Оқушылардың өмір қауіпсіздігі Үйде қауіпсіздік сақтау тәртібі



бет1/2
Дата20.09.2023
өлшемі23,37 Kb.
#181720
  1   2
Байланысты:
Өмір қауіпсіздік 2023- 2024


Оқушылардың өмір қауіпсіздігі
ҮЙДЕ ҚАУІПСІЗДІК САҚТАУ ТӘРТІБІ
 Егер сен үйде жалғыз қалсаң, қауіпсіздік ережелерін сақтауды ұмытпа.
 Су қолмен электр құралдарына, розеткаға, тоқ қосқышқа жанасуға болмайды.
 Плитаның үстінде шәйнек, таба, кастрөл тұр. Оларды алу үшін қолғап не шүберек керек.


ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІ ЕРЕЖЕСІ
Егер өрт қатты жанып тұрса, онда сіздің негізгі мақсатыңыз тез үйден кету. 101-ге хабарласып өрт сөндірушілерді шақырту. Егер өрт қатты жанып тұрмаса да, бірақ үйдің іші қатты түтін болса, үйден тез кету керек. Түтін өрттен де қауіпті болады.


СУ ҚАУІПСІЗДІК
Суда шомылудың қауіпсіздік шаралары 
- Суға шомылатын жерді, жалпы жағдайды судың тазалығын, тереңдігін мұқият тексеріп алыңыз. 
- Тамақ ішкеннен кейін бірден шомылмаңыз. 
- Суға тек қана рұқсат етілген жерлер мен жағажайларда шомылыңыздар. 
- Өте ұзақ шомылмаңыз, өзіңізді шаршауға және тоңып қалтырауға дейін жеткізбеңіз. 
- Суға түскенде бір-біріңізді көзден таса қылмаңыз. 
- Қоршау белгілерінен, буйлардан тысқары аумаққа шықпаңыз. 
- Техникалык ескерту белгілерінің, буйлардың және басқалардың үстіне шығушы болмаңыздар


ЖОЛДА ЖУРУ ҚАУІПСІЗДІК
1. Жолдан жаяу жүргіншілерге арналған жерден өт
2. Жолдан өтерде алдымен солға ал бөлгіш жолақтан кейін оңға қара
3. Жолдан бағдаршамның жасыл түсі жанғанда ғана өт
4. Егер, жаяу жүргіншілрге арналған жол болмаса жаяу жүргінші жолдың шетімен қозғалысқа қарсы жолмен жүруге тиісті.
5. Жолдың машина жүретін бөлігінде ойнауға болмайды.
6. Келе жатқан машина алдынан жолды кесіп жүгірме.
7. Машинадан түскенде артынан айналып өту керек.


ИТТІҢ ШАБУЫЛЫНЫҢ ҚАУІПІ 
Иттің жанынан өткенде ешқашан оның көзіне карамаңыз. Ол сізді өзіне шабуыл жасайын деп жатыр деп ойлайды.
Егер ит сізге шабуыл жасаса, онда сіздің іс-әрекетіңіз мынандай болу керек:
1. Итті ұрмай, қатты айтыңыз: «Сидеть», «Стоять», «Отыр», «Тұр». Үйретілген ит бұл бұйрықты түсінеді.
2. Егер сізге ит секірсе, онда оған шынтақты төсеңіз. Аурғанына шыдап шынтағыңызды иттің ауызына тереңрек итеріп жіберіңіз. Иттің тістегені әлсіреуге тиісті. Қолыңызды қатты тартпаңыз, әйтпесе сізде қатты жарақат болу мүмкін.
3. Ит тістегеннен кейін дәрігерге жолығыңыз. Ол сізге құтыруға қарсы дәрі егуі керек. Тістеген жерін сабынды сумен жуыңыз.
4. Егер ит иесімен қыдырғанда сізді тістесе, онда иттің иесінен құтыруға қарсы жасалған прививкасын сұраңыз.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет