Вербальды қарым-қатынас - бір адамнан екінші адамға не болмаса бір топ адамдар арасындағы сөз арқылы ақпараттармен алмасу процессі.
Вербальсыз қарым-қатынас - мимика,ым-ишара,пантомима (дене қозғалысы,қол қимылдары) арқылы жасалатын сөзсіз қарым қатынас.
Гуманизм -адам тұлғасын ең жоғарғы құндылық ретінде қабылдауға негізделген көзқарастар жиынтығы;тұлғаның құқығы мен бостандығын қорғауға бағытталған жане тұлғаның жан-жақты үйлесімді дамуын қарастыратын ілім.Гуманизм-адамның өмірлік ұстанымы,ол адамның адами қасиеттерін сақтап қалуға,тек жағымды,жақсы істерге бағыттайды.
Даралылық - адамды басқа адамдардан ерекшеліндіріп тұратын айрықша қасиеттері,ешкімге ұқсамастығы,оның қайталанбастығы.