Философия пәнінен емтихан билетінің сұрақтары


Құндылықтар теориясының негіздері. Құндылық ұғымы



бет5/12
Дата15.11.2022
өлшемі96,31 Kb.
#158295
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
Философия

53.Құндылықтар теориясының негіздері. Құндылық ұғымы.
Жауап: Құндылық - бұл қандай да бір нәрсенің мәнділігі, маңыздылығы, қымбаттығы. Ол қашанда объективті болмысты және субъективті бағалауды білдіреді. Философияда аталған ұғым қоршаған дүниедегі объектілердің әлеуметтік ерекшеліктерін, олардың адам және қоғам үшін қоғамдық өмір мен табиғаттағы құбылыстардың дұрыс немесе бұрыс мәнін түсіндіру үшін қолданылады.
Кәсіби философияда құндылықтар туралы ілім аксиология деп аталады және өз бастауын ежелгі гректерден алады. Құндылық табиғатын философиялық тұрғыдан зерттейтін аксиология ілімі ХІХ ғ.аяғы мен ХХ ғ.басында философияның жалпы "құндылық мәселесіне" қатысты кейбір күрделі мәселелерін шешуге тырысқан әрекет ретінде дүниеге келді және солай бағаланды деп айтуға болады. Жалпы құндылық термині еуропалық рационалдық философия мен христиандық моральдың іргелі ұғымдарын теріске шығарған ХІХ ғасырдағы неміс философы Ф.Ницшенің атақты "Билікке деген ерік" атты трактатында құндылықтарды қайта бағалау қажеттігін афористік тұрғыда негіздегеннен кейін кеңінен қолданысқа түсті. Осылайша ол батыс еуропалық философияның негізгі тақырыптарының біріне айналып, танымның барлық салаларында пайдаланыла бастады деп айтуға болады. 
Құндылықтардың көптеген жүйесі мен жіктеу түрлері бар. Әрбір тарихи нақты құрылым өзіне тән құндылықтар жиынтығымен ерекшеленеді. Осыған сәйкес олардың мән-мазмұны, ауқымы, өзгешелігі әрқилы болып келеді.
Қорыта айтқанда, құндылықтар тарихи дамып, заман талабына сай өзгеріп отырады. Құндылықтың басты белгісі оның бойында адамға игі ықпал ететін қасиеттердің болуымен сипатталады.


54.Бар болып отырған және болуы тиіс. Адамгершілік ережелері және құқық ережелері.
Қоғам дамуы барысында адамгершлік ережелері мен құқықтық ережелер қалыптасқан. Адамгершілік ережелердің құқықтан мәнді айырмашылығы мынада: мораль – жазылмаған қағидалардың жиынтығы, сондықтан ол қоғамдық пікірмен реттеледі. Ал құқықтық ережелер мемлекеттегі жазылып, қабылданған заңдылықтар жүйесін құрайды, сондықтан ол мемлекеттің ықпалымен, билік органдарының араласуымен жүзеге асырылады.
Құқық мемлекеттің шығуымен бірге қалыптасты, онда қоғам мүшелерінің өздерін ұстау ережелері қарастырылып, қоғамдық өмір тәртібі орнатылды, оны бұзғандарға жаза тағайындалды. Қоғам мүшелері мемлекетті нығайту үшін, құқықтық құжаттарда бекітілген міндеттері бар (салық төлеу, Отан қорғау, заңды құрметтеу, табиғатты қорғау және т.б.). Құқықтың міндеті – тәртіпті бекіту, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамассыз ету, ал мемлекеттің міндеті – осы құқықтар мен бостандықтарды қорғау.
Құқық моральдан кейін қалыптасқан. Құқық – нақты тұжырымдалады және оны қолданудың реттіліктері айқын көрсетіледі. Сонымен қоса, құқық және адамгершілік нормалары өзара тығыз байланысты. Көптеген адамгершілік нормалары құқықтық актілерге негіз болған


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет