Философияның пайда болуы



бет27/70
Дата08.02.2022
өлшемі127,74 Kb.
#120521
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   70
Байланысты:
философия

3.3 Софистік мектеп
«Софистика» және «софист» терминдері ежелгі гректің «даналық» сөзінен бастау алады. «Софист» сөзі дәлме-дәл аударғанда «дана, шебер, білгір» мағынасын береді.
Софистер - б.д.д. V-ғ басы мен IV-ғасырдың бірінші жартысы аралығында өмір сүрген, төлемақы үшін дәріс беретін «даналық ұстаздарының» шартты атауы. Софистік мектеп өкілдері теоретик-философтар, скептиктер, субъективтер, рационалистер, сенсуалистер және анархистер ретінде ғана емес, полис азаматтарын арнайы төлемақы үшін шешендік өнерге, дау-таласта қарсыласты жеңе білуге және өз пікірін дәлелдеп шығуға баулитын педагогтар болды. Олар шындық, ақиқат шешімге ұмтылуды емес, жеңіске жетуді ғана мақсат тұтты, пікірсайыстарда «кімге болмасын, ненің болмасын дұрыстығын» дәлелдеу тәсілі ретінде арнайы оқытылды. Сондықтан «софист» сөзі жағымсыз мағынаға ие болды. Соған қарамастан софистер риторика (шешендік өнер) мен тіл ғылымдары (лингвистика) дамуында маңызды рөл атқарды: олар ашқан софизмдер (парадокстер) логиканың қалыптасуына түрткі болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   70




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет