Бағдарламалардың білім беру және кәсіби мақсаттары/оқуды одан әрі жалғастыру мүмкіндігі: Отандық және халықаралық еңбек нарығына сай бәсекеге қабілетті бакалавр маманын даярлау. Нақты өндіріс жағдайында және қызмет иерархиясы бойынша болашақ маманның әлеуметтік, экономикалық, кәсіптік қызмет мазмұнын өзгерте алуға қабілеттілігін, біліктілігі мен білімділігін,сондай-ақ еңбек нарығында бәсекеге қабілетті маман болуын, ұйымдастырушылық-басқарушылық құзыреттілігін қамтамасыз ету.
5В060200 - “Информатика” мамандығы бойынша бакалавриат білім беру бағдарламасын аяқтаған соң магистратурада білім алуды жалғастырып, магистр академиялық дәрежесін алуға мүмкіндігі бар.
Кредиттер көрсетілген бағдарламаның құрылымы- 129 кредит + 10 кредит (іс-тәжірибе) + 8 кредит (дене шынықтыру) + 3 кредит (қорытынды аттестация) - (ECTS-225 кредит)
Пәннің коды, шифры
|
Пән атауы
|
Қазақстандық кредит саны
|
ECTS бойынша
|
|
Жалпы білім пәндері –кредит
|
33
|
50
|
|
Міндетті компонент
|
33
|
50
|
КТ 1101
|
Қазақстан тарихы
|
3
|
|
Inf1102
|
Информатика
|
3
|
|
OTKN2103
|
Өміртіршілігі қауіпсіздігі негіздері
|
2
|
|
Ale1104
|
Әлеуметтану
|
2
|
|
Etd1105
|
Экология және тұрақты даму
|
2
|
|
K(O)t1106
|
Орыс тілі
|
6
|
|
ETN2107
|
Экономикалық теория негіздері
|
2
|
|
Sht2108
|
Шетел тілі
|
6
|
|
KN2109
|
Құқық негіздері
|
2
|
|
Saya1110
|
Саясаттану
|
2
|
|
Fil2111
|
Философия
|
3
|
|
|
Базалық пәндер циклы пәндер
|
64
|
96
|
|
Міндетті компонент
|
20
|
30
|
ITMS3201
|
Ықтималдықтар теориясы және математикалық статистика
|
3
|
|
SA 3202
|
Сандық әдістер
|
3
|
|
OAOZ 3203
|
Оптимизациялық әдістер және операцияларды зерттеу
|
3
|
|
AGDT 1204
|
Алгебра, геометрия және дифференциалдық теңдеулер
|
4
|
|
PTT 1205
|
Программалау технологиясы және тілдер
|
3
|
|
KK (O)t 2206
|
Кәсіби қазақ (орыс) тілі
|
2
|
|
K-bsht 2207
|
Кәсіби бағытталған шетел тілі
|
2
|
|
|
Таңдау компоненті
|
44
|
66
|
ITN 1201
|
Информатиканың теориялық негіздері
|
3
|
|
AT 1201
|
Ақпараттық технологиялар
|
|
Prog 1202
|
Программалау
|
3
|
|
ADS 1202
|
Алгоритмдер және деректер структурасы
|
DM 1203
|
Дискретті математика
|
3
|
|
GT 1203
|
Графтар теориясы
|
EZhA 2204
|
Есептеу жүйелерінің архитектурасы
|
3
|
|
KPZh 2204
|
Қолданбалы программалық жабдықтау
|
OBP 2205
|
Обьектіге бағытталған программалау
|
3
|
|
DKAZh 2205
|
Деректер қоры және ақпараттық жүйелер
|
PK 2206
|
Перифериялық құрылғылар
|
3
|
|
SM 2206
|
Символдық математика
|
OIAT 2207
|
Оқытудағы инновациялық әдістер мен технологиялар
|
3
|
|
EOT 2207
|
Электрондық оқыту негіздері
|
PZhT 2208
|
Программалаудың жаңа технологиялары
|
3
|
|
PTTTA 2208
|
2. Программалау тілдерінің теориясы және трансляция әдістері
|
BIKZh 2209
|
Баспа ісіндегі компьютерлік жүйелер
|
3
|
|
KZh 3304
|
Компьютерлік желілер
|
KM 2210
|
Компьютерлік математика
|
3
|
|
DP 2210
|
Дербес электрондық есептеуіш машинадағы практикум
|
KG 3211
|
Компьютерлік графика
|
3
|
|
HT 3211
|
HTML-технологиялары
|
|
BKT 3212
|
Берілгендер қоры теориясы
|
3
|
|
SN 3212
|
Cхемотехника негіздері
|
|
KZhAK 3213
|
Компьютерлік жүйелерде ақпараттық қорғау
|
4
|
|
MBT 3213
|
Мобильді байланыс технологиялары
|
|
MOP 3214
|
Мультимедиалық оқыту программалары
|
4
|
|
KEA 3214
|
Көппроцессорлы электрондық есептеуіш машиналар архитектурасы
|
|
|
Кәсіби пәндер
|
32
|
48
|
|
Міндетті компонент
|
5
|
8
|
ZhP 3301
|
Жүйелік программалау
|
3
|
|
ZhIZh 4302
|
Жасанды интеллект жүйелері
|
2
|
|
|
Таңдау компоненті
|
27
|
41
|
WD 3301
|
Web-дизайн
|
3
|
|
WAT 3301
|
Web-беттерді әзірлеу технологиялары
|
|
ShKMIOE 3302
|
Шағын комплектілі мектептерде информатиканы оқыту ерекшеліктері
|
3
|
|
IOTA 3302
|
Информатиканы оқыту теориясы және әдістемесі
|
|
ATN 3303
|
Анимациялық технологиялар негіздері
|
3
|
|
OZh 3303
|
Операциялық жүйелер
|
|
EZhZhT 3304
|
Есептеу жүйелері, желілер және телекоммуникациялар
|
3
|
|
BTK 3304
|
Бұлтты технологияларға кіріспе
|
|
PE 4305
|
Параллель есептеулер
|
3
|
|
ST 4305
|
Сандық технологиялар
|
OPZhAT 4306
|
Оқу процесіндегі жаңа ақпараттық технологиялар
|
3
|
|
EORKT 4306
|
Электрондық оқыту ресурстарын құру технологиялары
|
KN 4307
|
Криптография негіздері
|
3
|
|
PI 4307
|
Педагогикалық информатика
|
VP 4308
|
Визуалды программалау
|
3
|
|
РTKOESh 4308
|
Программалау тілдері көмегімен олимпиадалық есептерді шешу
|
IM 4309
|
Имитациялық модельдеу
|
3
|
|
SZhYN 4309
|
2.Сымсыз желілерді ұйымдастыру негіздері
|
|
Жалпы кредит саны
|
129
|
194
|
Жеке пәндерді (курстарды, юниттерді) сипаттау
Курстың/пәннің/юниттің атауы: Қазақстан тарихы
Пәннің коды: КТ 1101
Пәннің типі: Жалпы білім беру, міндетті компонент
Оқу жылы: 1-ші оқу жылы
Оқу семестрі: 1
Кредит саны: 3
Дәріс беруші: Тайман С. –тарих ғылымдарының кандидаты, доцент
Курстың мақсаты: Қазақстан тарихының ертедегі дәуірінен бастап, бүгінге дейін негізгі кезеңдері туралы оның этногенезі, Қазақ халқы мемлекеттілігінің орнығуы мен дамуының үздіксіздігі, сабақтастығы туралы объективтік тарихи білім беру.
Деректемелер/Пререквизиттері: - жоқ.
Курстың/пәннің мазмұны: тарихты зерттеу әдіснамасы мен Қазақстан тарихының хронологиясы. Қазақстан ежелгі дәуірде – тас, қола, темір кезеңдері, алғашқы қауым және күрделі ұйымдастырылған, әлеуметтік дифференцияланған қоғамның қалыптасу дәуірі – сақтар, үйсіндер, қаңлылар, ғұндар. Қазақстан орта ғасыр кезеңінде – түрік мемлекеттері, моңғол шапқыншылығы, қазақ халқының және мемлекеттілігінің эволюциясы, қазақ хандығының құрылуы. Қазақстан Ресей империясының құрамында. «Алаш» қозғалысы мен «Алаш – Орда» үкіметінің тарихы. Қазақстан Кеңес өкіметінің орнауы жылдарында. ХХ ғ. Қазақстанның саяси және әлеуметтік-экономикалық дамуы. Қазақстанның тәуелсіз Республика ретінде қалыптасуы.
Ұсынылатын әдебиет:
1. Қазақстан тарихы Очерктерi. - Алматы, 1994.
2. Қазақстан тарихы І-V-том. - Алматы, 1996-2010 ж.ж.
3. Мыңжан Н. Қазақтың көне тарихы. - Алматы, 1992
5. ГумилевЛ. Көне түрiктер. - Алматы, 1992
6. Салғарин Қ. Қазақтың қилы тарихы. - Алматы, 1993
7. Көмеков А. Қыпшақтардың саяси тарихы, қарым-қатынастары. - Алматы, 1994.
8. Маданов Х. Ұлы дала тарихы. - Алматы, 1994ж.
9. Бекмаханов ХІХ ғ 20-40 жж Қазақстан. - Алматы, 1992
10.Қозыбаев М. Жауға шаптым ту байлап. - Алматы, 1990
11. Қазақстан тарихы очерктер. - Алматы, 1994.
12. Қойгелдиев М. Алаш қозғалысы. - Алматы, 1995ж
13. Аничкин И. Жанкожа Нурмухамедулы. - Алматы, 1997г
14. Нурпейсов Н. Алаш пен Алашорда. - Алматы, 1994ж
15. Назарбаев Н.А. Казахстан-2030. - Алматы, 1997г
16. ҚР Конституциясы. - Алматы, 1995 ж.
17. ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз». 28 қаңтар, 2011жыл. Егемен Қазақстан.
Сабақ беру әдістері: Оқытудың дәстүрлі әдістері – лекциялық және практикалық сабақтар; интерактивті әдістер – шағын топтарда жұмыс, пікір-талас, презентация, кластер құрастыру; интерактивті тақтаны пайдалану.
Бағалау әдісі: әріптік-рейтингтік жүйе 100 баллдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, мемлекеттік емтихан, қорытынды баға.
Оқу тілі: қазақ, орыс тілі
Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: кітапхана қоры, электрондық оқулықтар, интернет-кластары, электронды білім ресурстары (Республикалық ЖЖЖ аралық электронды кітапхана).
Курстың/пәннің/юниттің атауы: Информатика
Пәннің коды: Inf 1102
Пәннің типі: Жалпы білім беру, міндетті компонент
Оқу жылы: 1-ші оқу жылы
Оқу семестрі: 1
Кредит саны: 3
Дәріс беруші: Шамсиева Н.С. -педагогика ғылымдарының магистрі, аға оқытушы
Курстың мақсаты: Информатика пәнiн оқыту мақсаты студенттерге есептердi компьютер көмегiмен шешу әдiстерiн оқыту және оларды компьютерлiк жүйе мен ақпараттық технологияларды болашақ қызметiнде тиiмдi қолдануына дайындау болып табылады. Информатиканың негiзгi ұғымдарын игеру мақсатында студенттердiң “алгоритмдiк“ ойлау дағдыларын қалыптастыру, ақпаратты қазiргi қоғамның ресурсы ретiнде бейнелеу және ақпараттық ресурстарды басқару әдiстерiн оқыту; Студенттердi қазiргi заманғы озық әмбебап компьютерлердiң құрылысымен таныстыру және олардың компьютерде жұмыс iстеу дағдысын қалыптастыру; Студенттерге алгоритмдiк тiлдердi, программалау әдiстерiн, ақпараттық жүйелер негiздерiн оқыту; Қазiргi заманғы ақпараттық технологиялардың мүмкiндiктерiн ашып көрсету және олардың даму перспективасын түсiндiру.
Деректемелері/Пререквизиттері: орта мектеп “Информатика” пәнінің курсы
Курстың/пәннің мазмұны: Информатика пәнi ақпараттың құрылымын, жалпы қасиеттерiн, сонымен қатар оны жинау, өңдеу, сақтау, тасымалдау және сипаттау әдiстерiн зерттейдi. Ақпаратты сипаттау және өңдеу, оның құрылымы мен түрлерiн талдау әдiстерiн бiлуi тиiс; Басқарушылық сипаттағы есептердi компьютер көмегiмен шешудiң алгоритмдерi мен программаларын жасау әдiстерiн меңгеруi тиiс; Дербес компьютермен, операциялық жүйелермен, түрлi редакторлармен, кестелiк процессорлармен, деректер қоймасын басқару жүйелерiмен, қолданбалы программалар пакетiмен жұмыс iстеу дағдыларын қалыптастыруға және компьютерлiк желi қызметiн қолдана бiлуге тиiс; Деректер қоймаларын, ақпараттық жүйелерiн жобалау және жасауды үйрену; Арнайы есептердi щешуге арналған қолданбалы программалық қамсыздандыруды жасай бiлу; Компьютерлiк жүйелер мен ақпараттық технологиялардың заман талабына сай жиi өзгерiске түсуiн қадағалай бiлу.
Ұсынылатын әдебиет:
Балапанов Е.Қ., Бөрібаев Б.Б., А.Б. Дәулетқұлов Жаңа Ақпаратлық технологиялар: Информатикадан 30 сабақ -Алматы, ЖТИ, 2004-408 б.
Симонович С.В. и др. Информатика. Базовый курс -СПб, Питер, 2003г.
Мюллер С. Модернизация и ремонт персональных компьютеров. - М.: Бином, 1997.
Сабақ беру әдістері: Оқытудың дәстүрлі әдістері – лекциялық және практикалық сабақтар; интерактивті әдістер – шағын топтарда жұмыс, пікір-талас, ролдік ойындар, презентация, кластер құрастыру; интерактивті тақтаны пайдалану.
Бағалау әдісі: әріптік-рейтингтік жүйе 100 баллдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан, қорытынды баға.
Оқу тілі: қазақ тілі, орыс тілі
Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: кітапхана қоры, электрондық оқулықтар, интернет-кластары, электронды білім ресурстары (ХЭКР – халықаралық электронды кітапханалар ресурсы).
Курстың/пәннің/юниттің атауы: Өмір тіршілігі қауіпсіздігінің негіздері
Пәннің коды: OTKN 2103
Пәннің типі: Жалпы білім беру, міндетті компонент
Оқу жылы: 2-ші оқу жылы
Оқу семестрі: 3
Кредит саны: 2
Дәріс беруші: Жиенбаева Л.Б., аға оқытушы
Курстың мақсаты: студенттердің болашақ маман, азамат ретінде төтенше жағдай кезіәнде өзін-өзі ұстай білуі, өзіндік көмек және өзара көмек көрсете алуы мен хабарлау, басқару жұмыстарын ұйымдастыру жолдарын оқытады, практикалық іс-әрекеттерге үйретеді.
Деректемелері/ пререквизиттерi: орта мектеп “Химия”, “Биология” пәндерінің курстары
Курстың/пәннің мазмұны:
Кіріспе. ТЖ кезіндегі АҚ міндеттері мен орны АҚ құрылымдары.. Тіршілік қауіпсіздігін ұйымдастырудың негіздері. ҚР АҚ туралы заңы.7.05.1997ж. Төтенше жағдайлардың жіктелуі. ЖЗҚ түрлері, қауіпті өндірістік нысандардағы аварияларға сипаттама.Табиғи және техногендік сипаттағы ТЖтуралы ҚРзаңы.5.07.1996ж. Табиғи және техногендік сипаттағы ТЖ сипаттама.Апат, авария, зілзала. Қазақстандағы табиғи сипаттағы ТЖ. Химиялық қауіпті нысандардағы авариялар кезінде жүргізілетін іс-шаралар. ҚӘУЗ олардың жіктелуі.Уланған кезде көрсетілетін алғашқы көмек. Өрттер мен жарылыстар.Табиғи және техногендік өрттер.Өрттен қорғауға арналған іс-шаралар.Өрт сөндіру құралдары. Жұқпалы аурулар олардың алдын алу Карантин, Обсервация. Сақтандыру іс-шараларының түрлері. Жарақаттанғанда, қан кеткенде,сүйек сынғанда, буын шыққанда, күйгенде, үсігенде көрсетілетін алғашқы көмек. Жарақатқа таңғыш қою әдістері. Жарақат көрсеткіштері және оның себептерін зерттеу әдістері.
Ұсынылатын әдебиет:
Суворовцев.А.А., Мельников Е.Н., и др. «Безопасность жизнедеятельности». Учебное пособие. АЧС РК. 2004г.
Белов С. В. Безопасность жизнедеятельности: Учебник для вузов - М.: Высшая школа, 2002г.
Белов С. В. и др. Безопасность жизнедеятельности. - Москва ВШ, 2001.
Безопасность жизнедеятельности. Учебное пособие, книга 1. - Алматы: Республиканские курсы ЧС и ГО, 2002г.
Сабақ беру әдістері: Оқытудың дәстүрлі әдістері – лекциялық және практикалық сабақтар; интерактивті әдістер – шағын топтарда жұмыс, пікір-талас, ролдік ойындар, презентация, кластер құрастыру; интерактивті тақтаны пайдалану.
Бағалау әдісі: әріптік-рейтингтік жүйе 100 баллдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан, қорытынды баға.
Оқу тілі: қазақ тілі, орыс тілі
Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: кітапхана қоры, электрондық оқулықтар, интернет-кластары, электронды білім ресурстары (ХЭКР – халықаралық электронды кітапханалар ресурсы).
Курстың/пәннің/юниттің атауы: Әлеуметтану
Пәннің коды: Ale 1104
Пәннің типі: Жалпы білім беру, міндетті компонент
Оқу жылы: 2-ші оқу жылы
Оқу семестрі: 3
Кредит саны: 2
Дәріс беруші: Сахиев С.Е., саясат ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы
Курстың мақсаты: Студенттерге болашақ мамандар ретінде айналасындағы әлеуметтік әлемді ғылыми тұрғыда тануға жол ашатын әлеуметтанулық ғылымның әдістемелері мен әдістерін, қажетті әлеуметтанулық білім көлемін алуды меңзейді. Әлеуметтану, әлеуметтік өзара әрекеттестікпен даму заңдылықтарының қызмет ету ерекшеліктері, әлеуметтік институттардың қызмет етуі мен дамуы, әлеуметтік құрылымы мен әлеуметтік қатынас ерекшеліктері жайлы, адамның әлеуметтік нақтылық пен өзара байланысқа түсуі және әлемдік қауымдастықтың даму тенденциялары туралы түсінік беру.
Деректемелер/Пререквизиттері: - Қазақстан тарихы, Мәдениеттану.
Курстың/пәннің мазмұны: Әлеуметтану - әлеуметтік дүние, тұлғаның әлеуметтік өзара қатынастарын қарастырып, адамдар өз өмірін қамтамасыз етіп қоғамдық қатынастарды реттеу үшін, ұрпақ қалдырып қоғамның біртұтастығын сақтап қалу мақсатында құрған күрделі әлеуметтік жүйелер, әлеуметтік институттар туралы ғылым. Әлеуметтану тарихының негізгі бағыттары. Қоғам әлеуметтік жүйе ретінде. Арнайы әлеуметтанулық теориялар және әлеуметтанулық зерттеу жүргізудің әдістері.
Ұсынылатын әдебиет:
1. Икенов А.И., Жүсіпова А.Д. Әлеуметтану негіздері - Алматы, Экономика,2004ж
2. Әбсаттаров Р., Дәкенов М. Әлеуметтану - Алматы, Ғылым, 2003ж
3.Әженов М., М.Садырова Қоғамның әлеуметтік құрылым - Алматы, Қазақ университеті, 2002ж
4.Әлемдік Әлеуметтану антологиясы - Алматы, Қазақстан, 2006ж
5. Қазақ даласының ойшылдары (ІХ-ХІІғғ.) - Алматы: Ғылым,1995ж
6. Абай Қара сөздері - Алматы, 1993ж
7. Тажин М., Аяған.Б. Социология негіздері - Алматы,1992ж
8. Сорокин. П. Человек. Цивилизация. Общество. - Москав,1992ж
9. Қазақстан Республикасының Конституциясы. - Алматы, 1995 ж.
10. Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз». 28 қаңтар, 2011жыл. Егемен Қазақстан
Сабақ беру әдістері: Оқытудың дәстүрлі әдістері – лекциялық және практикалық сабақтар; интерактивті әдістер – шағын топтарда жұмыс, пікір-талас, презентация, кластер құрастыру; интерактивті тақтаны пайдалану.
Бағалау әдісі: әріптік-рейтингтік жүйе 100 баллдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан - тест, қорытынды баға.
Оқу тілі: қазақ, орыс тілі
Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: кітапхана қоры, электрондық оқулықтар, интернет-кластары, электронды білім ресурстары (Республикалық ЖЖЖ аралық электронды кітапхана).
Курстың/пәннің/юниттің атауы: Экология және тұрақты даму
Пәннің коды: Etd 1105
Пәннің типі: Жалпы білім беру, міндетті компонент
Оқу жылы: 1-ші оқу жылы
Оқу семестрі: 1
Кредит саны: 2
Дәріс беруші: Ізбасарова Ж. -аға оқытушы
Курстың мақсаты: Қазіргі кезде адамның қоршаған ортамен қарым-қатынасы ерекше маңызға ие болып отыр. «Экология» пәні экологиялық міндетін, нақты экологиялық жағдайды терең түсіне отырып экологиялық білім мен тәрбие, қоршаған ортаны жақсарту, қалыптастыру болып табылады.
Деректемелері/Пререквизиттері: орта мектеп “Өсімдіктану”, “Жануартану”, “Тәнтану”, “Тіршіліктану” пәндерінің курсы
Курстың/пәннің мазмұны: 18 ғ. Бастап экологияның даму кезеңдері. Популяцияның құрылымы. Популяцияның түрден айырмашалағы. Экологиялық қойма ұғымы. Г.Ф.Гаузенің «Бәсекелестік ығыстыру» ережесі. Биоалуантүрлілік мәселесі-өзекті экологиялық мәселелердің бірі. Қазақстан Республикасының экологиялық саясаты. Тұрақты даму концепциясы.Атмосфераны қорғау және климаттың антропогендік өзг еруінің алдын алу. ҚР атмосфералық ауаны ластаудан қорғау заңы. Қалдықтарды қауіпсіз жою мәселелері. Қалдықтарды шикізат ретінде пайдалану мүмкіндігі.
Ұсынылатын әдебиет:
Оспанова Г.С., Бозшатаева Г. «Экология» Алматы, 2002ж.
Баешов А және т.б. «Экология негіздері» Түркістан, 2000ж.
Сағымбаев Ғ. «Экология негіздері» Алматы, 1995ж.
Бейсенова Ә.С., Шілдебаев Ж.Б., Сауытбаева Г.З. «Экология» Алматы, 2001ж
Сабақ беру әдістері: Оқытудың дәстүрлі әдістері – лекциялық және практикалық сабақтар; интерактивті әдістер – шағын топтарда жұмыс, пікір-талас, ролдік ойындар, презентация, кластер құрастыру; интерактивті тақтаны пайдалану.
Бағалау әдісі: әріптік-рейтингтік жүйе 100 баллдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан, қорытынды баға.
Оқу тілі: қазақ тілі, орыс тілі
Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: кітапхана қоры, электрондық оқулықтар, интернет-кластары, электронды білім ресурстары (ХЭКР – халықаралық электронды кітапханалар ресурсы).
Название курса/дисциплины/юнита: Русский язык
Код дисциплины : K (O)t-1102
Тип дисциплины: общеобразовательные, обязательный компонент
Год обучения : 1-год обучения
Семестр обучения : 1,2
Количество кредитов: 6
Ф.И.О. лектора/профессора: Наметша Р., старший преподаватель
Цель курса (ожидаемые цели обучения и приобретаемые компетенции): расширение лексического минимума общеупотребительных слов и словосочетаний, овладения граммати-ческими формами и конструциями на уровне их употребления в речи. Овладение лексичес-ким и термонологическим минимуом по специальности. Построение различных типовв ре-чевой деятельности: беседа, описание, информирование.
Пререквизиты:
Содержание курса/дисциплины: Грамматические формы и конструкции в функциональ-ном аспекте, Реппродуцирование адапттированных и продуцирование несложных прагмати-ческих текстов, диаологических и монологических высказывании в устоной и письменной форме, на темы, актуальные для социально-бытовой и профессиональной сфере, по разным видам речевой деятельности, говорению, аудированию, чтению, письму. Развитие учебно-профессиональной речи: вырботка умений и навыков чтения, слушания, конспектирования литаратуры по специальности.
Рекомендуемая литература:
1. Жаналина Л.К., Мусатаева М.Ш. Практический курс русского языка. Алматы, 2005 г.
2. Дудников А.В. и др. Русский язык. М., 1981 г.
3. Ворожбицкая И.И. и др. Русский язык. Москва. 1987 г.
4. Городилова Г.Г. и др. Практикум по развитию речи. Учебное пособие для педагогических институтов. Л., 1988 г.
5. Греков В.Ф., Крючков С.Е. Чешко Л.А. Пособие для занятий по русскому языку. Москва. 1966 г.
6. Метса А.А. и др. Русский язык. Москва. 1991 г.
7. Надежина И.Ф. и др. Учебник русского языка: Для национальных групп неязыковых вузов. 3-е изд. М., 1985 г.
8. Насырова М.Р. Практический курс русского языка. Алматы. 1991 г.
Методы преподавания: лекция, практика, проблемные методы обучения, деловая игра, мо-дульная технология, репродуктивные методы, объяснительно-иллюстративный метод, час-тично-поисковые или эвристические методы.
Методы формы оценки: буквенно-рейтинговая система, посещаемость, активность на заниятиях, групповая презентация, выполнение практических задач
Язык обучения : русский
Условия (требований для обучения специальности (ступени): библиотечный фонд, вертуальная лаборатория, интерактивная доска, электронные учебники, электронно-образовательные ресурсы.
Курстың/пәннің/юниттің атауы: Экономикалық теория негіздері
Пәннің коды: ETN 2107
Пәннің типі: Жалпы білім беру, міндетті компонент
Оқу жылы: 2-ші оқу жылы
Оқу семестрі: 3
Кредит саны: 2
Дәріс беруші: Тоқжолов Б.А. , аға оқытушы; Айкупешова Д.М, аға оқытушы
Курстын мақсаты: Студенттердің заман талабына сай экономикалық ой-өрісін кеңейту болып табылады. Ол қазіргі демократиялық қоғам идеясымен жаңа қағидаларға сүйеніп, ұлттық және әлемдік экономикалық ойларға бағытталуы қажет. Қазақстан Республикасындағы жаңа қатынастардың сапалы экономикалық жүйесінде болуын талап етеді№
Деректемелері/Пререквизиттері: Математика. Құқық негіздері. Саясаттану.
Курстың/пәннің мазмұны: Қоғам дамуындағы экономикалық теорияның орны мен рөлі. Экономиканың негізгі мәселелері. Экономикалық категориялар және заңдар, экономикалық үрдістерді оқу әдістері, ерекшеліктері. Меншік қатынастары және экономикалық жүйелер типтері. Нарықтың қалыптасу заңдары және посткеңестік елдердегі нарықтың құрылу ерекшеліктері; нарықтың негізгі заңдары мен категориялары; жеке ұдайы өндірістің қағидалары, шығындардың қалыптасу ерекшеліктері мен түрлері, өндірістік факторлар нарығының, олардың бағасы мен табысының ерекшеліктері. Микро және макродеңгейдегі экономика мәселелерінің өзара байланысы, макро-экономиканың қызмет ету заңдылықтары; экономикалық өсу және оның түрлері; экономикалық цикл және әлеуметтік-экономикалық циклдылық мәселелері. Қазіргі экономикалық жүйедегі мемлекет. Қоғам дамуындағы экономикалық теорияның орны мен рөлі. Экономиканың негізгі мәселелері. Экономикалық категориялар және заңдар, экономикалық үрдістерді оқу әдістері, ерекшеліктері. Меншік қатынастары және экономикалық жүйелер типтері.
Ұсынылатын әдебиет:
1. Экономикалық теория. Оқу құралы. - Алматы, 1999;
2. Жалпы экономикалық теория. Оқулық / Редактор жетекшісі Шеденов Ө.Қ. – Алматы-Ақтөбе, 2002;
3. Осипова Г.М. Экономикалық теория негіздері. – Алматы, 2002;
4. Байгісиев Н. Халықаралық экономикалық қатынастар. Оқу құралы. - Алматы, «Санат», 1998;
5. Видяпин В.И. Экономическая теория. – Москва, 2001;
6. Добрынин А.И., Тарасевич Л.С. Экономическая теория. Изд. 3-е. СПб, ГУЭФ, 2000;
7. Жунісов Б.С., Мамбетов Ұ.Е., Байжомартов Ұ.С. Нарықты экономиканың негіздері. Оқу-әдістем елік құралы. – Ақтөбе, 1993.
Сабақ беру әдістері: Оқытудың дәстүрлі әдістері – лекциялық және практикалық сабақтар; интерактивті әдістер – шағын топтарда жұмыс, пікір-талас, ролдік ойындар, презентация, кластер құрастыру; интерактивті тақтаны пайдалану.
Бағалау әдісі: : Әріптік-рейтингтік жүйе 100 баллдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан, қорытынды баға.
Оқу тілі: қазақ, орыс
Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: Компьютер класы, кітапхана қоры, интернет ресурстары, интерактивті тақтаны пайдалану.
Курстың/пәннің/юниттің атауы: Шетел тілі
Пәннің коды: ShT 2108
Пәннің типі: Жалпы білім беру, міндетті компонент
Оқу жылы: 1-ші оқу жылы
Оқу семестрі: 1, 2
Кредит саны: 6
Дәріс беруші: Танирбергенова С.С., аға оқытушы; Оспанова Б.Ж., аға оқытушы
Курстың мақсаты: Студенттерді күнделікті өмірде, тұрмыста кездесетін формалар, ауызекі сөйлесу тілі және белгілі бір мамандық саласында күнделікті, өмірде, кәсіби қарым-қатынас жасағанда шет ел тілін белсенді қолдана білуге үйрету. Сонымен қатар оқу бағдарламасында белгіленген шектеулі сағат көлемінде студенттерге мамандығы бойынша шет ел тілінде кәсіптік бағдарда білім берумен қатар этномәдени, рухани тақырыптардан ақпарат беріп, соның нәтижесінде жаратылыстану және гуманитарлық саладағы болашақ мамандарды оқытуды гуманизациялауды іске асыру.
Пререквизиттер: Жоғары оқу орнына дейінгі білім алушылардың шет тілі курсынан мектеп бағдарламасы аясында меңгерген біліктіліктерін және ауыз екі тіліндегі сөйлесім, жазылым, оқылым, тыңдалым дағдыларын ескеру.
Бағдарламаның қысқаша курсы: Шет ел тілі курсын меңгеру барысында студент төмендегі талаптарды меңгеруі тиіс:
фонетика: дыбыстардың оқылу ережелері және алфавиттегі әріптерді сөз тіркесінде, әріп тіркестерінде, сөйленімдерде, дұрыс айту;
орфография: белгілі бір дыбыстарға сәйкес келетін әріптер мен әріп тіркесін жаза білу, негізгі тілдік қолданыста жиі кездесетін белгілерінің орфография жағынан дұрыстығы, сәйкестігі;
лексика: сөзжасам үлгілері, көп мағыналы сөздердің контекстегі мағынасы, оқылатын мамандыққа байланысты терминдер мен лексикалық құрылымдар;
грамматика: негізгі жаратылыстану-гуманитарлық мамандықтары саласында жиі кездесетін грамматикалық құбылыстар.
Ұсынылатын әдебиет:
Inside out Grammar companion (Elementary), 2007
А.С. Восковская, Г.А.Карпова Английский язык для вузов Ростов-на –Дону «Феникс» 2005
К.Жаңабаева. Basic English. Практическое пособие по изучению основ английского языка. Алматы, 2003
Liz and John Soars. New Headway. Elementary. Student’s book. Oxford. 2000
Liz and John Soars. New Headway. Elementary. Work book. Oxford. 2000
Дудкина г.А., Павлова М.В. Учебник английского языка для делового общения М, 1996.
Сабақ беру әдістері: Проблемалық, ізденушілік, ауызша баяндау әдістері, топтық жарыс, миға шабуыл, интерактивті кешендер, деңгейлеп-саралап оқыту, дамыта оқыту.
Бағалау әдісі: Баллдық-рейтинг жүйесі (ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан)..
Оқу тілі: ағылшын тілі
Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: материалдық база, кітапхана қоры, зертханалар, оқу-әдістемелік кешендер.
Курстың/пәннің/юниттің атауы: Құқық негіздері
Пәннің коды: KN 2109
Пәннің типі: Жалпы білім беру, міндетті компонент
Оқу жылы: 2-ші оқу жылы
Оқу семестрі: 4
Кредит саны: 2
Дәріс беруші: Нарикбаев Ә, аға оқытушы; Қындыбаева Р.Р., аға оқытушы
Курстың мақсаты: Заң мамандығын алмайтын студенттерге мемлекет пен құқық теориясының, мораль ұғымының басты түсінігін студенттердің білуі; ұлттық құқықтың жетекші салаларының шеңберінде қажетті білім беру; Қазақстан Республикасының құқықтық жүйесінің дамуының алғышартымен және мәселелерімен таныстыру;
Қазақстандық мемлекеттік- құқықтық механизмнің жетілдірілуінің саяси- құқықтық жолдарын анықтау; Студенттердің ҚР конституциялық құрылымын, мемлекеттік билік жүйесін және олардың басқа қоғамдық- саяси институттармен өзара қатынасын білуі; Студенттердің адам және азаматтық құқықтық жағдайын негіздерін білуі;
Студенттердің егеменді Қазақстанның құқық салаларын білуі (азаматтық, отбасы, еңбек, әкімшілік, қаржы, қылмыстық т.б.)
Деректемелер/Пререквизиттері: Қазақстан тарихы, Саясаттану, Мемлекет және құқық тарихы, Экономикалық теория
Курстың/пәннің мазмұны: «Құқық негіздері» курсы әлеуметтік-гуманитарлық цикл пәндерінің бірі ретінде жоғары білімді мамандар даярлауда үлкен маңызға ие. Қазіргі уақытты алғышарттардың бірі болып құқықтық тәрбие, заңдық білімдерді нақтылау сияқты мәселелер қарастырылуда. Осыған байланысты аталмыш курс бағдарламасында демократиялық, құқықтық мемлекет құру, адам мен азаматтың құқығы мен бостандығының негізгі қағидалары, заң және оның түрлері сияқты ұғымдар тереңірек қарастырылады. Мемлекет пен құқық негізі ұғымдары мен түсініктері. Құқықтық қатынастар. Заңды мінезқұлық және құ-қық бұзушылық. Заңды жауапкершілік. Қазақстан Республикасы конституциялық құқығының негіздері. Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық негіздері. Қазақстан Республикасы азаматтық құқық негіздері. Қазақстан Республикасының отбасы құқығы негіздері. Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдарының қызметі мен ұйымдастырылуы негіздері. Қазақстан Республикасының қаржы құқығы негіздері. Қазақстан Республика-сының қылмыстық іс жүргізу және азаматтық іс жүргізу құқықтарының негіздері. Халықаралық құқық негіздері т.б.
Ұсынылатын әдебиет:
Қазақтың ата заңы 1,2,3,4,5,6,7,8,9,
Сапарғалиев Ғ.С. Мемлекет және құқық негіздері Алматы, 1999ж.
Өзбекұлы С., Қопабаев Ө. «Мемлекет және құқық теориясы». Алматы, Жеті жарғы, 2006ж.
Ағыбаев А.Н. Қылмыстық құқық. Оқулық. Ерекше бөлім, Алматы, 2000 ж.
Байжанов Н. Неке және отбасы. Алматы, 1997ж.
Сапарғалиев Ғ.С. Қазақстан Республикасының Конституциялық құқығы. Оқулық. Алматы, 1997ж,
Төлеуғалиев Г.И. Азаматтық құқық. Жалпы бөлім. А., 2001ж.
Баққұлов Е. Мемлекет және құқық негіздері. Алматы, 2001ж.
Дулатбеков, Амандықова, Турлаев. Қазіргі Қазақстанның мемлекет және құқық негіздері. Алматы, 2004ж.
Оспанов Қ.И. Құқық негіздері. Алматы, «Жеті Жарғы» 2006 ж.
Сабақ беру әдістері: Оқытудың дәстүрлі әдістері-лекциялық және практикалық сабақтар; интрактивті әдістер - шағын топтарда жұмыс, презентация, пікір-талас, кластер құрастыру; интерактивті тақтаны пайдалану. Лекциялық курс құқық негіздерінің машықтарын игеру үшін іскерлік ойындар, ситуациялық семинарлар, практикалық тапсырмалар түрінде өтетін семинар сабақтардың негізі болып табылады.
Компьютер арқылы тапсырылатын тестілеу студенттерге өз білімдерін тексеруге мүмкіншілік береді және қосымша тренинг та болады.
Практикалық сабақтарды өткізу әдістемесі және компьютерлік тестілер қазіргі құқықтық білім беру талаптарына сай келеді.
Бағалау әдісі: әріптік-рейтингтік жүйе 100 баллдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан, қорытынды баға.
Оқу тілі: қазақ, орыс тілі
Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: кітапхана қоры, электрондық оқулықтар, электронды білім ресурстары, (РЭМБ – республикалық ЖОО аралық электрондық кітапхана), электронды кітапханалар ресурсы.
Жеке пәндерді (курстарды, юниттерді) сипаттау
Курстың/пәннің/юниттің атауы: Саясаттану
Пәннің коды: Saya 2110
Пәннің типі: Жалпы білім беру, міндетті компонент
Оқу жылы: 2-ші оқу жылы
Оқу семестрі: 4
Кредит саны: 2
Дәріс беруші: Сахиев С.Е., Сахиев С.Е., саясат ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы
Курстың мақсаты: Студенттерге саяси өмір саласындағы күрделі құбылыстар мен тенденцияларға өз бетінше талдау жасау дағдысын ұялату, саясат туралы қажетті білім беру, студенттердің санасында ұғымдық ақпаратты қалыптастыруға ықпал ету. Саяси дүниетанымы мен саяси мәдениетін қалыптастыруға бағытталған, олардың Қазақстан Республикасы алдында тұрған міндеттерді шешуге белсенді қатысуына септігін тигізеді. Қазақстандағы және одан тыс жерлерде жүріп жатқан саяси процестерді ұғынуға және еркін бағдарлай алу ептілігіне тәрбиелеу.
Деректемелер/Пререквизиттері: - Қазақстан тарихы, Мәдениеттану.
Курстың/пәннің мазмұны: Саясат, саясаттың өмір сүру заңдары, оның тарихи дамуы. Сонымен қатар, билік, мемлекет, мемлекетаралық қатынас мәселелері. Қазақстан Республикасы Президентінің жыл сайынғы халыққа жолдауы аясындағы және үдемелі жаңару кезеңіндегі егеменді мемлекет саясаты. Қазақстанның саяси жүйе, саяси партиялар, қозғалыстар, ұйымдар. Саяси мәдениет пен саяси идеология. Әлемдік саясат және қазіргі халықаралық қатынастар. Жаңа геосаяси конфигурациядағы Қазақстанның ұлттық мемлекеттік мүдделері.
Ұсынылатын әдебиет:
1. Саясаттану негіздері. Қуандық Е. С. Оқу құралы. - Алматы «Дәуір», 2005.
2. Саясаттану. Жамбылов Д. 2-басылым. Алматы - Жеті жарғы, 2005.
3. Саясаттануға кіріспе. Мұстафин Т.Т. – Алматы, 1994.
4. Политология. Учебник для вузов. Нысанбаев А. – Алматы: Ақыл кітабы, 1998.
5. Мұсатаев С.Ш. Қазақстандық азаматтық қоғам: қазіргі жағдайы мен келешегі.. – Алматы, 2007.
6. Казахстанская политическая энциклопедия. – Алматы, Қазақстан даму институты, 1998.
7. ҚР Конституциясы. - Алматы, 1995 ж.
8. ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз». 28 қаңтар, 2011жыл. Егемен Қазақстан.
Сабақ беру әдістері: Оқытудың дәстүрлі әдістері – лекциялық және практикалық сабақтар; интерактивті әдістер – шағын топтарда жұмыс, пікір-талас, презентация, кластер құрастыру; интерактивті тақтаны пайдалану.
Бағалау әдісі: әріптік-рейтингтік жүйе 100 баллдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан - тест, қорытынды баға.
Оқу тілі: қазақ, орыс тілі
Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: кітапхана қоры, электрондық оқулықтар, интернет-кластары, электронды білім ресурстары (Республикалық ЖЖЖ аралық электронды кітапхана).
Курстың/пәннің/юниттің атауы: Философия
Пәннің коды: Fil 2111
Пәннің типі: Жалпы білім беру, міндетті компонент
Оқу жылы: 2-ші оқу жылы
Оқу семестрі: 3
Кредит саны: 3
Дәріс беруші: Оспанов Б., аға оқытушы
Пәннің мақсаты: Студенттерде философияық білім негіздері, дүние кұрылымы, дүниедегі адамның ролі мен орны туралы түсініктер қалыптастыру. Болмыс, ойлау, таным, адам мен дүниенің мәні мәселерін талдау. Адамның өзін-өзі тануында, ақпараттандыру мен жаћанданумен байланысты әлеуметтік және этикалық мәселелерді талдаудағы философиялық білімнің ролін түсіну. Қазіргі қоғамдағы тұлғаның еркіндігі мен жауапкершілігінің мәнін ашу, тарихи оқиғаларды сыни көзқарас тұрғысынан талдау қабілетін жетілдіру.
Пререквизит: Қазақстан тарихы, Саясаттану, Мәдениеттану, Адам және қоғам.
Курстың мазмұны: Әлемдік және Отандық философия тарихы, әр алуан философиялық ілімдер. Философия мәдениет феномені ретінде, оның мәдени тарихы контексі. Болмыс философиясы, болмыс және бейболмыс мәселесі. Материя өмір сүру тәсілдері мен формалары. Сана және таным философиясы, таным методологиясы. Диалектиканың тарихи типтері және оның категориялары. Ғылым философиясы. Философиялық антропология, адам өмірінің бірегейлігі. Қоғам феномені, оның әлеуметтік құрылымы мен динамикасы. Жаћандық мәселелер философиясы.
Негізгі әдебиеттер:
Ғабитов Т. Философия. – А., 2005
Кішібеков Д. Философия. – А., 2005
Алтаев Ж., Қасабек А., Мұқамбетқалиев Қ. Философия тарихы. – А., 2000.
4. Философиялық сөздік. – А., 1996.
5. Әбішев К. Философия. – А., 2001.
Қосымша әдебиеттер:
1. Нысанбаев Ә., Әбжанов Т. Философия тарихы. – А., 1999.
2. Мәдени-философиялық энциклопедиялық сөздік. – А., 2004.
3. Философия. Қ.Тұрғынбаев. Алматы 2001.
4. Кішібеков Д., Сыдықов К. Философия. – А., 2005.
5.Алтаев Ж., Ғабитов Т. Философия және мәдениеттану. – А., 1998.
6. Бұқаралық ақпарат құралдары, мерзімді басылымдар, интернет деректері
Интернет-ресурсы
1
|
http://www.philos.msu.ru/libfile
|
Философиялық қайнар көздері
|
2
|
http://www.yanko.lib.ru/gum.html
|
Философиялық түп негіздері
|
3
|
http://filosof.historic.ru/ -
|
Философиялық әдебиеттер
|
4
|
http://referats.allbest.ru
|
Реферат тақырыптары
|
Оқу әдістемелік бағыттары: компаративистік, анализ, сұрақ-жауап, суреттеу т.б.
Бағалау әдісі: әріптік-рейтингтік жүйе 100 баллдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан, қорытынды баға.
Оқу тілі: қазақ, орыс тілі
Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: кітапхана қоры, электрондық оқулықтар, интернет-кластары, электронды білім ресурстары (Республикалық ЖЖЖ аралық электронды кітапхана).
Жеке пәндерді (курстарды, юниттерді) сипаттау
Курстың/пәннің/юниттің атауы: Ықтималдықтар теориясы және математикалық статистика
Пәннің коды: ITMS 3201
Пәннің типі: Базалық пәндер циклы пәндер циклы, міндетті компонент
Оқу жылы: 3-ші оқу жылы
Оқу семестрі: 6
Кредит саны: 3
Дәріс беруші : Жарменова Б -аға оқытушы
Курстың мақсаты: Студенттердің ықтималдықтар теориясының негізгі ұғымдарын меңгеріп, математикалық статистика есептерін шешу мен құрудың әдістерін үйренуге басты назар аударылады. Сонымен қатар студенттердің ақыл-ойын өзінің қазіргі ақпарат мүмкіншіліктерін, қабілеттерін нығайтуға және кездейсоқ заңдылықтарын танып-білуге бағытталған. «Ықтималдықтар теориясы және математикалық статистика» курсы студенттердің абстрактілі, алгоритмдік ойлау мәдениетін қалыптастыру үшін өте қажет
Деректемелері/Пререквизиттері: Математикалық талдау. Алгебра. Математикалық логика. Сандар теориясы. Дискретті математика
Курстың/пәннің мазмұны: Ықтималдықтар теориясы пәні. Оқиғалар және олардың түрлері. Оқиғаларға амалдар қолдану және ол амалдардың қассиеттері. Геометриялық ықтималдық. Комбинаториканың элементтері: элементтердің парлары, комбинаториканың негізгі принципі, терулер, орналастырулар, алмастырулар, жиындарды топтарға жіктеу. Ықтималдықтың негізгі теоремалары. Қосу және көбейту теоремалары. Шартты ықтималдықтар. Толық ықтималдықтың формуласы. Байес формуласы. Тәуелсіз оқиғалар. Бернулидін қарапайым схемасы және оның жалпы түрі. Кездейсоқ шамалар және олардың үлестіру заңдары. Кездейсоқ шамалардың сандық сипаттамалары. Кездейсоқ шамалардың сипаттамалық функциялары және олардың қассиеттері. Үлкен сандар заңдары және олардың түрлері. Ықтималдықтар теориясының аксиоматикасы. Ықтималдықтың аксиоматикалық анықтамасы.
Математикалық статиканың негізгі ұғымдары және таңдамалық теория элементтері. Таңдама ұғымы. Ықтималдық-статистикалық модель және математикалық статистиканың негізгі есептері. Эмпирикалық үлестірім функциясы. Жиіліктер гистограммасы және полигоны. Таңдамалық орта мен дисперсия. Таңдамалық моменттер. Варияциялық қатар. Реттік статистикалар. Реттік статистикалардың үлестірімділігі. Таңдамалық квантилдер.
Ұсынылатын әдебиет:
Бектаев Қ. Ықтималдықтар теориясы және математикалық статистика. А., 1991.
Чистяков В.П. Курс теории вероятностей.М.2003.
Жаңбырбаев Б. Ықтималдықтар теориясы және математикалық статистика. А., 1988.
Гмурман В.Е. Теория вероятностей и математическая статистика. М.: Высшая школа, 2003. ‑ 480 с.
Кремер Н.Ш. Теория вероятностей и математическая статистика. М.: ЮНИТИ, 2007. – 551 с.
Калинина В.Н., Панкин В.Ф. Математическая статистика. Дрофа, Москва, 2002. – 336 с.
Письменный Д.Т. Конспект лекций по теории вероятностей и математической статистике. – М: Айрис-пресс, 2008. – 256 с.
Гмурман В.Е. Руководство к решению задач по теории вероятностей и математической статистике. М: «Высшая школа», 2004. ‑ 404 с.
Ганнушкина С.А., Синицын В.Ю. Сборник задач по теории вероятностей. М.:РГГУ, 1997. ‑ 52 с.
Сабақ беру әдістері: Оқытудың дәстүрлі әдістері – лекциялық және практикалық сабақтар; интерактивті әдістер – шағын топтарда жұмыс, пікір-талас, ролдік ойындар, презентация, кластер құрастыру; интерактивті тақтаны пайдалану.
Бағалау әдісі: әріптік-рейтингтік жүйе 100 баллдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан, қорытынды баға.
Оқу тілі: қазақ тілі, орыс тілі
Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: кітапхана қоры, электрондық оқулықтар, интернет-кластары, электронды білім ресурстары (ХЭКР – халықаралық электронды кітапханалар ресурсы).
Жеке пәндерді (курстарды, юниттерді) сипаттау
Курстың/пәннің/юниттің атауы: Сандық әдістер
Пәннің коды: SA 3202
Пәннің типі: Базалық пәндер циклы , міндетті компонент
Оқу жылы: 3-ші оқу жылы
Оқу семестрі: 5
Кредит саны: 3
Дәріс беруші: Мукеева Г.И. -аға оқытушы
Курстың мақсаты: қолданбалы есептерді шешудің жуық әдістерін, математикалық моделдеу әдістерін, қате көздерін, алынған нәтижелерді талдай алуды жүйелі түрде қалыптастыруды көздейді. Сонымен қатар студенттерді әртүрлі пәндік салалардағы нақты құбылыстарды математикалық моделдеу үрдісінде туындайтын есептерді ЭЕМ көмегімен шығарудың есептеу алгоритмдерін жасау мен қолдануға дайындау
Деректемелері/Пререквизиттері: жоғары алгебра, аналитикалық геометрия, математикалық талдау, ақпараттық технологиялар мен ақпараттық моделдеу, программалау
Курстың/пәннің мазмұны: Трансценденттік және алгебралық теңдеулердің сандық шешімі. Алгебраның сандық әдісі. Математикалық талдаудың есептерін шешуінің сандық әдісі. Сандық дифференциалдау және интегралдау. Интерполяциялау, көпмүшеліктерді есептеу. Қарапайым дифференциялдық теңдеулерді шешудің сандық әдістері. Айырымдық схеманың элементтер теориясы. Дербес туындылы теңдеулерді шешу.
Ұсынылатын әдебиет:
Бахвалов Н.С., Жидков Н.П., Кобельков Г.М.Численные методы: учеб. пособие для студ. физ.-мат. спец. вузов — 5-е изд. — М. : БИНОМ. Лаборатория знаний, 2007. — 637с.
2. Демидович Б.П., Марон И.А., Шувалова Э.З. Численные методы анализа. Приближение функций, дифференциальные и интегральные уравнения: учеб. пособие / Б.П. Демидович (ред.). — Изд. 4-е, стер. — М.; СПб. ; Краснодар : Лань, 2008. — 400с
3. Самарский А.А. Введение в численные методы: Учеб. пособие для вузов / Московский гос. ун-т им. М.В.Ломоносова. — 3-е изд., стер. — СПб. : Лань, 2005. — 288с.
Сабақ беру әдістері: баяндау, сөздік әдісі, тренинг.
Бағалау әдісі: әріптік-рейтингтік жүйе 100 баллдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан, қорытынды баға.
Оқу тілі: қазақ тілі, орыс тілі
Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: кітапхана қоры, электрондық оқулықтар, интернет-кластары, электронды білім ресурстары (ХЭКР – халықаралық электронды кітапханалар ресурсы).
Жеке пәндерді (курстарды, юниттерді) сипаттау
Курстың/пәннің/юниттің атауы: Оптимизациялық әдістер және операцияларды зерттеу
Пәннің коды: OАОZ 3203
Пәннің типі: Базалық пәндер циклы, міндетті компонент
Оқу жылы: 3-ші оқу жылы
Оқу семестрі: 6
Кредит саны: 3
Дәріс беруші: Альменаева Р.Ө. -аға оқытушы
Курстың мақсаты: математикалық моделдеу әдістерін, қате көздерін, алынған нәтижелерді талдай алуды жүйелі түрде қалыптастыруды көздейді. Сонымен қатар студенттерді әртүрлі пәндік салалардағы нақты құбылыстарды математикалық моделдеу үрдісінде туындайтын есептерді ЭЕМ көмегімен шығарудың есептеу алгоритмдерін жасау мен қолдануға дайындау.
Деректемелері/Пререквизиттері:. аналитикалық геометрия, математикалық талдау, ақпараттық технологиялар мен ақпараттық моделдеу, программалау
Курстың/пәннің мазмұны:
Сызықтық бағдарлама: Сызықтық бағдарлама есебінің қойылу, оның геометриялық және экономикалық интерпретациясы, екі жасты принципі, тиімділік шарттары, транспорттық тапсырмасы, симплекс әдіс, Дербес анализінің элементтері. Математикалық бағдаламаның екі жақтылығы. Сызықсыз бағдарлама: есебінің қойылуы, экономикалық интерпретация, екі жақтылық, Кун-Таккердің теоремасы, тиімділік шарттары, айып функция әдістері, мүмкіндік бағыттары, сызықтық кесінділер, тегіс емес оптимизация. Оптимизация, шартсыз және шартты оптимизацияның сандық әдістері. Эйлер теңдеуі. Беллманның динамикалық программалау әдісі.
Операцияны зерттеу. Операцияларды зерттеу пәнінің дамуы және тарихы. Шешім қабылдау және ойындар теориясының элементтері. Сызықтық және сызықтық емс моделдер. Сызықтық прорграммалаудың есептері. Транспорттық есептер және оны жетілдіру. Желілік моделдер. Ықтимал моделдер. Имитациялық моделдеу. Жүйелік анализ.
Ұсынылатын әдебиет:
Бахвалов Н.С., Лапин А.В., Чижонков Е.В. Численные методы в задачах и упражнениях. М.: Высшая школа, 2000.
Плисс А.И., Сливина Н.А. MathCad 2000. Математический практикум. М.: Финансы и статистика, 2000.–655с.
Плисс А.И., Сливина Н.А. «Лабораторный практикум по вычислительной математике», М.,1994
В.И.Крылов, В.В.Бобков, В.И.Монастырный «Вычислительные методы», М. Наука,1976, т.1; М., Наука, 1977, т.2
Сабақ беру әдістері: Оқытудың дәстүрлі әдістері – лекциялық және практикалық сабақтар; интерактивті әдістер – шағын топтарда жұмыс, пікір-талас, ролдік ойындар, презентация, кластер құрастыру; интерактивті тақтаны пайдалану.
Бағалау әдісі: әріптік-рейтингтік жүйе 100 баллдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан, қорытынды баға.
Оқу тілі: қазақ тілі, орыс тілі
Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: кітапхана қоры, электрондық оқулықтар, интернет-кластары, электронды білім ресурстары (ХЭКР – халықаралық электронды кітапханалар ресурсы).
Курстың/пәннің/юниттің атауы: Алгебра, геометрия және дифференциалдық теңдеулер
Пәннің коды: AGDT 1204
Пәннің типі: Базалық пәндер циклы, міндетті компонент
Оқу жылы: 1-ші оқу жылы
Оқу семестрі: 1
Кредит саны: 4
Дәріс беруші : Баканов Ғ.Б., физика-математика ғылымдарының докторы, профессор
Курстың мақсаты: логикалық және алгоритмдік ойлауды дамытуды; геометриялық есептерді шешу мен зерттеу әдістерін игеруді; математикадағы сандық әдістерді игеруді; өздігінен білімін кеңейту және қолданбалы есептерді талдай білуді үйретуді мақсат тұтады.
Деректемелері/Пререквизиттері: Элементарлық математика. Аналитикалық геометрия. Жоғары математика.
Курстың/пәннің мазмұны: Топтар, сақина мен өрістер ұғымы және олардың қарапайым қасиеттері. Шегеру сақинасы мен өрісі. Комплексті сандар өрісі. Беттегі комплексті сандарды бейнелеу. Комплексті сандардың тригонометриялық форма түріндегі жазбалары. Матрицалар және оларға қолданылатын әдістер. Квадратты матрица сақинасы. Анықтауыштар және олардың қасиеттері. Лампас теоремасы. Кері матрица формуласы. Сызықтық алгебралық теңдеулер жүйесінің матрица түрінде жазылуы. Гаусс әдісі. Крамер ережесі. Матрицаның ранг туралы теоремасы. Өрістен көпмүшеліктер. Көпмүшеліктер сақинасы. Көпмүшеліктерді қалдықпен бөлу. Евклид алгортитмі. Көпмүшеліктердің түбірі және еселігі. Полиномды теңдеулер жүйесін шешудің Гребнер әдісі. Сызықтық кеңістіктер. Векторлар жүйесінің сызықтықтәуелділігі, алмастыру туралы лемма. Базис, өлшемділік. Берілген базистегі вектоорлар координатасы. Басқа бизнеске ауысу. Векторлар жүйесінің рангы және сызықтық қабықтары. Кеңістіктің қосындысы мен қиылысуы. Кеңістіктерді ішкі кеңістіктердің түзу қосындысына жіктеу критерилері. Евклид кеңістігі. Ортогонализациялау процесі. Коши-Буняковтың теңсіздігі. Ортогоналды толықтауыштар. Вектор нормасы, векторлар арасындағы бұрыш. Сызықтық операторлллар. Өздік векторлар және операторлардың өздік мәндері. Негізгі ядроның параллельді есептеу алгоритмі және сызықты операторлар түрі. Диагоналданатын операторла. Квадраттық формалар. Инерция заңы, оң анықталған квадраттық формалар. Сильвестер критериі.
Бағытталған кесінді ретінде вектор ұғымы. Векторларға жасалатын сызықтық операциялар. Түзудегі, жазықтықтағы және кеңістіктегі базис. Аффинддік жжжәне декарттық координаталар. Жазықтықтағы және кеңістіктегі координаталардың түрленуі. Аналитикалық геометрияның қарапайым есептері. Векторлардың аралас, скаляр жжәне векторлық көбейтінділері және олардың геометриялық, алгебралық қасиеттері, координатты формада есептеулер. Поллярлы, цилиндрлік және сфералық координаттар. Түзу мен жақықтықтың арасындағы бұрыш. Түзулердің, жазықтықтардың арасындағы бұрыш. Түзулердің, жазықтықтардың өзара орналасуы. Алгебралық сызықтар мен беттер ұғымы. Сызықтар мен алгебралық беттердің инварианттылығы. Эллипс, гипербола және параболаның канондық параметрлік теңдеулері және олардың геометриялық қасиеттері. Екінші ретті беттерді олардың канондық теңдеулерін айналу, соылу және кесудің көмегімен зерттеу.
Бірінші ретті дифференциялдық теңдеулер: негізгі ұғымдар. Қарапайым дифференциялдық теңдеулер: айнымалылары ажыратылатын теңдеулер, біртекті теңдеулер, сызықтық және оған келтірілетін теңдеулер, толық дифференциялды теңдеулер. Туындыға қатысты шешілген бірінші ретті бір теңдеу үшін шешімнің бар болуы және оның жалғыздығы туралы теорема. Туындыға қатысты шешілмеген теңдеулер. Сызықтық диференциялдық теңдеулер. Біртекті сызықты теңдеуді шешу қасиеттері. Шешудің негізгі жүйесі. Шешудің тәуелсіздігінің критериі. Жалпы шешім. Сызықтық біртекті емес теңдеулер. Шешімнің қасиеті. Кезкелген тұрақтыларды вариациялаудың Лагранж әдісі. Коши функциясы. Тұрақты коэффиценттері бар сызықтық теңдеулер. Оң жағы квазиполином түріндегі теңдеулер. Шектттік есептер. Шектік есептердің шешімдерінің бар болуы және оның жалғыздығы. Грин функциясы. Штрум-Лиувилль есебі. Теңдеулерді қатарлар көмегімен шешу. Аз паратметрлі дифференциялдық теңдеулер. Сызықты дифференциялдық теңдеулер жүйесі. Шешімдердің құрылымы. Коши матрицасы. Вариациялау әдісі. Тұррақты коэффицентті сызықтық жүйе. Дифференциялдық теңдеулер жүйесінің жалпы теориясы: дифференциялдық теңдеулердің қарапайым жүйесі. Шешімнің бар болуы және оның жалғыздығы туралы теорема. Интеграл ұғымы. Инттттегралдар ұғымы. Инттегралдар тәуелсіздігінің критериі. Қарапайым жүйелер шешімдерінің бастапқы берілгендерден және параметрлерден тәуелділігі. Бастапқы берілгендері және параметрлері бойынша шешімдердің фифференциалдануы. Динамикалық жүйелер. Шешімдердің қасиеттері. Тыныштық нүктесі. Шекті циклдер. Тыныштық нүкте маңындағы траекторияы зерттеу. Ляпнув бойынша тұрақтылық. Сызықтық жүйелердің тұрақтылығы. Бірінші ретті дербес туындылы теңдеулер: бірінші ретті туындылы сызықтық және квазисызықтық теңдеулер. Коши есебінің шешімдері.
Ұсынылатын әдебиет:
Ильин В. А, Позняк Э.Г. «Линейная алгебра» М., «Наука», 1978.
Ильин В. А, Позняк Э.Г. «Аналитическая алгебра» М., «Наука», 1988.
Бахвалов С.В., Бабушкин Л.И., Иваницкая В.П., «Аналитическая геометрия» М., «Просвещение», 1970
Матвеев Н.М. Методы интегрирования обыкновенных дифференциальных уравнений. Изд-3-е. М., ВШ, 1967. – 564 с.
Самойленко А.М., Кривошея С.А., Перестюк Н.А. Дифференциальные уравнения: примеры и задачи. Изд.2-е. М., 1989. – 383 с.
Бугров Я.С., Никольский С.М. Дифференциальные уравнения. Краткие интегралы. Ряды. Изд.2-е. М., 1985. – 464 с.
Сабақ беру әдістері: Оқытудың дәстүрлі әдістері – лекциялық және практикалық сабақтар; интерактивті әдістер – шағын топтарда жұмыс, пікір-талас, ролдік ойындар, презентация, кластер құрастыру; интерактивті тақтаны пайдалану.
Бағалау әдісі: әріптік-рейтингтік жүйе 100 баллдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан, қорытынды баға.
Оқу тілі: қазақ тілі, орыс тілі
Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: кітапхана қоры, электрондық оқулықтар, интернет-кластары, электронды білім ресурстары (ХЭКР – халықаралық электронды кітапханалар ресурсы).
Курстың/пәннің/юниттің атауы: Программалау технологиясы және тілдер
Пәннің коды: PTT 1205
Пәннің типі: Базалық пәндер циклы, міндетті компонент
Оқу жылы: 1-ші оқу жылы
Оқу семестрі: 2
Кредит саны: 3
Достарыңызбен бөлісу: |