45. Жан Жак Руссо адам еркіндігі мен бостандығы туралы не айтқан еді?
46. Уақыт туралы мына үш ілімді қысқаша түсіндіріп көріңіз: Осысәт ілімі, Мәңгілік ілімі және Өсу ілімі.
Осысәт ілімі - өткен мен болашақ шын емес, тек өзгеріс күйіндегі осы сәт қана шын.
Мәңгілік ілімі - өткен, қазір, болашақ шын. Бәрі бар.Бәрі салыстырмалы.
Өсу ілімі - кеше-бүгін шын. Болашақ әлі болған жоқ, демек шын емес. Дүние өсуде
47. Онтология қандай пән? Болмыс деген қандай мағынадағы сөз?
Онтология (гректің ontos - түп-тұқиян,болмыс сөзінен шыққан)- барлық нәрсенің арғы жағында тұрған тағанды, іргесін зерттейді. Дүние бір алып құрылыс десек, онтология оның болмысы,болуы,құрылымын зерттейді. Онтологияның негізгі сұрағы -бар болу және ар болмау. Онтология не нәрсе өмір сүреді? ол қандай түрге жатады? болмыс,болу,болушы деген не? деген сұрақтарға жауап береді.
Болмыс - әлдеқашан болып кеткенді өшіру де, өзгерту де мүмкін емес. Өткен тарихынды өзгерте алмайсың. Тек сол тарихтың қалай болғанын, одан не алатынымызды біле аламыз.
48. Парменидтің «бар нәрсе бар, жоқ нәрсе жоқ» деген онтологиялық идеясының мағынасы не? Вакуумды қалай түсінуге болады?
Парменид -тұңғыш онтологист.
49. Аристотельдің себептілік ілімі қандай? Аристотель дүниені танудың қандай төрт себебі бар деп есептеді?
Себептілік ілімі: дүниеде ештеңе біреу жағынан жаратылып жатқан жоқ, бәрі бір нәрсенің өзгерісі мен әрекеті. Өзгерісті туғызушы себеп деп аталады. Бір нәрсе болды десек оның себебі ізделеді. Мысалы, неге мына өмірде бармын десек, өйткені ата-анамыз бізді өмірге әкелді. Демек осы себепті өмірге келдік. Бүкіл ғылым-таным салалары себепті таниды.
Төрт себеп:
Бұл төрт себеп қазіргі ғылыми-танымның қазығы.
Достарыңызбен бөлісу: |