Философия негізіндегі тәрбие


Дайын мазмұны мен ережелері бар ойындардың сипаттамасы



бет15/20
Дата13.01.2022
өлшемі83,71 Kb.
#111650
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20
Байланысты:
2 аралық бақылау

15.Дайын мазмұны мен ережелері бар ойындардың сипаттамасы.

Ойын ұйымдастыруда балаларға жетекші бола отырып, ойнай білуге,ойын ережесін сақтауға, әрі оларды ойната отырып ойлануға бағыттайды, заттың атын немесе қасиетін есінде сақтап қалуға жол ашады, ойынға қызықтыра отырып зейінін, қиялын дамытады. Заттармен ойналатын ойындар: «Ғажайып қапшық», «Қай ағаштың жапырағы?» т.б.

Үстел үсті ойындарды ұйымдастыруда домино, лото, суреттер қолданады. Мысалы: «Суретті құрастыр», «Қандай затқа ұқсайды», «Бір сөзбен ата», «4-не артық?» т.б.

Ойындарды қарапайым математикалық ұғымды қалыптастыру сабағында пайдалану балалардың алған білімін күнделікті өмірімен ұштастыруға қолайлы. Ойын сабақтың мазмұнын байыта балалардың қиялдарын қозғап, зейіндерін кеңейте түседі. «Санамақ», «Он саусақ» өлеңдерін жаттатып, мазмұнын түсіндіру арқылы балалардың тілін ұстартып, логикалық ой – жүйелерін қалыптастыруға болады. Балалардың белсенділігін арттыра түсу мақсатында әрбір сабақты түрлендіріп өткізу орынды.

Ойындарды үнемі пайдалану арқылы балалардың ауызша есептеуге жаттығуына логикалық ой-жүйелерін жетілдіруге, түсінуге толық мүмкіншілік бар. Олардың қатарына халық ойындарын жатқызуға болады. Атап айтқанда, «Қай қолымда?», «Қанша тұяқ?», «Неше жапырақ?» т.б.

Ойын баланың алдынан өмірдің есігін ашып, оның шығармашылық қабілетін оятып, бүкіл өміріне ұштаса береді. Сонымен қатар, ойын – тынысы кең, ойдан-ойға жетелейтін қиялымен қанат бітіретін осындай ғажайып нәрсе ақыл-ой жетекшісі, денсаулық кепілі, өмір тынысы.

Балалардың ой-өрісін дамытатын «Санамақ» ойыны. Оның басты ерекшелігі баланың ойлау қабілетін жетілдіру. Атау ұйқастарын санау арқылы бала сан үйренеді, санға аты ұйқас заттарды танып біледі.
Бір дегенім – білеу,

Екі дегенім – егеу,

Үш дегенім – үкі,

Төрт дегенім – төсек, т.б.


Балалардың ой белсенділігін, саналы ойлана білуін дамыту, жетілдіру – тәрбиешінің негізі міндеті. Ойын баланың ойлау қабілеті мен сөздік қорын дамытуға, дағды мен шеберлікті меңгеруге, қиындықты жеңуге, төзімділікке баулиды.

Балалардың ойлау қабілетін дамытуға сөзжұмбақ, ребус, «Ұйқасын тап» ойындарының әсері мол. Мысалы, «Ұйқасын тап» ойыны арқылы баланың білсем деген ұтымы артып, қызығып, белсенділігі танылады.

1. Өзінше ноян,

Қорқақ кім? (қоян)

2. Тұмсығымен шымшып,

Құрт тереді … (шымшық)

3. Бата алмас түлкі,

Үсті тікен …. (кірпі)

4. Өңеші кең таңдайын,

Дәнге тосты … (комбайын)


Қазақтың ұлттық ойындарын қолдану. Мысалы, «Сақина салу», «Ақсүйек» т.б. Ребустар шешудің баланың ой ұшқырлығын дамытуға әсері мол. Баланы ұшқыр ойға, тапқырлыққа жетелейтін жұмбақтарды әр сабақ сайын жүйелі пайдалану керек. Сабақта балаларға жұмбақтарды жатқа айтқызудың өзі тілін жаттықтырады.

Қызығушылықты туғызу үшін ойын түрлерін пайдаланудың орны бөлек. Тиімді қолданылатын ойын түрлері тәрбиешінің түсіндіріп отырған материалын балалардың зор ынтамен тыңдап, берік меңгеруіне көмектеседі. Ойын – балалар әрекетінің негізгі түрі, сондықтан ол бала өмірінде тәрбие мен білім берудің шешуші шарты болып табылады. Бала өзін қоршаған ортаны, адамдар арасындағы қарым – қатынасты білуі мен сезінуі ойын негізінде жүзеге асады.

1. Ойынның мақсаты нақты қойылып, керекті көрнекіліктер мен материалдар күнілгері дайындалып, оңтайлы жерге қойылуы керек.

2. Ойынға кірісер алдында оның жүргізілу тәртібі балаларға әбден түсіндірілгені жөн.

Ойынға топтағы балалардың түгел қатысуын қамтамасыз ету керек.
Ойынның барысында тәрбиеші балалардың түгел қатысуын қадағалаумен қатар, олардың ойын үстінде шешім қабылдай білуіне, ойлана білуіне жетелеуі керек.

Ойын түрлерінің ұйымдастырылған тақырыбы мен мазмұнына неғұрлым сәйкес алынса оның танымдық, тәрбиелік маңызы да арта түседі. Оны тиімді пайдалану сабақтың әсерлігін, тартымдылығын күшейтеді, балалардың сабаққа ынтасы мен қызығушылығын арттырады.

Ғұлама ғалым ағартушы Ахмет Байтұрсынов: «Басқадан кем болмас үшін біз білімді, бай һам күшті болуымыз керек. Күшті болуға бірлік керек. Осы керектердің жолында жұмыс істеу керек» деген екен. Білім беру ісіндегі бүгінгі күннің өзекті мәселесі ел ертеңін ойлайтын білімді де, білікті зейінді дезерделі ұрпақ тәрбиелеу. Балаларды мейірімділікке, әділеттілікке, әдептілікке тәрбиелеу.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет