|
Г. Песталоццидің кішкентай балаларға арналған мектебі
|
бет | 6/25 | Дата | 06.02.2022 | өлшемі | 253,5 Kb. | | #57460 |
| Г. Песталоццидің кішкентай балаларға арналған мектебі.Мектепке дейінгі тәрбие теориясын дамытуға Швейцарияның аса көрнекті педагог-демократы Генрих Песталоцци (1746—1827) үлкен үлес қосты. Ол феодалдық қоғамдық қатынастардық қирау және капитализмге көшу дәуірінде ө©мір сүрді, халықтың қатты қайыршылануын және бұрынғы моральдық нормалардың ыдырауын көзімен көрді. Халықтың жағдайы жақсаруын армандай отырып, Песталоцци бұған дұрыс тәрбие-леу және жалпыға бірдей білім беру нәтижесінде кол жетуі мүмкін деп есептеді. Оның көзқарасының утопиялылығы: білім берудің өзі халық бұқарасының жақсы өмір сүруіне кепілдік береді деген бұлдыр сенімінде болды.
Әрбір балаға әуел бастан оның бойына дамуға бейім келетін қасиеттер-дің нышаны тән деп есептеді Песталоцци. Табиғи дарындылық принципі» басшылыққа ала отырып, ол педагогтан балалардың жас мүмкіндіктері-мен және ерекшсліктерімен санасуды талап етті. Песталоцци оқыту про-цесін бадалардың психологиялық даму заңдылықтарын есепке ала отырып кұруға тырысушылардың бірі болды. Баланың қабылдау ерекшеліктерін есепке ала отырып, ол оқыту процесінде бөлшектерден бүтінге, жақыннан алысқа, қарапайымнан күрделіге бірте-бірте көшуді, соның әзінде үздік-сіздік пен дәйектілікті сақтауды ұсынды.
Песталоцци тәрбие жүйесінің алдына барлық балалардың дене, еңбек» адамгершілік, ақыл-ой жағынан үйлесімді даму міндетін қойды. Ол бала үшін неғұрлым тәң табиғи қозғалыстарға негізделген «элементарлық гимнастика» жүйесін ұсынды, «іскерлік әліппесі» деген қызықты идеяны -алға тартты, одан әрі ол, «индустриялық гимнастика» болып дамуы тиіс «ді. Бұл гимнастика, оның пікірі бойынша, балаларды еңбек іс-әрекетіне, оның ішінде өндірісте еңбек етуге даярлайды.
Песталоцци жүйесінде адамгершілік тәрбиесі, айналадағы адамдарға сүйіспеншілікпен қарау сезімін дамыту жетекші орын алады. Адамгерші-лік тәрбиесінің құралдары, біріншіден, айналадағы ең жақын ортадан балалардың алған мейірбандық, сүйіспеншілік көзқарасын адамдардың, құбылыстардың, заттардың неғұрлым кең шеңберіне және, екіншіден.пе-дагогтардың көмегімен жинақталған балалардың жеке өздерінің тәжіри-бесін (бір кылықтан баланың ©з бетінше безінуі және басқалардың мүдде-сі үшін бірдеңені кұрбан етуі, қандай да болсын күш жұмсауы т. б.) тарату болып табылады. Адамгершілік сипатындағы қылықтарында жаттығудың осы тәрізді тәжірибе жасау негізінде бала жеке басының мүддесінен өз еркімен бас тартуға үйренеді, басқаларға кемектестім деген сана-сезімнен ләззат алады.
Ақыл-ой тәрбиесі саласында Песталоццидың педагогика тарихындағы мәнін анықтап берген оның маңызды екі қағидасы бар. Біріншісі, оқыту лроцесінде көрнекілікті барынша кеқ қолдану қажеттігін дәлелдеу және насихаттау болды. Песталоцци танымның басталар соті сезімдік қабылдау деп есептеді және балалардың бойында бақылау мәдениетін қалыптасты-ру қажеттігін талап етті. Сан, форма, сөз (аты) барлық заттар үшін тән және ең қарапайым элементтер болып табылады, сондықтан баланы ең әуелі санауға, ©лшеуге және сөйлеуге үйрету керек болады. Песталоцци балаларға ана тілін, есепті және өдщемді ең алғаш оқыту методикасын талдап жасады, кез келген шаруа әйел оны әз балаларымен сабақ өткізу-де пайдалана алатындай етіп оңайлатты. Оның ұсынған дидактикалық материалдары кейіннен кең таралды.
Песталоццидің өзге бір қағидасы дамыта отырып оқыту туралы идея болды, яғни оку процесінің құрылымы мынадай болуға тиіс: тек мәлімет-тердің жинақталуына апарып қана қоймай, сонымен бірге балалар қабі-летінің дамуына да апарады, оларды болашақта ездігінен қызмет етуге даярлайды. Бұл идея орасан жемісті болып шықты және көптеген педагог-тардың еңбегінде онан әрі дамытыла түсті.
Песталоцци басты да таңдаулы тәрбиеші ана деп есептеді. Семьялық бастапқы тәрбиеге орасан зор маңыз бере келіп, оның дұрыс бағыт алуына қамқорлық ете отырып, ол «Аналар кітабі, немесе Балаларды бақылауға және сөйлеуге қалай үйрету жөнінде аналарға арналған басшылық» атты •арнаулы кұралды құрастыруға белсенді қатысты. Кітап материалдары ба-ланың қоршаған орта жөніндегі түсінігін кеңейту және тәртіпке келтіру жағынан анаға кемек көрсетуге тиіс болды.
Песталоццидің қоғамдық-саяси кәзқарастарының бүкіл тар шеңберлігі және утопиялығы бола тұрса да оның халыққа деген асқан сүйіспеншілігі, ағартушылық қызметі және оның ұсынған идеялары дүние жүзілік педа-гогикалық ой-пікірдің дамуына үлкен әсер етті.
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|