Философияның пайда болуы


Декарт ойынша таным мақсаттары мынадай болуы тиіс



бет51/70
Дата08.02.2022
өлшемі127,74 Kb.
#120521
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   70
Байланысты:
философия

Декарт ойынша таным мақсаттары мынадай болуы тиіс:
1) адамның қоршаған дүние туралы білімдерін кеңейту және тереңдету;
2) ол білімдерді адам мүддесі үшін табиғатты барынша пайдалануға қолдану;
3) адамды жетілдіруге және тәрбиелеуге бағыттау.
4) түпкі мақсат - адамның табиғатқа үстемдігіне пайдалану.
5.3 Спиноза философиясы
Бенедикт (Барух) Спиноза (1632-1677жж.) - европалық рационализмнің көрнекті өкілі, Р.Декарт ілімін жалғастырушы, Жаңа Заманғы жетілдірілген, толық және негізделген философиялық жүйенің авторы.
Спинозаның философиялық зерттеулерінің пәні:
1) субстанция мәселесі;
2) таным теориясы;
3) этика сұрақтары, бостандық және қажеттілік мәселелері.
Спинозаның философиядағы маңызды үлесі - болмыс мәні қарастырылатын субстанция теориясын жасауында. Негізінде Декарттың субстанция туралы теориясы алынғанымен, өзі онымен келіскенімен, Спиноза Декарттың теориясының кемшіліктерін жойып, өз жүйесін қалыптастыруға тырысты.
Спиноза Декарттың субстанция туралы теориясының басты кемшілігі - оның дуализмінде деп санады. Ондағы қайшылық - өз тіршілігі үшін өзінен өзгені қажет етпейтін мән болғандарына қарамастан барлық субстанцияларды жаратқан Жалғыз және Ең жоғарғы Ең ақиқат субстанция – Құдай болып, барлық басқа субстанциялар оған тікелей тәуелді болуында. Субстанциялардың өзара тәуелсіздігі мен олардың бәрінің бір мезгілде басқа субстанцияға – Құдайға жаппай, бірдей тәуелділігінде.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   70




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет