- Терістеу – шығармашылық, жасампаздық терістеу, ол дамудың негізі. Қандай да болмасын жаңа, неғұрлым жоғары жетілген формалардың пайда болуының алғы шарты болып табылаиын терістеу.
- Терістеуді терістеу – қос терістеу, екі есе терістеу. Алдыңғы терістеу әрі терістеледі және әрі сақталады, бұрыңғы даму сатысынан чсақталғанның барлығы келесі сатьыға едәуір өзгертілген түрде өтеді.
Диалектика категориялары дегеніміз-зерттеудің жеке принциптерін бейнелейтін ұғымдар. Белгілі-бір зат пен құбылыстың қайшылықтарын ашу және оны шешу-диалектикалық зерттеу болып табылады. Диалектиканың екі жұп категориялары бар, олар: ұқсастық пен өзгеріс, сан мен сапа, шексіздік пен шекті, түр және мазмұн, мән және құбылыс, мүмкіндік және шындық, қажеттілік және кездейсоқтық, себеп және салдар, т.б.
Диалектика категориялары
Мән мен құбылыс
Жалпы мен жеке
Мазмұн мен форма
Себеп пен салдар
Қажеттілік пен кездейсоқтық
Мүмкіндік пен шындық
Жүйе – тәртіпке келген өзара байланыстағы элементтер жиынтығы.
Элемент - әрі қарабөлінбейтін жүйенің негізінде жатқан оның бөліктері.әрбір элемент бедгілі бір жүйенің қалыптасуына қатысады.
Бүтін - өзінің іштей байланысты құрамдас бөліктерін бірлікке әкеліп, оны анықтайды.
Бөлшек – бүтіннің құрамына кіріп, оның сапалық қасиеттерін өз бойына қабылдау.
Мазмұн – заттың немесе құбылыстың барлық құрамдас бөліктерінің жиынтығы, олардың қасиеттері мен байланыстары, қайшылықтары жатады.
Форма – мазмұнның өмір сүру тәсілі, оның ішкі ұйымдасу тәртібі.
Себеп, салдарлық байланыстар детерменизм (лат. анықтау) – дүниедегі заттар мен құбылыстардың белгілі бір заңдылықтардың негізіндегі байланыстары мен өзара тигізетін ықпалдарының арқасында өзгеріске түсуін зерттейтін ілім. Оған қарсы индетерминизм (лат анықталмайды) болмыстың себептілінгін мойындамайтын ілім.
Себеп – зат немесе құбыфлыстың белгілі бір жағдайлардағы өзара әрекет негізіндегі қажетті түрде өзгеруі, я болмаса екінші зат, құбылысты тудыруын айтамыз.
Салдар – белгілі бір себептердің негізде пайда болған зат, құбылыс.
Мүмкіндік – заттың болашағы, өзеру мен дамуының көрініс табатын кейбір нышандар, алғышарттар. Филос. ендірген Аристотель(гр. динамика- мүмкіндік, энергия- шындық, лат. акт- шындық, потеция – мүмкіндік). Аристотель бойынша материя – таза мүмкіндік, оны шындыққа айналдыратын – эйдос, форма.
Шындық – заттың актуальды болмысы, мүмкіндік – ішкі қайшылықтардан шығатын заттың дамуының бағыттары, алғышарты.
Мүмкіндіктің шындыққа айналуы қажетілік пен кездейсоқтықтың өзара диалектикалық байланысының нәтижесінде іске асады.
Қажеттлік – зат не қозғалыстың дамуындағы болмай қалмайтын, әрдайым іске асатын жақтары.
Достарыңызбен бөлісу: |