Физика бойынша сыныптан тыс жұмыстар, түрлері және формалары


Физиканы бағдарлы оқыту кезінде мұғалім келесі әрекеттерді жүзеге асыруы керек



бет4/8
Дата12.06.2022
өлшемі1,33 Mb.
#146423
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
15бфоә

Физиканы бағдарлы оқыту кезінде мұғалім келесі әрекеттерді жүзеге асыруы керек:

  1. Әрбір оқушының жеке ерекшеліктерін: қызығушылықтарын, оқу мотивациясын, қабілеттіліктерін, ағымдағы оқу үлгерімінің деңгейін, оқудағы өзекті қиыншылықтарын, білімі мен біліктілігіндегі қалыстарын және т.б. анықтап, есепке ала отырып, оның физиканы меңгеру траекториясын құру.

  2. Оқушының жеке ерекшеліктерін ескере отырып, оның оқу қызметін ұйымдастыру. Өз білімі мен біліктілігін жаңа практикалық жағдайларда қолдана білуді үйрету.



  1. Оқушы орындаған тапсырмаларды тексеріп, бағалау және сараптау. Оқушы жіберген қателерді талдау негізінде оның оқу қызметін түзету (коррекциялау). Жіберген қателерін оқушының өзінің түзетуін ұйымдастыру. Қажет болған жағдайда көмектесу.

  2. Оқушы білімі мен біліктілігіндегі қалыстарды жою мақсатында жүргізілетін шараларды анықтау.

  3. Оқушының зерттеу жұмыстарымен айналысуын ұйымдастыру, өзбетімен жұмыстану және

  4. шығармашылық қабілеттерін дамыту.

    1. Оны таңдаған бағдар бағытында баулу және еңбекқорлыққа,

жауапкершілікке, жігерлілікке, мақсаткерлікке, ізденімпаздылыққа
тәрбиелеу.
Мынаған былай жауап беруге болады механика бөлімі жайлы бағдарлы мектептерде қалай оқылатыны алдым,яғни бұл да физиканың бір бөлімі. Бұдан басқа материал жоқ.
Бағдарлы мектептегі механиканы оқыту әдістемесі
Механика ғылымының дүниеге келуі
Механика мәселелерінің, механика-ғылымының мәселелеріне қарағанда аясы әрі тар, әрі кең. Тар болатын себебі, мектепте тек қана механика ғылымынан әдейілеп сұрыпталып алынған аз ғана материал оқытылады. Кең болатын себебі, осы материалды оқыту барысында көптеген педагогикалық мәселелер шешімін табады. Атап айтқанда: оқушылардың ой-өрісін дамыту, дүниетанымын қалыптастыру, оқушыларды механика әдістерімен және оның негізгі түсініктерімен, шамаларымен, заңдарымен және тағы басқаларымен таныстыру.
Механиканың негізгі мәселесі – тек қана «дененің орнын кез-келген уақыт мезетінде анықтауға келіп тірелмейді. Бұл механиканың қолданбалы мәселелерінің бір дербес қана жағдайы». «И.Ньютонның қайтыс болғанына 200 жыл» деген еңбегінде А.Эйнштейн былай деп жазды: « Егер материялық нүктеге әсер ететін күш белгілі болса, онда... оның жылдамдығын және кез келген уақыт кезеңіндегі орнын табу физикалық емес, таза математикалық мәселе болып саналады». Механика табиғатта және техникада болып жатқан механикалық құбылыстарды, оның ішінде ең алдымен , механикалық өзара әсерді және денелердің қозғалысын зерттейді.
Механика ғылымы – макроскопиялық денелердің қозғалысы мен өзара әсерлесуін зерттейтін ғылым. Механика гректің mechanike деген сөзінен шыққан. Бұл машиналар жайындағы, оларды құрастыру өнері жайындағы ғылым дегенді білдіреді.
Қазігі кезде қарапайым механизмдер деп аталып жүрген алғашқы қарапайым машиналар – рычаг, сына, дөңгелек, көлбеу жазықтық және тағы басқалар өте ерте заманда пайда болған. Адамның алғашқы қаруы таяқтың өзі – рычаг. Тас балта – рычаг пен сынаның үйлесімінен тұрады. Дөңгелек қола дәуірінде пайда болған, ал одан сәл кейінірек, көлбеу жазықтық пайдаланыла бастады.
Тіпті б.э.д. Ү ғасырдың өзінде-ақ афин әскерлері (Пелопоннес соғысы) қорғанды қиратқыш машиналар – таранды, лақтыру құралдары – баллист пен катапульттарды қолданған. Бөген, пирамида, кеме және басқа құрылыстар салу, бір жағынан, механикалық құбылыстар туралы білім қорын жинақтауға себін тигізсе, екінші жағынан жаңа білімді қажет етті. Міне, осы жаңа практикалық қажеттілікке жауап ертінде жаңа білім – механика дүниеге келді.
Қарапайым машиналардың құрылысы мен қасиеттерін баяндайтын механика туралы жазылған алғашқы шығармалар – трактаттар Ежелгі Грекия ғалымдарына тиесілі. Олардың қатарында Аристотельдің (б.э.д. ІҮ ғасырда) «Физика» деп аталатын еңбегі жатады, мұнда алғаш рет ғылымға «механика» термині енгізілді. Аристотель бұл еңбегінде механикалық құбылыстар жөніндегі өзіне дейінгі ғалымдардың еңбектерін бір жүйеге келтірді.
Б.э.д. ІІІ ғасырда ежелгі грек ғалымы Архимед механикалық құбылыстарды талдау және сипаттау үшін алғаш рет математиканы пайдаланды. Архимед рычагтың тепе-теңдігі мен денелердің жүзу заңдарын тұжырымдады. Осы кезден бастап механика ғылым ретінде дами бастады.
Механиканың дамуындағы жаңа бір кезең Г.Галилейдің инерция заңын тұжырымдап, дененің құлап түсуі және маятник тербелісінің заңдарын тағайындаған еңбегімен тікелей байланысты.
Галилей және онымен замандас ғалымдардың еңбектерінде, сондай-ақ өз зерттеулерінің нәтижелеріне сүйене отырып, ағылшын ғалымы И.Ньютон денелердің механикалық қозғалысы мен өзара әсерлесуі жайында классикалық механика деп аталатын біртұтас ілімді құрды.
Механика туралы ілім ең алдымен бізді қоршаған дүниені танып білу үшін қажет, олай дейтініміз, кез келген құбылыс қозғалыспен тікелей байланысты. Шын мәнінде механика білімінсіз табиғатта болып жатқан құбылыстарды ұғыну тіпті де мүмкін емес.
Көптеген техникалық обьектілердің ( мейлі шаңсорғыш болсын, немесе ғарышкеме болсын және т.с.с.) құрылысын және жұмыс принциптерін түсіну үшін, оларды ойлап табу үшін, дұрыс және тиімді пайдалану үшін механика білімі қажет.
Сонымен қатар, механика білімінің қажеттілігі сонда, ол ғылым ретінде физиканың басқа салаларынан және басқа ғылымдардан бұрын пайда болды, оның құбылыстарды оқып-үйрену әдістері, негізгі ұғымдары физиканың басқа салаларында және физикаға жақын ғылымдарда (астрономия, электро – және радио – техника, космонавтикада және басқаларда) пайдаланылады. Механика – физиканың және көптеген басқа ғылымдардың іргетасы десек, артық айтқандық емес. Осы айтылғандардан механика білімінің кез келген мамандық иесіне қажет екенін көреміз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет