Шәкәрім Құдайбердіұлы (1858-1931) Шәкәрім жанның мынадай ерекшеліктеріне басты назар аударады: 1) жан тән сияқты адамға о бастан берілген, ол таза табиғат туындысы емес, «жаратылыстың бір шыбынынан, не бір тозаңынан адам жаратыла алынбайды»; 2) жан баста бар болса, тұрған денесі орын болуға жарамаған соң, денеден шыққанда біржола жоғалып кетпейді; 3) жанның бар екендігіне жаннан шыққан ерік, талап, ой, мақсат, сезім, білім арқылы көзіміз жетсе де, оның денелерге қосылып кетуіне (индуизмдегідей) ешбір дәлел жоқ; 4) жанның жай психикадан айырмашылығын оның адами-моральдық негіздерінен іздеу керек, ұждан-жанның тілегі, осы арқылы жанның мәңгілігі жүзеге асады. Шәкәрім «Үш анық» еңбегінің аяғында мынадай қорытындыға келеді: «Мен жан да бар, жын да бар, адамның өз жанының қуаты да бар деймін. Дәлелім:
Шақырмаған жан келіп, кейде өзі пәленшенің жаны екеніне нанарлық сөз айтатыны.
Кісіге шақырмаған бақсылық-дуаналық, фақризм, жындылық кез болатыны.
Ұйқыда кезу лунатизм, магнетизм мен біреудің еркін билеу, түсі дәл келу - бұл үш түрлісі үш бөлек қуаттың иесі болуға лайық»
Шәкәрім ұждан, рух, ақыл туралы
Шәкәрім көбінесе деизмге және рационализмге бейім болды. Деизм бағыты бойынша Шәкәрім дүниені жаратушы бір күш бар дегенді мойындайды, сонымен бірге, адамның белсенділігін, адамның болмысты танып білуі адам өзін - өзі жетілдіру арқылы жүзеге асатынын құптайды Шәкәрімнң пікірінше, жанның жоғарылап, тазаруы үшін адам ұжданға сай арлы өмір сүруі керек. Жан, адам өлген соң, одан әрі тазарып, жоғарылайды, өздігінен өмір сүреді. Ұждан, немесе ұят - жан қасиеті. Ал бұл қасиет адамның рухымен байланысты. Бұл байланыс неғұрлым тығыз болса – солғұрлым ұят жоғары. Жан сипаты болып табылатын рух тәнмен осы адами қасиет арқылы байланысады. Ендеше адамды адам ететін адами қасиет дегеніміз ақыл-ес, ой-өріс, сана-сезімнің рухтанған, яғни рухпен нұрланған қалпы. «Адам ақиқатты бас көзімен көрмейді, ақыл көзімен көреді... Бес сезім мүшелерін біріктіріп Шәкәрім «бас көзі» деп атайды. «Ақыл көзі» - адамның ақыл-ойының жұмысы. Шәкәрім «ақыл» деген сөзді оның кең мағынасында пайдаланады. Ақыл адамның ақыл-есін, ой-өрісін, сана-сезімін анықтайды. Шәкәрім адамның ақыл-парасатына айрықша зор мән береді: «Ақыл, парасатты ақыл қандай да нәрсені, құбылысты дұрыс түсініп бағалауға, ақ–қараны айыра білуге мүмкіндік береді. Сондықтан, «ақылмен сыналмаған іс болдырмау» деп түйіндейді. Шәкәрім «Үш анық»