шамамен, б.д.д. 504-501 жылдарда туылған, дүние салған уақыты беймәлім
3
Зенон
б.д.д. 490-430
4
Самостық Мелисс
б.д.д. V ғасыр
Элеаттықтар бірінші болып дүниені рационалды түрде, барынша жалпы «болмыс», «бейболмыс» «қозғалыс» - философиялық ұғымдарын қолдана отырып түсіндіруге тырысты. Бұған дейінгі барлық философтар дүниеге деген өз көзқарастарын ғана баян еткен болса, элеаттықтар (әсіресе Парменид пен Зенон) алғаш болып дүниені рационалды тұрғыдан негіздеп, өз тұжырымдарын дәлелдеуге бет бұрды. Сезімдік тәндік дүниенің «елес» екендігі, ақиқат еместігі туралы түсінік пен баға бірінші болып элеаттықтарда туды. «Елес» дүниесіне - ақылмен ғана танылатын «ақиқат» дүниесі қарсы қойылды.
Ілім тағдыры. Элеаттықтар ілімі Платон мен Аристотель және олардан кейінгі бүкілэвропалық философияға ықпал етті, ал Зенон апориялары әлі күнге дейін толассыз қызуғышылық пен шешу жолдары туралы талпыныстарға толы.