Физика және астрономия пәніне арналған Білім беру коды және бейіні: Мамандығы



бет94/120
Дата04.06.2020
өлшемі1,39 Mb.
#72350
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   120
Байланысты:
Умк (1)
Electronics Workbench бағдарламасымен танысу., Electronics Workbench бағдарламасымен танысу.

Жарық толқындары


Жоспар

  1. Жарық табиғатына көзқарастың дамуы

  2. Жарықтың шағылу заңы. Жарықтың сыну заңы. Толық шағылу құбылысы

  3. Жарық дисперсиясы. Дисперсия құбылысын бақылау

  4. Жарық интерференциясы. Жұқа қабыршықтағы жарық интерференциясы. Интерференцияның техникада қолданылуы

  5. Жарық дифракциясы. Дифракциялық тор

Мақсаты:

Түйін сөздер:жарықтың шағылу және сыну заңдары,жарық дисперсиясы,интерференциясы,дифракциясы,дифракциялық тор

Жарық табиғатына көзқарастың дамуы


Жарық табиғатына деген адамдардың көзқарасы ерте заманнан ақ қалыптаса бастаған. Осыдан екi жарым мың жыл бұрын Пифагор «әрбiр зат өзiнен аса ұсақ бөлшектер шығарады, ол бөлшектер адам көзiне жетiп, адам заттарды көредi» деп түсiндiрген. Көптеген ғасырлар бойы үстемдiк құрған осы пiкiрдi И.Ньютон одан әрi дамытты. Ол жарық бөлшектерiн корпускулалар деп атап, бұл бөлшектер инерция заңын қанағаттандырады деп есептедi. Бұлай деу тәжiрибеден байқалатын жарықтың түзу сызық бойымен таралу, шағылу заңдарын түсiндiруге мүмкiндiк беретiн. Одан әрi жарық жөнiнде жаңа тәжiрибелiк деректердiң жинақталу барысында интерференция және дифракция тәрiздi құбылыстар ашылды. Бұл құбылыстарды жарықтың корпускулалық қасиетi арқылы түсiндiру мүмкiн емес едi. Осымен байланысты ХIХ ғасырдың басында Х.Гюйгенс, Ю.Юнг және О.Френель тәрiздi ғалымдардың еңбектерiнде жарықтың толқындық теориясы ұсынылып, қалыптасты.

Жарық жөнiндегi көптеген көкейтестi мәселелердiң шешiмi тек Максвелл ойлап тапқан электромагниттiк өрiстiң теориясынан кейiн ғана табылды. Бұл теориядан жарық дегенiмiз толқын ұзындығы белгiлi бiр аралықта жатқан электромагниттiк толқындар екендiгi шығатын.



Жарықтың табиғатын түсiнуде оның жылдамдығының шектi екендiгiн анықтаудың маңызы зор болды. Жарық жылдамдығын алғаш рет ХVII ғасырдың аяғында О.Ремер өлшеген болатын. Ремер әдiсi Юпитер планетасының серiгiнiң қозғалысын бақылауға негiзделген болатын.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   120




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет