл?

  • Сендер неше жыл мезгілін білесіңдер?

  • Жаз айларын ата.

  • Қыстың алдында қай мезгіл болды?

  • Қай мезгілде тамшылар болады?

  • Қай мезгілде жапырақтар жауады?

  • Қайсысы ұзын: апта ма, ай ма?

  • Апта күндерін атаңдар.

  • Сол жағыңда кім бар?

  • Оң жағыңда ше?

  • Қарындаш сөзі неше буыннан тұрады?

Осы тапсырманы орындағандарың үшін тағы бір әріп.

  1. « Қарама –қарсы сөздер»ойыны (Үлкен-... ; жуан-.....; кең-.ұзын)

  2. « Сөз калейдоскопы» (Берілген калейдоскаптағы әріптерден сөз құрау;)



  1. «Тура және кері санау, үйшікті толтыр, көршісін табу».

  2. «Жалғасын тап» ойыны

  3. « Бұл қай аң?»

  4. « Блиц сұрақтар. Қазақстан туралы»

  5. « Тізбектеп оқу» (берілген мәтінді тізбек бойынша оқу;)

  6. «үйшікті толтыр» (жазбаша жұмыс)

  7. « көршісін табу». (Жазбаша жұмыс)



Сабақты қорыту. – «Мен не үйрендім?» сұрақ қою арқылы алған білімдерін бекіту. Мадақтау, қорыту.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет