ЕлизаветаИвановна Тихеева (1867—1943) мектепке дейінгі тәрбие проблемасымен 1907 жылдан бастап айналыса бастады. Ол 1913—1917 жылдары мектепке дейінгі тәрбиеге жәрдемдесетін Петербург коғамының балалар бақшасын және сол ко-ғамның мектеп комиссиясын басқарды. Е. И. Тихеева К. Д. Ушинскийдің жолын қуушы және оның идеяларын насихаттаушы болды, балаларды мектепке даярлауға, балалар бақшасымен бастауыш мектеп программа-ларының үйлесімділіғіне жәые сабақтастығына ерекше көңіл бөлді.
Өз еңбектерінде («Ана тілі және оны дамыту жолдары», «Қазіргі балалар бақшасы, оның маңызы және жабдықталуы» «Римдегі балалар үйлері, олардың теориясы мен практикасы» және т. б.) ол өзінің мектепке дейінгі тәрбие теориясын дамытты, сонымен қатар М. Монтессоридің жүйесін мықтап сынға алды. Е. И. Тихеева балалар үйлеріндегіге қарағанда, балалар бакшасындағы атмосфера кеңілді болуға тиіс, бұл ойындарды, жандандыра сөйлеуді және жұмыстың коллективтік түрлерін кең пайдаланған жағдайда мүмкін болады деп есептеді.
Еркін тәрбие теориясын жақтаушыларға қарама-қарсы ол былай дел пайымдады: баланың өсіп жетілуінде жоспарға сәйкес ұйымдастырылған іс-әрекеттер жетекші орын алады; білім-тәрбие беру жұмысына, оның мазмұы мен формаларын жалпы түрде анықтай және тәрбиешіні егжей- тегжейлі шектелмейтін перспективамен қаруландыра отырып, бағыт берерліктей бағдарламаны пайдалану қажеттігін көздеді. Е. И. Тихеева тәрбиешінің жеке басына жоғары талаптар қойды. Ол балалар бақшаларында тәрбиеленушілер күн сайын таңертең ыстық тамақ ішуге, әрбір балалар бақшасының өз кішкене бағы немесе ауласы болуға тиіс деп есептеді.
Сезім органдарының дамуы үшін Е. И. Тихеева жасаған дидактикалық материалдар жүйесі, балаларға ақыл-ой, адамгершілік, эстетикалық тәрбие беру жөніндегі ұсыныстары қазіргі заманғы балалар бақшалары-нық жұмысында да пайдаланылуда. Ол тіл дамыту методикасын талдау жасауға көбірек үлес косты. Оның тіл дамыту жөнінде ұсынған көрнекі материалы мен кұралдары қазірде де мектепке дейінгі жастағы балалармен жұмыста пайдаланылуда.