Философия пәнінен емтихан билетінің сұрақтары


Макиавелли саясаттың маңызды күралы деп дінді санады. Макиавелли



бет17/21
Дата16.04.2022
өлшемі310,9 Kb.
#139542
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21
Байланысты:
Философия

Макиавелли саясаттың маңызды күралы деп дінді санады. Макиавелли:

«Дін — адамдардың ақыл-ойы мен парасатына ықпал етудің күшті құралы»— деп тұжырымдады. Осы себептен мемлекеттердің негізін қалаушылар мен данышпан, заң шығарушылардың барлығы құдайдың өміріне жүгінген. Жақсы дін бар жерде әскер құру да оңай. Мемлекет дінді қол астындағы азаматтарды басқару үшін пайдалануға тиіс.

Макиавелли шығармалары әлеуметтік ойлардың кейінгі дамуына орасан зор ықпал етті.

62.Жаңа заман әлеуметтік философиясы (Т.Гоббс, Дж.Локк, Ж.Ж.Руссо).К.Маркс: таптық қоғам. К.Поппер «Ашық қоғам».


Томас Гоббс(1588—1679 жж.) Бэконның ілімін жалғастырушы және бір жүйеге түсіруші. Ол механикалық тәсіл арқылы әлемдік құбылыстармен қатар таным процесінде, қоғамдық құбылыстарды да қарастырып, жүйеленген механикалық көзкарастың негізін қалады. Негізгі еңбектері: «Левиафан — материя, форма, мемлекеттік діни және азаматтық билік».Гоббстың пікірінше, объективтік шындық дегеніміз денелер жиынтығы. Материя мен дене синонимдер. Бейзаттық құбылыстар болмайды.
Джон Локк (1632-1704 жж.) — ағылшын философы, психологы, педагогі. Негізгі еңбегі: «Адамның ақыл-ойы туралы тәжірибе». Локк таным концепциясын психологиялық теория тұрғысынан негіздеп, психологияның ғылым ретінде қалыптасуына жол ашты. Егер Бэкон білім — тәжірибеден шығады десе, Локк оған қосымша тәжірибенің өзі сезімдік түйсінулер арқылы қалыптасқан деді. Локктың таным теориясы негізінен үш қағидадан түрады:Адамда «туа біткен идеялардың» болуы мүмкін емес, себебі идеялардың өзі тәжірибе арқылы пайда болады;Адамның дүниеге келген кездегі ақыл-ойы ештеңе жазылмаған таза тақта, немесе «ақ қағаз» сияқты, ол тек тәжірибе арқылы мазмұнға толады;Ақыл-ойда тек сезімдік түйсіктер арқылы қабылданған мәліметтерден басқа ештеңе жоқ, себебі дүниеге шығатын терезе – түйсік.Бэкон, Гоббс, Локктың ілімдері механикалық метафизикалық философияның іргетасын қалап, ғылыми зерттеудің индуктивтік және геометриялық тәсілдерін әмбебап (универсалдық) тәсілдер дәрежесіне дейін көтеріп, өзінен кейінгі ғұлама-ойшылдарға үлкен әсер етті.Жан Жак Руссо(1712—1778 жж.) француз ағартушылық ағымының шеңберінен шыға алмаса да, оның негізгі идеяларымен келіспейтіндігін көрсеткен жазушы және философ. Негізгі еңбектері: «Теңсіздіктің себептері туралы», .«Қоғамдық келісім туралы», «Эмил, немесе тәрбие туралы». Егер Вольтер адамзат тарихы прогресс пен білімділік үшін күрес тарихы десе, Руссо мәдениеттің прогресімен қатар өнегеліктің құлдырауы сәйкес келіп отырады дейді. Себебі, қоғам неғұрлым ілгері дамыған сайын, теңсіздік тереңдей түседі. Ал теңсіздік, өз тарапынан керенаулықтың, жалқаулықтың, тоқмейілсудің қайнар көзі болғандықтан ол, адамгершіліктің, мінез-құлықтың азғындауына әкеліп соқтырады. Таптық қоғам немесе таптық қоғам - бұл меншікке меншік, өндіріс құралдары, және байлық көп меншігі мен байлығы барлар қоғамда жоғары деңгейге, ал өндіріс құралдарына қолы жетпейтіндер мен байлықтары жоқтар қоғамда төменгі деңгейге бөлінетін билікті бөлудің анықтаушы факторы болып табылады. Таптық қоғамда, кем дегенде, жанама түрде, адамдар жалпы әлеуметтік деп аталатын айқын әлеуметтік қабаттарға бөлінеді әлеуметтік сыныптар немесе касталар. Таптық қоғамның табиғаты - социологиялық зерттеу мәселесі.Таптық қоғамдар бүкіл әлемде индустриалды дамыған елдерде де, дамушы елдерде де барЭнциклопедия Ашық қоғам — мемлекеттің ішкі саяси, экономикалық, әлеуметтік және мәдени жүйелерінің деңгейін білдіретін ұғым; Карл Поппердің «еркін қоғам» концепциясы, мұнда білімнің барлық түрлері және кез-келген әлеуметтік саясат ашық сыналады. Ол оны фальсификациялық және сыни рационалистік эпистемологиямен сәйкестене алатын жалғыз қоғам түрі ретінде қарастырады; бір қабаттан екінші қабатқа өту ресми түрде шектелмейтін қоғам.

63.«Қоғамдық сана» ұғымы. Қоғамдық сананың түрлері.


Қоғамдық сана – бұл қоғамның өз болмысын ой елегінен, сана-сезімімен өткізуі. Басқа бір тәсілге сәйкес әлеуметтік құрылым қоғам өмірінің негізгі: рухани, саяси, экономикалық және әлеуметтік салары арқылы зерделенеді. Осылайша, қоғам – бұл жоғары дәрежеде ұйымдастырылған, реттелеген әлеуметтік жүйе. Қоғам өзара тығыз байланысты және тұрақты әрекеттесетін әртүрлі бөліктер мен элементтер жүйесі ретінде көрініс табады. Осыған орай қоғам біртұтас жеке ағза, бірыңғай жүйе ретінде өмір сүреді.Қоғамдық сананың тарихи қалыптасқан түрлері: саясат, құқық, философия, мораль, өнер қоғамдық болмысты бейнелей отырып, оған белсенді түрде ықпал етеді. Оның әрқайсысының өз нысанасы мен бейнелеу тәсілінің болуына қарамастан, болмыс пен адам санасына өзіндік әсерін тигізіп, идеялық-саяси күресте ерекше рөл атқаруымен сипатталады.
64.Қоғамның типтері. Ақпараттық қоғам.
Ақпараттық қоғам - өндіріс пен ғылыми-техникалық және басқа ақпаратты қолдануды қоғам дамуының басты факторы ретінде қарастыратын әлеуметтік және футурологиялық тұжырымдама; өндірістің жоғары деңгейімен және ақпарат пен ақпаратттық қызметтер мүддесімен сипатталатын қоғам. Әлемнін мәдениетті елдер қатарында болған компьютерлік революция адам жан дүниесінің, қоғам идеологиясының, білім мазмұнын анықтау мен жаңа ақпаратты білім технологияларын құрастыру жолдарының өзгеруіне әкеліп соқтырады.[1]Ақпараттық қоғам тұжырымдамасы З. Бжезинский, Д. Белл, А. Тоффлер негізін қалаған постиндустриалды қоғамның бір түрі болып табылады. «Ақпараттық қоғам» ұғымынан басқа әртүрлі авторлар әркелкі атаулар қолданады: «ағартылған қоғам» (К. Флекснер), «қатер қоғамы» (У. Бек), «посткапиталистік қоғам» (П. Друккер), «ашық қоғам» (Дж. Сорос). 1950-1970- шы жылдары техниканың, компьютердің қарқынды дамуы, жалпы ҒТТ салған жол арқылы адамзат баласының жаңа дәуірге аяқ басқандығы айқын байқалды. Адам баласының толық "техникаландырылған" және «ақпараттандырылған» әлемде өмір сүру, тіршілік ету мәселесі философтарды да толғандырмай қоймады, соның әсерінен «ақпараттық қоғам» тұжырымдамасы пайда болд
65.Постиндустриалдық қоғам.
Постиндустриалды қоғам — қоғамның даму сатысы. Постиндустриалды қоғам теориясының негізін қалаған Д.Белл, Д.Рисман, А.Тоффлер, З.Бжезинский, Дж.Гэлбрейт, т.б. Постиндустриалды қоғам термині АҚШ-та 20 ғ-дың 50 — 60-жылдары ғылыми айналымға еніп, 60-жылдардың аяғынан теориясы ғылыми негізделген, жаңа мазмұнға ие болды. Оның айрықша белгілері: шығармашылық, интеллектуалдық еңбектің жаппай таралуы, ғылыми білім мен ақпарат көлемінің сапалы түрде артуы, байланыс құралдарының, ғылым, білім беру, мәдениет салаларының дамуы, т.б. 70 — 80-жылдары постиндустриалды қоғам тұжырымдамасы қазіргі заманғы ақпараттық технологиялардың әлеуметке (социумға) ықпалын сипаттауға тиіс футурологиялық және социологиялық теория ретінде дамыды. Америкалық социолог Д.Белл постиндустриалды қоғамды анықтайтын келесі факторларды атап көрсетті: 1) өндірістегі өзгерістің негізіне айналатын теориялық білімнің орталықтандырылуы; 2) экономиялық, инженерлік, әлеуметтік мәселелерді шешу үшін жаңа интеллектуалдық технологияның пайда болуы; 3) білім, ақпарат таратушы әлеуметтік топтың қалыптасуы; 4) билік қатынастарының өзгеруі: индустриалдыққа дейінгі қоғамда — аристократия, индустриалдық қоғамда — демократия, постиндустриалды қоғамда — меритократия. Постиндустриалды қоғам қала тұрғындары 70 — 85%-ға жеткенде басталады. Онда аграрлық және индустриалдық тіршілік екінші кезекке өтеді. Ескі индустриализмнің орнына үстеме, еселі индустриализмнің келуі жаңа жаппай тұтыну мәдениетін өмірге әкеледі. Постиндустриалды қоғамның негізгі жетістігі — демократиялық процестердің, азаматтық қоғам құндылықтары рөлінің артуы, жұртшылықтың әлеуметтік-экономиялық жағдайының жақсарып, тұрмыс деңгейінің өсуі. Алайда постиндустриалды қоғамда ұлт тілін, төл мәдениет пен өнерді сақтау аса қиын болмақ. Бұл қоғамда барлық тауқыметтер өзінен-өзі шешіледі деген болжам негізсіз. Белл постиндустриалды қоғамның қалыптасуын компьютер негізгі рөл атқаратын ақпарат пен білім саласындағы революциямен байланыстырады. Оның пікірінше, компьютер технологиялық революцияның символы әрі материалдық тасымалдаушысы, компьютер қоғамды түбегейлі өзгеріске әкеледі. Сөйтіп, жаңа қоғамда ақпарат және оны пайдалану мен тарату үшін техникалық базаны қамтамасыз ететін электронды құралдар негізгі рөл атқармақаласы Осыған орай постиндустриалды қоғам ұғымымен үндес “ақпараттық қоғам” термині кеңінен қолданыс тапты. [1]
66.Дін анықтамалары. Дін және философиялық білім.
Дін - адамзат қоғамындағы аса күрделі де маңызды әлеуметтік-мәдени сана. Діннің басты мақсаты – адамның рухани жетілуі және оның Жаратушы Құдайға сенімі. Ислам философиясының түсіндіруінше, дін дегеніміз – әлемді байланыстыратын күш Алланың барлығына сенім. Ислам тұжырымдамасы бойынша, рухани жетілу сатысының бірінші деңгейінде тұрған адамның алғашқы махаббаты, таза құлшылығы, қорқынышы Аллаға арналады. Сөйтіп, шынайы діндар болып, жас кезінен Алланың ғана бұйрығын орындаушы болып өседі. Барлық тіршілік құбылыстары Алла Тағаланың қолында екеніне және күнәлі істері үшін оның қарғысына ұшырайтынына мұсылман кәміл сенеді. Осы сенім – оны жаман істерден тежеуші және дұрыстықтан, имандылықтан шықпауына себепші. Иманын жоғалту адамның дінін жоғалтуына алып келеді. Діни тұрғыдан, дін - бүкіл болмыстың түпкі себебі барын, дүние-болмыстың жаратылу мақсатын, оның сыр-сипатын түсіндіріп, танып-білуге және адамның рухани жетілуіне мүмкіндік жасайтын әдіс-әрекеттер мен бүкіл дүниетанымды болмысты, толық қамтитын өте кең, ауқымды ұғым. Қазіргі ғылымның пікірі бойынша дін қырық-елу мың жыл бұрынғы палеолит кезеңінде шыққан.
° Дін және философиялық білім.
Дінді философиялық тұрғыдан анықтау.
Философиялық анықтау методологиясы субстанциалық және универисализмдік жолдармен қарастырылады. Қандай бір құбылыс немесе процесс болмасын абстрактылы-логикалық сызбадан шығады.Антикалық философияда дінге берген анықтамада, дінді бір «абсолютке» элемнің рухына немесе бір жоғары идеяға теңеп анықтады.Мұндай абсолют немесе жоғарғы идеялар әлемнің негізгі ретінде қарастырылады, олар құдіретті күш емес, оларға бас ию , құрбан шалу қажет емес. Мысалы: Аристотельдің Құдайлық түсінігі , ең жоғарғы болмыс, денесіз әлемді қозғаушы күш , мәңгілік себеп , және дүниенің даму үрдісінің мақсаты.
67.Дін және өнер. «Дүниежүзілік діндер» феномені.
Үнділік Салва Расул (Salva Rasool) есімдіқылқалам шебері Жаратушыға деген махаббатын каллиграфиялық және абстрактілік өнер арқылы бейнелейді. «Түрлі- түсті палитрамен кенеп бетіне түсірілген .Құран аяттары үшөлшемді бейнеде көрінеді», - деді ол. «Сурет салу барысында тек қағаз-қаламмен ғана емес, түрлі тұрмыстық заттарды да қолданып, олардың қолөнердегі өзіндік ерекше жолын іздестіремін» дейді суретші өз ойымен бөлісіп.
Дүниежүзілік діндер» феномені.
Дін өзінің кең таралуы мен маңызына қарай әлемдік және ұлттық дін болып бөлінеді.Дүние жүзі халқы ұстанатын әлемдік 3 дін бар:
1.Христиан діні;
2.Ислам діні;
3. Буддизм.
Христиан діні 2 мың жыл бұрын қазіргі Израиль жерінде пайда болған.Христиан діннің
3 тармағы бар:
-католик;
-протестант;
-православие;
Ислам діні - 610 жылы Арабия түбегінде пайда болды.Ислам дінін ұстанушылар 2 тармаққа бөлінеді:Суниттер,Шииттер
Буддизм әлемдік діндердің ең ежелгісі. Буддизмнің негізін қалаған б.з.б VI ғ.Үндістанда тұрған принц Сидхартха Гаутама. Буддизм таралған аймақтар: Қытай,Жапония,Корея,ШриЛанка,Тибет,Тайланд,Моңғолия,Бутан,Вьетнам,Камбоджа,Лаос,Мьянма.
68.Діннің алғашқы формалары. Алғашқы діни формалардың мәселелері: эволюционизм (У. Тейлор), структурализм (Леви-Брюль, Леви-Строс), марксизм (С. Токарев).
Діннің қоғамдық-рухани көрінісінің әралуандылығына қараңыз: шексіздіктен адамдардың тәуелділік сезімі ретінде (Ф.Шлейермахер); табиғат туралы алғашқы мифтердің символикасы (М.Мюллер); көрінбейтін рухани мәндерге сенім (Э.Б.Тайлор); құдіреттік сөнім (Дж. Хаксли); сенуші адамдардың мінез құлқын қайта жасауға мүмкіндігі бар ақиқаттар жүйесі (А.Н.Уайтхед); тағдырға сену (Д.Б.Пратт) және тағы басқа. Дін - күрді лі жүйе, ол діни сананы, діни институттарды, діни қатынастарды және діни қызметті қамтиды. Дін құрылымына келсек, оған:
1)діни ілім;
2)діни сезімдер;
3)діни салттар;
4)діни ұйымдар мен секталар кіреді.
° Алғашқы діни формалардың мәселелері: эволюционизм (У, Тейлор), структурализм (Леви-Брюль, Леви-Строс) "Эволюционизм" дегеніміз – эволюция жолымен даму туралы ілім.Оның негізін қалаушылар болып, мәдени эволюцияның даму сатыларын зерттеген Фридрих Клемм және өзінің "Адамзаттың ежелгі тарихы" (1865) атты кітабында эволюционістік ойларын білдірген Эдвард Тэйлор есептеледі. Структурализм - бұл құрылымдарды зерттеуге, қоғам мен мәдениетті талдау үшін лингвистикалық модельдерді қолдануға, объективизм мен холизм принциптеріне негізделген әртүрлі бағыттарды біріктірген XХ ғасырдағы әлеуметтік ғылымдардағы пәнаралық бағыт.
69.Буддизм және оның негізгі бағыттары.
Буддизм (санскритше – बुद्धधर्म, buddha dharma Будданың ілімі) — дүниежүзіне кеңінен таралған негізгі 3 діннің бірі. Б.з.б. V-VI Үндістанның бүгінгі Бихар штатында пайда болды. Буддизмнің негізін салушы Сиддхарта Гаутама деп есептеледі. Буддизм басқа ілім-танымдарды бойына оңай сіңірді және оның негізгі қағидасы жан иесіне жамандық жасамау болғандықтан, жер жүзіне соғыссыз тарады. Қазіргі кезде Буддизм дінін 1 млрдқа жуық адам ұстанады. Буддалық діни ілім көзқарастардың күрделі жүйесі б. т.
Теравада ("ақсақалдар туралы ілім") монахтар мен монахтар үшін шарап ережелерін қатаң сақтау мектебі болып саналады. Олар үшін Будда - рухани жетілу процесінде ағартушылыққа қол жеткізген, жүздеген туылу кезінде әр түрлі формада болатын тіршілік иесі. Теравада ізбасарлары рухани тәжірибе ретінде әртүрлі медитация әдістерін кеңінен қолданады. Философиялық ізденістер осы бағытты ұстанушыларға тән емес. Мінез-құлықтың негізгі реттеушісі тәртіптік жарғыны (Vinai) ерікті түрде сақтау болды.
Махаяна
Махаяна ("ұлы күйме") - буддизмдегі екінші тарихи бағыт, біздің дәуіріміздің басында тәуелсіз бағыт ретінде қалыптасты. Махаяна Вьетнам, Қытай, Корея, Тайпей (Тайвань) және Жапонияның әртүрлі мектептерімен ұсынылған. Махаянада бодхисаттв идеясы дамыды-басқа тіршілік иелерін құтқаруға көмектесетін жоғары тіршілік иелері. Бұл ағартушылыққа қол жеткізген, бірақ басқаларға көмектесу үшін сансарда бірқатар туылуды жалғастыратын аспан жаратылыстарының класы. Оқу-жаттығуға махаяны болып саналады, бұл будда жетуі мүмкін әр. Махаянада буддалардың сансыз саны танылады. Будда барлық нәрсенің біртұтастығының жоғарғы қағидасы ретінде қарастырылады, ол әрқашан және барлық жерде болады. Барлық ғалам Будданың ғарыштық денесі ретінде қарастырылады, медитация жағдайында кіруге болатын аспан елдері туралы түсінік қалыптасады. Махаянаның бодхисаттвалар туралы ілімінің апофеозы - олардың Құдайға табынуы. Ең құрметті бодхисаттва Авалокитешвара мен Майтрея - махаббат пен мейірімділіктің көрінісі. Авалокитешвараның жердегі бейнесі Далай лама болып саналады
Вайраяна
Вайраяна ("Алмаз күймесі") ерте буддизм мұрасы жаңа тәжірибелермен, мәтіндермен, мифологиямен және рәсімдермен толықтырылған үшінші ірі бағытқа айналды. Вайраяна Үндістанда V ғасырда қалыптаса бастады, ол бастамалар мен рәсімдерге баса назар аударумен, йоганың жаңа түрлерін өсірумен сипатталады. Моральдық тыйымдарды орындау міндетті емес деп санайды. Буддисттік тантризмге сәйкес, жердегі өмірдегі кез-келген сенуші үшін Будданың ең жоғары деңгейіне қол жеткізуге болады, ол үшін сиқыр, йога, түрлі рәсімдер, мантраларды оқу қолданылады, әйелдердің рухани-йогикалық жетілуіне ерекше мән беріледі. Дхарма (буддисттік ілім) қорғаушысы ретінде әрекет ететін әйел құдайлары мен рухтарының (дакини) жаңа класы туралы түсінік қалыптасады.

Ламаизм
Ламаизм-бұл пригималай аймағының халықтарының махаяна, вайраяна және архаикалық сенімдерінің синтезі. Рәсімдерді орындау ламаизмде қайта туылу тізбегінен шығудың негізгі жолы ретінде түсіндіріледі. Ғибадатханаларда қасиетті заттарға табыну, канондық мәтіндердің жинақтары, ең құрметті фигуралардың суреттері сақталған. Ламаизмде дұғалардың мәтіндері бар айналмалы дұға барабандары танымал болды. Ламаизмнің әртүрлі бағыттары қалыптасты және ТАМЫРЛАДЫ, соның ішінде XV ғасырда дамыған "қызыл қалпақ" және "сары қалпақ" (гелукпа). Гелукпа басшысы-Далай-лама ("лама-Мұхит [даналық]") - Авалокитешвараның бейнесі ретінде құрметке ие. Тибетте басым, Моңғолия, Бурятия, Қалмақияда таралған лламалардың некесіздігін талап ететін бұл бағыт. XVII ғасырда. Далай лама ұзақ уақыт бойы ламаистік дәстүрдің орталығына айналған Тибеттің рухани және зайырлы басшысы ретінде танылды. Ламаизм Орталық Азия қоғамдары мәдениетінің маңызды элементіне айналды.


70. Ғылыми-техникалық прогресс және қазіргі ғылымның даму болашағы мәселелері.
Ғылым-бұл қоғам, табиғат және ойлау қабілеті туралы жаңа білімді алу үшін бағытталған зерттеу әрекетінің сферасын айтады. Ерекше адамзат тобының арнайы және физикалық сабақ түрінің әрекеті, сонымен қатар дұрыс еңбек ізінен және еңбектің қоғамдық бөлімдерінен ғылым туады. Ірі көлік өндірісінің шығуы, ғылымда өндірістің өзіне беделді факторларының жағдайын құрайды. Ғылым философиясы ғылыми білімнің сипаттамасын, табиғатын, жағдайын ашуды міндет етіп қояды. Ғылым философиясының пәні болып ғылыми білімді қалыптастырушы ерекше қызмет ретіндегі ғылыми танымның жалпы заңдылықтары мен бағдарлары табылады. Ал ғылыммен тығыз байланысты екінші 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет