Мақсаты: Тәрбиешінің адам өміріндегі маңызын, жауапкершілігін сезіну, жеке басына қойылатын талаптарды орындауға дағдыланну және теориялық мәліметтерді тәжірибеде қолдана білуге үйрету.
Ұстаз тұлғасына, тәрбиешілерге, тәлімгерлерге қойылатын талаптар тіпті Ежелгі Греция, Ежелгі Мысыр, Ежелгі Рим философтары Демокрит,Аристотель, Сократ, Марк Фабии Квинтилиан т.б еңбектері мен идеяларында көрініс табады.
Тәрбиешілердің моральдық- психологиялық, этикалық сапалары туралы ойлар шығыс философы Әбу-Насыр әл-Фараби еңбектеріндегі айырықша көңіл аударылған мәселелерінің бірі болған. Ол тәрбиелеуші бойында шыншылдық, шәкірттеріне де, өзіне де талап қоя алушылық, ықыластылық, қаталдық, күш- жігер және педагогикалық такт сияқты қасиеттердің сақталуын қажет деп санаған. Әл-Фараби ұстаздық мінез құлық нормасы қалай болуы жайлы былай дкп жазады: «... ол тым қатал да болмауы тиіс, тым ырыққа да жығылы бармеуі керек, өйткені тым қаталдық шәкіртті өзінің ұстазына қарсы қояды, ал тым ырыққа көне беру – ұстаздың қадірін кетіреді. Оның берген тәлімі мен ғылымға шәкіртті селқос қарайтын болады».
Тәрбиеші тұлғасының маңыздылығын анықтай келе К.Д.Ушинский: «Тәрбиешінің жеке басының жас жанға ететін ықпалы оқулықтармен де, жақсы әдет- ғұрыпты құлаққа сіңіретін уағызбен де, жазалау және мадақтау жүйесімен де ауыстыруға көнбейтін тәрбиелеушілік күшке ие»,-деп атап өткен.
Жаңашыл педагог Ш.А. Амонашвили тәрбиешіге төмендегідей талап қояды: педагог-тәрбиеші әріптестеріне мейірімді, жылы шырайлы, ықыласты болуы керек, әріптестерімен қарым-қатынас жасаудың әдебін, дауыс сарынын, жылы үнін игеpyi керек, әріптестерінің табысына қызғанышпен, күншілдікпен қарауға құқы жок, әріптестерімен өз тәжірибесін бөлісуге міндетті, әріптестерінен үйренуге ұялмауы керек, әрәптестеріне жоғарыдан менсінбей қарауға құқы жоқ, әрәптестерінің ар-намысын, атақ-даңқын сақтауы керек, балаға байланысты отбасы құпиясының бәрін білуі керек, 6ipaқ оны ешкімге шашпауы тиіс.
Педагог қызметінің ерекшелігі оның балаларды белгілі бір тәртіптің ережелеріне үйрету ғана емес, сонымен қатар өзінің бүкіл рухани дүниесі, педагогикалық қызметінің шеберлігі арқылы нағыз адамдық өмір сүрудің үлгі- өнегесін көрсету, сондай-ақ жас буынды қоғам тұрмысының қарапайым ережелеріне үйрету де қажетті іс.
М.И.Калинин айтқандай, кез келген адам тәрбиелеуші бола алмайды. Бұдан педагогикалық дарынды адамдарды тәрбиелеп, қалыптастыру қажеттігі шығады. Ал бұл жұмысты ойдағыдай іске асыру үшін, студентерді мектепке дейінгі педагог мамандығын жан- тәнімен сүюге, балалардың психологиялық ерекшеліктерін айырып, соларға сәйкес жұмыс істеуге үйреті қажет. Мұнсыз бүгінгі талапқа сәйкес келетін тәрбиеші даярлап шығаруға болмайды.
Ғұлама педагогтар мен жаңашыл педагогтардың айтқан тағылымдарын саралай келе қазіргі білімдарлық технологияда мектепке дейінгі тәрбиешінің педагогикалық шеберлік бейнесін анықтауға болады: мектепке дейінгі тәрбиелеу мен білім беру мазмұнын, әдіс-тәсілдерін жетік білуі; балалардың оқу-тәрбие жұмыстарын дұрыс ұйымдастыра бiлyi және баланың ic-әрекетән дұрыс бағалай білуі; тәжірибелік білім-білік дағдыларды калыптастыра білуі; кәсіби біліктілікті жетілдіре білу қабілеттілігі; балалармен дұрыс қарым-қатынас орнықтыра біліуі; ата-аналармен тіл табыса білyi; сөйлеу мәдениеттілігі; өзінің эмоциялық көңіл-күйін басқара алуы; балалардың қызығушылығын туғыза біліyi; балалардың өздігінен дербес ерекет ету дағдыларын қалыптастыра білуі; жеке-дара окытудың әдіс-тәсілдерін пайдалана алуы; жана технологияларды пайдалана білуі; қaзipгi іс-тәжірибелерді пайдалана білуі; білім 6epyдегi дамыту бағыттарын айқындай бiлуi; мінез-құлық және пайымдау мүмкіндіктері; педагогикалық талаптарды орындай білуі; шыдамдылық және төзімділік; табан астындағы тосын ic-әрекетке әдіс-тәсіл қолдана білуі; кез келген жағдайда қарым-қатынас жасай алуы; балалардың қызығушылығына қарай әрекет ете білу дағдысы.
Сонымен қатар қазіргі білімдарлық технологияда мектепке дейінгі балабақша тәрбиешінің міндеттері де анықталып отыр: тәрбиеші болатын адам өзінің мінезін, жүріс-тұрысын дұрыстап, балалар ic-әрекетін дұрыс ұйымдастыра білуі керек, арнаулы білім, білік пен іскерлік-дағдыны меңгеpyi керек, жұмысты ұйымдастыра білетін, тиісті жерде қатал талап қоя алатын болуы, тәрбиешінің әp6ip қимылы, жүріс-тұрысының өзі балаларға өнеге, тәлім-тәрбие берерліктей болуы тиіс.
Тәрбиешінің жеке басының үлгісі - жас ұрпақ тәрбиесінде ең әсерлі әдістерінің 6ipi, өйткені балалар тәрбиешіге барлық жағынан еліктейді. Сол себептен де ол үнемі жинақы, таза, ұкыпты жүріп, сөйлеген сөзі мәнді, ойлы, әдемі, салмақты келіп, асықпай, байыппен сөйлеуі керек. Бала еліктегіш болғандықтан жақсыны да, жаманды да тез кабылдайды.
Тәрбиеші қызметтің маңызды ерекшелігі оның тәртіп пен принциптіліктің нормаларын жас ұрпақты тәрбиелеу және оларға білім беру процесінде тиімді қолдана білуінде. Ертедегі педагогтардың «Мұғалімге қатаң болған жақсы, мейірімді болған одан да жақсы, әділ болған тіпті жақсы»-деулері өте орынды. Тәрбиешінің рухани қасиеттерінің ішінде ең негізгі орын алатыны оның педагогикалық білімінің көлемділігі мен тереңдігі болып есертеледі. Қазіргі кезеңде ғылым мен техниканың адамзат ойының дамуында бұдан бұрын болып көрмеген қарқынмен алға басуы тәрбиешіден жан-жақты білімділік пен жоғары мәдениеттілігі талап етеді. Бұл талап орындалмаған жағдайда тәрбиеші қазіргі балабақша алдында тұрған өте күрделі міндеттерді ойдағыдай шеше алмайды.
Тәрбиеші ұстаздың қоғамда орны маңызы зор. Олай болатын себебі тәрбиеші ұстаздың еңбегі жауапты әрі күрделі, өйткені ол жас ұрпақтың болашақ тағдыры үшін, өзін жауапты сезінеді. Оның тәртібі білімі, қоғамнан алатын орны, адамгершілігі. Белсенділігі, іскерлігі үшін күресетін оның түрлеріне жол тауып, жан дүниесінің таза қоғам үшін жан тәнмен еңбек етуге құштарлығын оятатын білімге деген ішкі қажеттігін оята отырып, баланы білімге ұмтылдырып, талаптандыратын тәрбиеші – ұстаз. Оны осы қасиеттері үшін « адам жанының инжинері» деп Сухомлинский айтқан. Қоғам тәрбиеші ұстазға жас ұрпақты сеніп тапсырып, оларға ықпал жасап тәрбиелеуді, дүниеге көзқарастын дамытып қалыптастыруда сенім артады. Мұндай орасан зор сенім тәрбиеші ұстаздарға қоғам алдында ұлы жауапкершілік жүктейді.
Мектепке дейінгі мекемеде өз өмірінің алғашқы 6 жыл бойы болады. Сол кезде ол үшін тәрбиеші сөзсіз өнеге, әрі бедел болып табылады. Сондықтан да педагогтың өз басына қойылатын талаптар өте жоғары. Тәрбиешінің балаға ықпалы күнделікті өмірде, оқу сағатарында, бірлескен еңбек әрекетінде қарым – қатынаста жүзеге асады. Ол әрбір баланың мұқият зерттеп, оның өзіндік ерешеліктерін білуге балалардың бәріне бірдей объективті қарауға, педагогикалық әдептілікті көрсетуге балалардың мінез – құлқы мен іс - әрекет нәтижелерімен әділ бағалауға, дер кезінде көмек көрсетуге, отбасындағы өміріне зер салып отыруға тиіс. Тек сонда ғана педагог баланың жеке басына мақсатты түрде ықпал жасай алады. Тәрбиеші қызметінің ойдағыдай болу сөзсіз шарты оның балаларға деген ақылға қонымды, талапкершілікпен ұштасқан сүйіспеншілігі болып табылады.
Тәрбиеші қызметінің табысты болуы, оның тәрбие жұмысының мақсаттары мен міндеттерін жете түсінуіне байланысты.
Қазақтың алғаш қоғам қайраткері, әйелдер арасынан тұңғыш рет балаларды жұмыс кезінде қоғамдық ортада тәрбиелеу үшін балабақшалар ұйымдастыруға зор мән берген Нәзипа Құлжанова, тәрбиешінің ұстаздық бейнесін педагогикалық кәсіби мамандықтың негізі саналатын адамгершілік қасиеті жоғары санаған. Бұл жағынан алғанда Нәзипа Құлжанова бала тәрбиешісіне жеке тұлға ретінде өте жоғары талап қоя білді. Н.Құлжанова : «тәрбиеші бүгінгі заман талабына сай өзінің педагогтық мамандықтың кілтін шебер ұстаған, жан – жақты терең білімді, сегіз қырлы бір сырлы ашық жанды, жайдары жүретін, ажарлы, қайратты, инновацияшыл, қатал талап қойып, оның нәтижесін тексере білетін, кекшіл емес, тапқыр еңбекқор болу керек және белсенділігі өте жоғары дамыған болу қажет». Қарым – қатынас кезінде әр баланың жан дүниесін сезе білетін кемшіліктерін түзетіп, жетістіктерін дамытатындай болғаны дұрыс деп жазды. Н.Құлжанованың ойынша, мектеп жасына дейінгі баланы оқытып тәрбиелеу ісінде тәрбиеші ата – анадан кейінгі үлгі боларлық негізгі тұлға. Сәбилер үшін балабақшада басты кейіпкер. Мектеп жасына дейінгі балаларда еліктегіштік қабілет өте жоғары болғандықтан, олар өз тәрбиешісіне ұқсағысы келеді де, сөйлеген сөзін, істеген ісін, әрекетін, айналасындағылармен қарым – қатынасын түгелдей қайталап айнытпай салады.
Ұлы ғұлама ғалым Әбу Насыр әл Фараби «Бақытқа жеу жайында» еңбегінде: «өмірді басқару өнерінің ізгілігі, адамдардың ізгіліктеріне байланысты әрекеттерді қолдану өнері және жеке дара өнері, бар, сондықтан халықтар мен қала тұрғындарын тәрбиелеуде қайырымды да, өнерлі адамдарды пайдалану туралы айта келіп, басқарушы адамдардың барлығын ұстаз, оқытушы ретінде бағалайды.
Алтынсарин: « маған жақсы мұғалім бәріненде қымбат, өйткені мұғалім мектептің жүрегі» деп атаған.
Ахмет Байтұрсынов өзінің «Мектеп керектері» еңбегінде былай деп жазды: « мұғалім қандай болса, мектеп хәм, сондай болмақшы. Яғни мұғалім білімді болса, ол мектептен балалар көбірек білім алып шықпашы».
Тәрбиеші деп арнайы дайындағы бар, педагогикалық іс - әрекетпен кәсіби айланысатын адам. Оның негізгі функциясы: оқыту, тәрбиелеу, дамыту, қалыптастыру процестерін басқару. Жалпы тәрбиешінің кәсіби даярлығының теориялық негіздерін ашып көрсететін зерттеулер жасаған. Олар: Амоношвили, Мухина, Люблинская, Баймұратова, Меңдаяқова, Сәттімбекова, Меңжанова, Жұмабекова және т.б. Болашақ тәрбиешілерді даярлау мәселесін қарастырып, кәсіби қабілетін анықтау бойынша жұмыстар жүргізген.
8- тақырып.(2сағ) Мектепке дейінгі тәрбиелеу бағдарламалары мен әдістемелік құралдары.
1. Бағдарлама- мектепке дейінгі балаларды оқыту- тәрбиелеу мақсат, міндеттерін, мазмұнын айқындайтын- негізгі құжат.
2. Мектепке дейінгі балаларды оқыту, тәрбиелеу бағдарламасының қалыптасу тарихы.
Мектепке дейінгі балабақшада білім-тәрбие жұмысын жоспарлау мектепке дейінгі педагогиканың маңызды шаралары Балалармен тәрбие жұмысын жоспарлауда мектепке дейінгі педагогикабаланың жеке басын тәрбиелеумен дамытудың негізгі заңдылықтарына сүйенеді. Тәрбие дамудың шешуші фактоы болып табылады. Тәрбие процесінде баланың білімдері, дағдылар мен іскерлікті, іс-әрекет тәсілдерін, адмгершілік нормалары мен ережелерін бағалай білуді игеру жүзегеасырылыдады. Тәрбие мазмұны оның мақсатына сай іріктеледі. Сол арқылы тәрбие бағарламалық сипатқа ие болады. Демек, оны жоспарлауға болады. Балаларға ықпал жасаған кезде тәрбиеші алуан түрлі әдіс-тәсілдерді пайдаланады. Оларды балаларды тәрбиелеу мен дамытудың, олардың жеке ерекшеліктерін жалпы заңдылықтарын білу негізінде жоспарлайды.
Педагогикалық жұмыстың жоспары белгілі бір уақыт ішінде балалармен жүргізілетін нақты міндеттерін, формалары мен міндеттерін айқындайды. Бұл педагогикалықпроцеске ұйымдасқан сипат береді. Тәрбиешінің жұмысын мақсатты әрі нәтижелі етеді. Баланы тәрбиелеуде ересектердің басшылық рөлін күшейтеді.
Педагогикалық жұмысты жоспарлаудың негізгі мақсаты балалар бақшасында тәрбие бағдарламасының әрбір жас топтарында орындалуын қамтамасыз ету.Бұ лмақЖоспарлау сатқа жету үшін бірқатар талаптарға жауап беруі керек.
Жоспарлау балаларға жүргізілетін бүкіл тәрбие жұмысының идеялық бағытталуын қамтамасыз ету керек. Тәрбиелеу мен оқытудың мазмұны баланың өмірді ұйымдастыру формалары педагогикалық ықпал жасау әдістері мен тәсілдері қоғамдық тәрбиенің баланың жан-жақты жарасымды дамытудың мақсаттары мен міндеттеріне сүйене отырып, сұрыпталады да жочспарда бейнеленеді.
Жоспарлау тұтас алғанда қандайда бір топтағы тәрбие процесін ұйымдастыруға көмектесетін болуы тиіс.
Жоспарда тәрбиелеу мен оқытудың мазмұны менәдістерін балалардың қол жетерлігін ескере отырып, олардың іс-әрекеттерін бірте-бірте күрделендірудікөздеу қажет.
Егер жоспар шынында нақты болса, оны басшылыққа алуға болады.
Тұтас алғанда мектепке дейінгі жәнеәрбір жас топтарының ж9мысын жоспарлаудың тікелей негіздері болып табылады. Оның мазмұны белгілі уақытқа арналған білім тәрбие жұмысының жоспарында одан әрі нақтылана түседі.Балалар бақшасында оқытудың негізгі формасы – оқу сағаттары болып табылады. Қандайда бір әдіс арқылы ұсынған оқу-сағаттарының жүйесі жоспарда нақты жайларды балалардың даму дәрежесі мен қарқынын ескере отырып белгіленеді. Сонымен жоспарда оқытудың мазмұны оны ұйымдастыру формалары негізгі әдістері мен тәсілдері бейнеленеді.
Мінез-құлық пен мәдени өмірлік дағдыларын тәрбиелеу жөніндегі жұмысты жоспарлау – жеке баланың адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру, балалармен жүргізілетін бүкіл тәрбие жұмысы процесінде :оқу сағаттарында, ойында жүзеге асырылады (адамгершілік тәрбиесі жеке жоспарланбйды).
Балалар ойынына басшылықты жоспарлау.
Балалар ойынына басшылықты толық жоспарлау тәрбиешілерден ойынды жақсы білуді сондай-ақ өз тобының балалары қандай кімнің-кіммен ойнағысы келетіні ойында балалалардың қаншалықты тәуелсіз екендігі қандай ойыншықтарды артық көретінін т.б. жөнінде хабардар болуды талап етеді. Ойын жастан жасқа қарай дамитынын білу керек.
Балалардың еңбек әрекетін жоспарлау.
Балалалар бақшасындағы мерекелерді жоспарлау. Ата-аналармен жұмысты жоспарлау. Балалар бақшасындағы білім-тәрбие жұмысын моспарлау бірін-бірі өзара толықтыратын міндетті 2 формада толықтырады.
1). Балалар бақшаның жылдық жоспарында.
2). Тәрбиеші жұмысының күнтізбелік жоспарында. Бұл 6-12 күнге арналған.
Достарыңызбен бөлісу: |