Философия пәнінен емтихан билетінің сұрақтары


Әлеуметтік философияның пәні



бет37/49
Дата17.10.2023
өлшемі188,47 Kb.
#185935
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   49
Байланысты:
философия тест ответы

57.Әлеуметтік философияның пәні.
«Әлеуметтік философия» терминін айналымға қашан және кім енгізгені туралы дөп басып, дәл жауап беру қиын. Біздің ойымызша оның философияға енуі ХІХ ғасырдың екінші жартысы – соңғы ширегінде іске асуы мүмкін. Бұл мәселенің шешімі әлеуметтік философия немен айналысатынын., пәндік ерекшеліктерін, оның философиядағы орны мен негізгі функцияларын талдауға онша ықпалын тигізе қоймайды. Бұл сала қоғамдық өмірдің мәні және іргелі заңдылықтарымен, социум болмысының логикасымен, қоғам мен тұлғаның өзара байланысы және өзара қатынастарымен, жалпы әлеуметтік таныммен қатар, қоғам мен адам туралы философиялық пайымдар принциптері және логикасы, заңдылықтары, ерекшеліктерімен байланысты болды. Осы сала әлеуметтік философия деп атала бастады.
58.Қоғам философиялық ұғым ретінде.
Бүгінгі қоғам анықтамасы көп қырлы. Бірнешеуіне тоқталайық: қоғам – бұл барлық қоғамдық қатынастардың жиынтығы. Қоғам дегеніміз адамдардың алуан түрлі саналы іс-әрекеті мен қызметінің нәтижесінде қалыптасқан адамдар бірлігі. Адамдар қоғамда өмір сүріп әрекет етеді, ол қоғамның ажырамас бір бөлігі және оған тәуелді. Адамзат қоғамы – табиғаттың ерекше бөлігі, ол табиғаттың ұзақ уақыт эволюциялық даму нәтижесінде пайда болады. Адамзат қоғамы әлемдегі барлық тірі жүйенің ең жоғарғы сапалы даму дәрежесінің көрсеткіші. Жалпы алғанда, қоғамның жалпы анықтамасы былай көрінеді: қоғам – бұл адамдар мен оларға тән қоғамдық қатынастардың тарихи қалыптасқан нысандарының жиынтығы.
Қоғамды зерттеу кезінде оның көптеген қарым-қатынастары мен интерпретациясы бар деп санауға тура келеді. Әртүрлі, көбінесе қарама-қайшы және бір-бірімен үйлеспейтін қоғамның теориясы мен модельдері, оның құрылымы, элементтері, ерекшеліктері бар. Қоғамның философиялық ұғымы екі басты белгіні қамтиды:
- қоғам табиғаттың оқшауланған бөлігі;
- тұтас байланысты бола отырып, бұл бөлік өзінің ерекше заңдары бойынша дамиды.
59.Антикалық философиясындағы әлеуметтік ой: Платонның идеалды мемлекеті, Аристотельдің «Политикасының» негзгі тұжырымдамалары. Адам саяси жануар ретінде.
Қоғамдық құбылыстарды, процестерді, тарихты танып білуде, өзгертуде философия тарихында материализм мен идеализм арасында ұдайы қарама - қарсы күрес болып келді. Жалпы алғанда, ғылым қоғамды, оның даму заңдарын дұрыс, объективті тұрғыдан түсіндіруге ұмтылса, идеализм, керісінше, ғылымға жат, қоғамдық тәжірибеге тырысады. Өйткені, бұл бағыттарды қолдаушы қоғамда әртүрлі әлеуметтік таптар мен топтар болады. Егер ғылымды әр уақытта қоғамның прогресшіл, демократиялық таптары мен топтары қолдаса, идеализмді кертартпа әлеуметтік элементтер жақтайды. Қоғамның ілгерілеп дамуы, таптардың пайда болуы, ой еңбегі мен дене еңбегінің бөлінуі, еңбекші бұқараны қанаудың күшеюі қоғам туралы ой-пікірлерді, идеяларды одан әрі дамыта, тереңдете түсті. Құл иеленушілер, феодалдар, буржуазия өкілдері өндіріс құрал-жабдықтарын толық иеленіп алып, дене еңбегінен біржола аулақтады. Бұдан кейін үстем таптар мен олардың идеологтары өздері өмір сүріп отырған қоғамды, таптардың арасындағы қалыптасқан қоғамдық-өндірістік қатынастарды қайткенде де сақтап қалып, оларды ұдайы жетілдіріп отырды, олардың мәңгілігін, өзгермейтіндігін дәлелдеуді мақсат етті. Бұрын айтылғандай, адамзат қоғамы - табиғаттың ерекше бөлігі, ол табиғаттың ұзақ уақыт эволюциялық даму нәтижесінде пайда болды. Адамзат қоғамы - әлемдегі барлық тірі жүйенің нәтижесі ең жоғары, ерекше сапалы даму дәрежесінің нәтижесі. Қоғам дегеніміз- адамдардың алуан түрлі саналы іс-қимылы мен қызметінің негізінде қалыптасқан тарихи қауымдастығы. Адам қоғамда өмір сүріп, әрекет етеді, ол қоғамның ажырамас бір бөлігі және оған тәуелді. Сондай-ақ, қоғам да адамдардан құрылады, адамдарсыз қоғам болмайды. Қоғамдық өмірге, оның дамуына байланысты көзқараста бұрын идеализм үстемдік етіп келді. Оның үш түрлі себептері бар. Біріншіден, адамдардың іс-әрекеті, олардың делебесі қозуынан, ал делебе қозу санадан басталады, олай болса, бәрін билейтін сана, деп қарады. Екіншіден, түрлі құбылыстардың ішкі заңдылықтарын ашып көрсете алмады. Сондықтан олардың себептерін кез келген кездейсоқтық жағдайларға таңып, метафизикалық пікірде болды. Мәселен, француз материалисті Гольбах жоғарыда келтіргендей өзінің «Табиғат жүйесі» деген еңбегінде қоғамдағы түрлі оқиғалар, сұрапыл соғыстардың, жақтық пен кеселдердің себебін жай механикалық материализм тұрғысынан түсіндірмек болды. Олай болса, тарихқа идеалистік көзқараста тек идеалистер емес, сондай-ақ ол кезде ғылымға сүйене алмаған материализм өкілдері де ұстанған. Үшіншіден, тарихты жасайтын жеке адамдар деп санады, халықтың шешуші рөлін түсінбеді. Ал XVIII ғасырдың аяғымен - XIX ғасырдың басындағы Францияда болған жағдайлар, айталық, бурбондар әулеті үстемдігінің құлауы. Мирабо партиясының өкімет басына келуі, оны ығыстырып якобиншілердің жеңуі. Робеспьердің өкімет басына келуі, одан соң құлауы, директорияның қалыптасуы. Наполеон Бонапарттың император болуы, оның құлауы, бурбондардың қайтып билік басына келуі, осылардың бәрі аз уақыт он шақты жылдар ішінде болып, Маркс пен Энгельсті ойға қалдырды. Егер тарихты жасайтын жеке адамдар болса, Жан Поль Марат, Дальтон, Робеспьер, Наполеон Бонапарт бірінен соң бірі неліктен шетінен құлап жатты, әр қайсысының тағдыры әртүрлі қасіретпен аяқталғаны неліктен? Олай болса, оның себебі, 
тарихты жасайтын жеке адамдар емес, халық деген тұжырым туындағанын жоғарыда айтқан болатынбыз. Ол барлық материалдық байлықтарды да, рухани игілікті де өндіреді, революция жасайды, үкіметті сайлайды. Ішіп - жейтін тамақты да, киім - кешекті де, тілді де, әдет- ғұрыптарды да өмірге әкелетін - сол. Жеке адамдар сол халықтың өкілі ғана. Халық қашанда жеке адамдардан тұрады. Сөйтіп, тарихқа жаңа ғылыми көзқарас қалыптасты. Бұрынғы социологтар табиғат заңдары мен құбылыстарын материалистік тұрғыдан түсіндіріп келгенімен, тарихи жағдайлар мен қоғамдық қозғалыстарды метафизикалық шектеушілік әдісі салдарынан тарихи өмірді танып-білу саласына өз материализмін қолдана да, тарата да алмады, қоғамды жалпылама, абстрактілі қарастырды, сөйтіп тарихқа деген көзқарастарды идеалистік шырмаудан шығара алмады, оны ғылыми диалектика тұрғысынан түсіндіруге дәрменсіз болды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   49




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет