4. Студенттердің өздік жұмыстары.
1. ЭТНОПЕДАГОГИКА ПӘНІ БОЙЫНША НЕГІЗГІ ТҮСІНІКТЕР (ГЛОССАРИЙ)
Бөбек – баланың туған күнінен бастап бір жасқа дейінгі кезеңі.
Бөбекжай – 2-3 айлық нәрестеден 3 жасқа дейінгі балаларды тәрбиелейтін мектепке дейінгі мекеме.
Жеке тәрбие – тәрбие жұмысын ұйымдастурыдың бір түрі. Бұл кезде балабақшадағы оқу-тәрбие жұмысында әрбір баламен жеке педагогикалық өзара қарым-қатынас жүзеге асырылады. Ол баланың өзіндік ерешелігі мен өмір жағдайына негізделеді.
Жетекші – белгілі ұйымды басқаратын адам; белгілі бір ұйым жұмысын ұйымдастырушы.