Финляндияның білім беру жүйесі Финляндиядағы алғашқы мектеп ХVI ғасырда құрылды және ол «халықтық мектеп» деп аталды. 1921жылдан бастап елде міндетті білім жүйесі енгізілді. Финляндияда 3450 мектеп бар. Финляндияның қазіргі заманға сай білім беру жүйесі толық мемлекет иелігінде. Міндетті тегін орта білім 7 жастан бастап 16 жасқа дейінгі дайындық кезеңін қамтиды (бала 6 жасқа дейін бала бақшада тәрбиеленеді, одан кейін дайындық сыныбына барады, ал 7 жастан бастап мектепке), негізгі мектеп (1-9 сынып), жоғары мектеп (10-12 сынып) болып келеді. 9 сыныптан кейін жасөспірімдер арасында танымал болып отырған бейіндік оқыту тәжірибеге енгізілген. Білім беру жүйесінің қағидалары - барлық бала тең құқылы; - жекеменшік мектептер жоқ; - сабаққа қажет құрал-жабдықтар мен оқулықтар тегін беріледі; - түскі ас тегін; - оқушылардың жол жүру билетінің ақшасын муниципалитет төлейді; - мемлекетте мектеп инспекторлары жоқ; - мұғалімдерге толықтай сенім артады; - жемқорлық өте аз; - табиғатынан кем-тар болып туылған балалар құрдастарымен қатар отырып білім алады; - ұстаздардың оқушыны басқа мектепке көшіру немесе оқудан шығару сынды құқығы жоқ.