Жан, рух, сана мәселесін түсінуде антикалық философияның ерекшеліктері
Космологизм - ғарыш проблемасының басымдылығы. Рух, парасат, идеялар ғарыштың рухани құрылымы ретінде танылады.
«Рух» ұғымы екі сөзбен берілген: «пневма» (тыныс, дем, леп) және “нус» – ақыл, зерде.
Дүниежүзілік жан - ғарышты жандандыратын бастама.
Құдай - ғарыштық сана, парасат, зерде болса, адам - ғарыштың бөлігі, микрокосмос. Адам жаны – дүниежүзілік жанның бөлшегі
Милет мектебі (б.д.д VII- VI ғғ.): Фалес, Анаксимандр, Анаксимен
1. Дүниенің бастапқы негізін іздеді
2. Бастапқы негіздің рухы бар деп түсінді
Фалес (625-547 б.д.д.) космологиясындағы жан туралы түсінігі
«Дүниенің негізін құрайтын алғашқы зат - су, оның рухы бар, сондықтан ол бәрін өзінен қалыптастырады. Дүниежүзілік жан бар, ол эфир сияқты зат. Дүние құдайларға толған»
Фалес (625-547 б.д.д.)
Анаксимандрдің космологиясы және жан туралы түсінігі
«Алғашқы негіз - апейрон (грек тілінен: шексіз, бейнақтылы). Оның рухы бар. Апейрон дүниедегі шектелген әртүрлі заттарды өзінен жаратады.
Адамның жаны ауаға ұқсайды»
Анаксимандр (б.д.д. 610-546 жж.)
Анаксименнің космологиясындағы жан туралы түсінігі
«Ғарыштың алғашқы бастауы – ауа, «тыныс алу» (pneyma), ол бәрін қамтиды. Ауа сирей келе отты тудырады, қысыла келе - желге, бұлтқа, жерге, тасқа т.с.с. айналады.
Адамның жаны да – ауа. Ол біздің денемізді қадағалайды»
Анаксимен (585-525 б.ғ.д.)
Гераклиттің космологиясы мен жан туралы түсінігі
Ғарыш - лаулап жанып тұрған от. Адамның жаны – от.
Су отты сөндіреді, сондықтан ең жақсы жан - құрғақ жан, ол өзін ылғалдан сақтануы керек. Шарапты ылғал десе болады. Гераклиттің сөзіне сүйенсек, маскүнем адамды бала басқарады