бет 2/83 Дата 26.04.2023 өлшемі 0,79 Mb. #175493
Байланысты:
Физика-математика ба ытында ы Назарбаев Зиаткерлік мектебі Бейсе Мақсаты:
Оқушылардың 5-9 сыныптарда алған базалық математикалық білімдері негізінде , олардың математикалық мәдениеті мен шығармашылық қабілеттерін дамытуды жетілдіру ;
Теориялық білімдерін практикалық дағдылары мен біліктерін дамыту арқылы бекіту;
Оқушыларға тест жұмыстарын орындау барысында қиындық тудыратын математикалық есептердің негізгі түрлерін анықтау және оларды шығарудағы негізгі идеялар , тәсілдер мен әдістерді дамыту;
Алынған нәтижелерді талдай отырып, білімдегі олқылықтарды жою жолдарын қарастыру ;
Оқушылардың алған білімдерін қортындылау, талдау дағдыларын қалыптастыруға және дамытуға жағдай жасау.
Міндеттері:
Жетелей оқытуды іске асыру. Оқушылардың математикалық білімге деген қажеттілігін қанағаттандыру, олардың пәнге қызығушылығын арттыру ;
Математикалық қабілеттерін дамыту және жетілдіру;
Аналитикалық және логикалық ойлау дағдыларын дамытып, жетілдіру;
Қажетті нақты тақырыптар бойынша математикалық білімдерін тереңдетіп, толықтыру;
Жадысы мен аналитикалық ойлауды дамытуға көмектесу ;
Күрделі есептерді шығарудағы қиындықтарды жеңе білуге тәрбиелеу;
Тестпен жұмыс жасау дағдысын қалыптастыру.
Бақылау түрлері:
Ағымдағы бақылау, практикалық, өздігінен жұмыс.
Тақырыптық бақылау: тест
Қорытынды бақылау: тоқсандық және жарты жылдық қортынды тест.
Оқушылардың біліміне, біліктілігіне қойылатын негізгі талаптар:
Практикалық тапсырмаларды орындауға уақыттың көп бөлінуі, бұл теориялық білімді пысықтаумен бірге, өздігінен шешім қабылдай білу ;
Берілген тапсырмаларға шығармашылық көзқарас:
Есептің шешімдерін алдын ала сезіну және болжай білу;
Мүмкіндіктің көп болуы;
Саналылық пен жауапкершілік ;
Ой дербестігі;
Есептің шартын тез түсініп оны жүйеге келтіріп, шығару алгоритмін таба білу. Теориялық мәліметтерді формулалар мен анықтамалар түрінде қолдана білу ;
Практикалық есеп шығару дағдыларын дамыту;
Керек нәрсені нақты білу;
Достарыңызбен бөлісу: