Философия біздің дәуірімізге дейінгі бірінші мыңжылдықтың ортасында, бір-біріне байланыссыз, дербес және тәуелсіз түрде Ежелгі Үндіде, Ежелгі Қытайда және Ежелгі Грецияда пайда болды. Және барлық үш аймақта да философия – мифология негізінде қалыптасты. Бастапқыда философиялық даналық-дәстүрлі өмір салт пен түсінікке қарсы бағытталған сын, патриархалды қағидалардың әділдігі мен ақиқаттығына білдірілген алғашқы күмән ретінде қалыптасты. Өйткені табиғи және әлеуметтік шындықты жеткілікті түсіндіре алмаған діни- мифологиялық сананың дағдарысы кезеңінде ақиқатты жалпыдан, табиғиды жасандыдан ажырату, жаңа өмірлік бағдар мен берік те сенімді дүниетаным құру қажеттілігі туды. Дүние және адамды рационалды ұғыну талпыныстары алдымен алғы философияға, содан соң философияға әкелді.
• “Философия” термині үш мағынада қолданылады: біріншіден, философия –дүниеге көзқарастың бір түрі; екіншіден, философия - өзінің зерттеу пəні бар ерекшеғылым саласы; үшіншіден, философия адамзат өмірінде айрықша орын алатын адамның рухани қызметінің үлкен бір саласы, қоғамдық сананың ерекше формасы.
.• Философия адамның дүниеде болуының көптүрлі формалары мен жолдарын, сол формалар мен жолдардың ең алдымен мəнділігі мен мəндігін айқындау, сол мəндерді адам көңіл күйінде, жан толғанысында игеріп, əркімнің жеке басының өзіндік рухани ырзығы етудің түрі, соны жасаудағы рухани қызмет.
• “Адам-əлем” қатынасы философияның көптеген мəселелерін қамтитын танымның жүйелі субстанциясы. Сондықтан философияның негізгі қызметі – адамның дүниеде болуының белгілі бір мəнді жолдарын көрсету, өмірдің осындай формаларын бейнелеу
.• Философияның негізгі мəселесі: ойлаудың болмысқа (немесе рухтың табиғатқа) қатынасы. Философияның бұл өзекті мəселесі философия тарихының өне бойынан өтіп,оны мол рухани құндылық ретінде анықтайды.
• Философия – жалпы методология, яғни əдістердің теориясы, ал теория білімнің адекватты формасы. Философиялық заңдардың, принциптердің,ұғымдар мен категориялардың табиғат, қоғам, адам ойлауының дамуын, жалпы дүниетаным үшін маңызы зор
• Философияның негізгі функциялары (қызметі): экспликациялық, рационализациялық, жүйелеу, сыншылдық, интегративтік, синтездеу, дүниеге көзқарастық, гносеологиялық, логикалық, гуманистік, аксиологиялық, тəрбиелілік
Философия сөзінің мағынасы, философия ізденіс жəне адамның өз болмысының негізгі сауалдарына жауап табуы ретінде, философия данышпандылыққа құштарлық ретінде, парасатты жəне дұрыс өмір туралы ілім ретінде. Философиялық ойлаудың үлгілері. Дүниеге философиялық қатынастың ерекшелігі. Даналық - моральмен байланысқан, дұрыс өмір сүре білу дағдысымен, өз позициясын дұрыс таңдай білумен байланысты білім ретінде. Теориялық кəсіби философия жəне тəжірибелік өмірлік философия. Философия - адамның бағыт-бағдары тұрғысынан қарастырылатын идеялар, мəселелер туралы ойлау ретінде. Дүниетанымның типтері ретіндегі философия туралы түсінік. Миф, дін, философия, ғылым: олардың ортақ жəне ерекшелік сипаттары.• Философия - бүкіл ғылыми жүйелердің көнесі.
Қорытынды
Философиядағы өзекті мəселе адам өмірінің мəні мен болу проблемасы болып табылады.Тіпті ежелгі философтар адамның философия, адамның өзі туралы білуі, адамның өмір сүруінің барлық жұмбақтарын біле алатыны туралы айтқан. Адам – эпистемологияның (білімнің) мəні жəне сонымен бірге ол білуге қабілетті. Адам өзінің мəнін, өмірдің мағынасын түсінген кезде, өміріндегі көптеген сұрақтарды шешеді.
Адам өмірінің философиясының мағынасы қысқаша. Өмірдің мəні – кез-келген нысанның, нысанның немесе құбылыстың мақсатын анықтайтын негізгі идея. Нақты мағынаны толығымен түсінуге болмаса да, ол адамның терең терең құрылымдарында болуы мүмкін, бұл адамның тек мағынасын тек үстіңгі идеясы бар. Ол оны ішке қарай немесе белгілі бір белгілермен, символдарымен біле алады, бірақ бүкіл мағынасы ешқашан бетіне келмейді, тек ақылды ақыл-ойлар оны түсінуі мүмкін.