Философия пәнінен емтихан билетінің сұрақтары



бет42/49
Дата17.10.2023
өлшемі188,47 Kb.
#185935
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   49
Байланысты:
философия тест ответы

67. Дін және өнер
Үнділік Салва Расул (Salva Rasool) есімді қылқалам шебері Жаратушыға деген махаббатын каллиграфиялық және абстрактілік өнер арқылы бейнелейді. «Түрлі- түсті палитрамен кенеп бетіне түсірілген Құран аяттары үшөлшемді бейнеде көрінеді»
«Дүниежүзілік діндер» феномені.
Дін өзінің таралуы мен маңызына қарай әлемдік және ұлттық дін болып бөлінеді.Дүние жүзі халқы ұстанатын әлемдік 3 дін бар:
1.Христиан діні;
2.Ислам діні;
3. Буддизм.
Христиан діні-Христиан діні 2 мың жыл бұрын қазіргі Израиль жерінде пайда болған.Христиан діннің 3 тармағы бар: •католик;
•протестант;
•православие;
Ислам діні Ислам діні 610 жылы Арабия түбегінде пайда болды.Ислам дінін ұстанушылар 2 тармаққа бөлінеді:
•Суниттер
•Шииттер
Буддизм-Буддизм әлемдік діндердің ең ежелгісі. Буддизмнің негізін қалаған б.з.б VI ғ. Үндістанда тұрған принц Сидхартха Гаутама. Буддизм таралған аймақтар:Қытай, Жапония, Корея,ШриЛанка,Тибет,Тайланд,Мон янма.
Дін дегеніміз сенушілерінің әрекеті мен нанымын, моралы мен дүниетанымын белгілейтін, қадірлейтін және тауап ететін қасиетті орыны бар, киелі кітабы, қастерлі кісілері
(пайғамбары) бар, түрлі культтардан тұратын, табиғаттан тысқары немесе трансценденталді құдіретке, рухани белгі-түсініктерге сиынатын дүниетаным формасы, о дүние секілді басқа тылсым өмірді бар деп есептейтін мистикалық түсінік жүйесі.
Түрлі діндердің түрлі белгілері бар, әлемдегі діндерді бір түсінікпен түсіну мүмкін емес, дегенмен олардың ең басты ортақтығы: киелі, қасиетті заты, не орыны болуы, діни наным жүйесі, сиыну ережелері мен культы болуы, табиғиаттан тыс құдіретке, немесе обсолютті, трансцендентті күшке өмірін арнауы, өмірден тысқары өмір туралы фантазиясының болуы.
Дін ритуалдардан, мерекелерден, еске алу мен сыйынулардан, немесе шоқынулардан, тежем-тиымдардан, транстардан, ән-күй-би немесе әлеуметтік топтық жиналыстардан, басқа да мәдение шаралардан тұрады. Оның қасиеттендірілген тарихы, және сол туралы ертегі- аңыздары болады, сол арқылы ол адамдарға өмірдің сондай түрдегі шындығы ең дұрыс дегенге сендіргісі келеді. Дәстүр, наным, табыну және құлшылық діни сенімнің негізі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   49




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет