Құралдың сипаттамасы
Атвуд машинасының жұмыс істеу негізін 2 – суреттің көмегімен түсіндіруге болады. Шығыр арқылы (мүмкіндігінше аз үйкеліспен айналатын) массасы m бірдей екі жүк жіпке ілініп тұр. Бұл жағдайда жүйе тепе – теңдікте болады. Егер шығырдың бір жағында жүктің үстіне массасы m1 жүкшені қойсақ, онда жүйе F=m1 g күштің әсерінен қозғалысқа келеді және Н жол жүреді. К сақинада күшке айналып қалады және осыдан кейін жүктер h жолды бірқалыпты қозғалыспен өтеді (егер тепе – теңдікте болса).
Құралдың жалпы көрінісі 3 – суретте берілген. Табаны (2) тік бағана да (1) үш тіреуіш бекітілген: қозғалмайтын төменгі тіреуіш (3), қозғалатын ортаңғы (4) және жоғарғы кронштейн (5), тағы да жоғарғы төлке (6) бекітілген. Құралдың орналасуын түзету үшін бұрандалы таяқшалардың (7) көмегімен жасауға болады. Жоғарғы төлкеде дискінің көмегімен шығыр подшипнигінің торабы (9), шығыр (10) және электромагнит (11) бекітілген. Шығырдың ұштарында жүктері (13) бар жіп (12) асырылып тасталған. Электромагнитке қоректендіруші кернеу берілгеннен кейін, ол үйкеліс муфтасы көмегімен шығырды жүктермен қоса тыныштық күйде ұстап тұрады.
3 – сурет
Н және h жолдарын анықтауды жеңілдету үшін бағанада миллиметрлік шкала (15) бар. Барлық тіреуіштің орнын көрсеткіші бар, ол жоғарғы жүктің төменгі шекарасын қозғалыс жолының басталуымен сәйкестендіруді жеңілдетеді.
Ортаңғы тіреуіште сақина (16) және К¢1 фотоэлектрлік датчик (17) бекітілген. Сақина төмен құлап бара жатқан жүктен жүкшені (14) алып қалады, ал фотоэлектрлік датчик бұл сәтте жүктердің бірқалыпты қозғалысының басталғаны туралы электрлік импульс береді. Фотоэлектрлік датчиктің оптикалық өсі (оның корпусындағы сызық) ортаңғы тіреуіштің орын көрсеткішінің деңгейіне орналасқан.
Төменгі тіреуіште резина амортизаторлы екі төс етегіне, қозғалысын аяқтаған жүктер соқтығады және оптикалық өсі тіреуіштің орын көрсеткіші тұсында (19) фотоэлектрлік датчик орналасқан, оны құлап келе жатқан жүктің төменгі қабырғасы қиып өткенде, жүктің белгілі жол жүріп өткендігі туралы электр импульсін береді.
Құралдың табанында, оған қатаң бекітілген миллисекундомер ФПМ – 15 (20) орналасқан.
Достарыңызбен бөлісу: |