9- тақырып. (2сағ)Ресеидегі балабақшалардың қалыптасу тарихы.
1. 1871 жылғы алғашқы балабақшасының ашылуы.
2.Фребельдік балабақшалардың ашылуы.
3. Я.М.Симонович пен А.С.Симоновичтердің балабақша ашуы.
Россияда алғашқы балалар бақшалары жеке адамдардың, қайырымдылардың және филантропиялық қоғамдардың, кейбір озық земстволардың инициативасы бойынша XIX ғасырдың 60-жылдарында пайда болды. Олар аз еді, бірен-саран ғана болмаса олардың бәріне ақы төленетін болды. Оларды ұйымдастыруға мемлекет қатыспады. Жеке меншіктегі балалар бақшала-рының төлемі өте жоғары болды, онда балалардың болу ұзақтығы әдетте 4 сағаттан аспады, сондықтан олардың игілігімен тек ауқатты ата-аналар ғана пайдалана алды. Тәрбие жұмысының бағыты және қызметкерлерді іріктеп алу .балалар бақшаларын ұстаушы адамдарға бүтіндей тәуелді болды.
Халықтың төменгі жіктерінің балалары үшін алғаш тегін, халықтық деп аталатын, балалар бақшасы 1866 жылы Петербургте қайырымдылар-дың «Арзан пәтерлер қоғамы» жанынан ашылды. Мектепке дейінгі баска мекемелердегі сияқты, мұнда да сабақ Фребель жүйесі бойынша жүргізілді.
Бірнеше балалар бақшалары да пайда болды, оларда орыстың аса көрнекті ғалымдары мен педагогтарының айткан белді пікірлері негізінде мектепке дейінгі тәрбиенің жаңа жолдарын іздестіру жүргізілді. Мысалы, XIX ғасырдың 60-жылдарында-ак Петербургте ерлі-зайыпты Я. М. мен А. С. Симоновичтердің балалар бақшасында үлкен эксперименттік жұмыс жүргізілді.
Бүтіндей алғанда Россияда мектепке дейінгі мекемелердің дамуы баяу болды. Мектепке дейінгі тәрбиеге мемлекеттің бөлген қаржысы жоққа тән еді. Россия империясының 1913 жылға арналған мемлекеттік бюджетінде «Мектепке дейінгі балалармен жұмыс жүргізу» статьясы бойынша мек-тепке дейінгі бір балаға орта есеппен жылына 1 тиын мөлшерінде ақша жұмсау көзделді. 1917 жылдың октябріне карай елде ірі калаларда орна-ласқан не бары 280-дей балалар бакшасы болды, соның 250-і ақылы еді.
Революцияға дейінгі Россияда мектепке дейінгі мекемелердің мұндай жағдайы толық заңды да еді. Олардың алдына халық бұқарасының балд1-ларын торбиелеуді ұйымдастыру міндеті де қойылмады. Үкімет балалар бақшаларына буржуазиялық семья тәрбиесіне көмекке арналған немесе жетімдерге көз қырын салатын мекемелер деп қана карады.
Россияда мектепке дейінгі тәрбие педагогтардың ынта-жігері арқасында ғана өмір сүріп, дамып отырды, ондай педагогтардың қатарынан А. С. Симоновичті, Е. Н. Водовозованы, Л. К. Шлегерді, Е. И. Тихееваны бөліп айту керек.
Швейцариядағы балалар бақшаларының жұмысымен алдын ала танысқан, XIX ғасырдың 60-жылдарда-ғы қоғамдык-педагогикалық қозғалыстың көрнекті қайраткері Аделаида Семеновна Симонович (1840—1933) 1866 жылы ерімен бірлесіп Пе-тербургте интеллигенция балаларына арналған ақылы балалар бақшасын ашты және Россияда мектепке дейінгі тәрбие жөнінде «Балалар бақшасы» деген тұңғыш журнал шығара бастады. Балалардың ерекшеліктерін зерт-тей отырып, ол Фребель жүйесі бойынша баланы дұрыс тәрбиелеу мүмкін емес екендігіне көзі жетті де К. Д. Ушинский ұсынған халықтық тәрбие идеясын қолдана бастады.
А. С. Симонович былай деп есептеді: 3 жасқа дейінгі балалар анасы-ның белсене қатысуымен семьяда тәрбие алуға тиіс, ал 3-тен 8 жасқа де-йінгі тәрбиелеуде семьяға бала бақшасы көмектесуі қажет.
Балалар бақшасына «семья мен мектеп арасын байланыстырушы зве-но» ретінде карай отырып ол, балалар бақшасы балаларды мектепте оқуға даярлауға тиіс, деп жорамалдады. Оның пікірі бойынша, балалар бақшасындағы оқу ойындық сипатта болуға тиіс. Мектепке дейінгі жоға-ры жаста жай арнаулы класта неғұрлым жүйелі даярлау енгізіледі. Ойын ойнап жүріп, бала бір мезетте орнықтылыққа дағдыланадьі, әліппемең, жазумен, санаумен танысады. Жай кластағы оқу мектептегі сабақ балаға қуаныш беретіндей етіп құрылуға тиіс.
Балалар бақшасы жұмысының табысты болуы көбіне-көп тәрбиешінің жеке басына байланысты, ал А. С. Симонович оған зор талаптар қойды. Оның айтуына қарағанда, «балалар баулаушысы» білімді, ширақ, сергек, көңілді, қатаң, бірақ кекшіл емес, талап қойғыш, бірақ қазымыр емес болуға тиіс. Ол балалардық табиғатын тани білуі тиіс. А. С. Симоновичтің пікірі бойынша, балалар бақшасының сипаты мен бағыты баулаушы-ның ақыл-ой және адамгершілік жағынан даму дәрежесіне байланысты,
А. С. Симоновичтің қызметі орыстың мектепке дейінгі педагогикасын дамытуға дұрыс әсер етті.
Достарыңызбен бөлісу: |