Физика, математика және ақпараттық технологиялар факультеті


- компьютерлік техниканың дидактикалық мүмкіндігін ескеру. Бұл талапты орындамай оқу процесін тиімді компьютерлендіру мүмкін емес; -



бет8/33
Дата23.08.2020
өлшемі324,27 Kb.
#76615
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   33
Байланысты:
УМК ПРОЕКТИРОВАНИЕ

- компьютерлік техниканың дидактикалық мүмкіндігін ескеру. Бұл талапты орындамай оқу процесін тиімді компьютерлендіру мүмкін емес;

- ұлттық және аймақтық ерекшеліктерді, психикалық, физиологиялық және антропологиялық заңдылықтарды ескеру. Мұнда табиғи және мәдени үйлесімділік принциптерін ескере отыра ұлттық бағалылық жалпы адамгершілікпен үйлесімді сәйкестендірілуі керек.оқу мазмұнын күрделілігіне қарай бірнеше деңгеймен ұсыну және олардың әр білім деңгейінің шағын мақсатына сәйкес анықталуы, яғни білім мақсатының иерархиялық, диагностикалық түрде берілуіне сәйкес білім мазмұнының анықталуы.

Біздің зерттеуіміз бұл жұмыстарда келтірілген білім мазмұнын анықтау принциптерін төмендегідей шарттармен толықтырудың қажет екендігін анықтады.



  1. Білім мазмұнын анықтағанда оқу материалдарында қолданбалы мазмұндағы материалдардың, тапсырмалардың міндетті түрде болуы тиісті. Біздің тәжірибемізде оқушылардың мұндай тапсырмаларды орындауы-оқушылардың қызығушылығын туғызды, алған теориялық білімді практикада қолдана білу дағдысын қалыптастыратынын көрсетті.

2. Білім, білік, дағдыны қалыптастыруға бағытталған оқу материалының құрамына қызғылықты (занимательная) мазмұндағы тапсырмалардың кіруі қажет. Бұл шарт оқу мотивациясын қалыптастыру талабынан, оқушының өз бетімен белсенді танымдық қызмет жасай білу талабынан туындайды.

Оқыту мақсаты ендігі оқыту әдістерінің оқушының өз бетімен белсенді ізденіп қызмет жасау әдістері және тәсілдерімен толығуын қажет етеді (кесте 2).

Оқыту әдістерінің көп түрлі сипаты бар. Оларды бір не жалпы ортақ белгілеріне қарай топтап жүйелеуге болады. Қазіргі кезде оқыту әдістерінің ондаған түрі белгілі. Дәстүрлі оқыту түрінде білім көзінің ортақ белгісі ретінде практика, көрнектілік, сөз есептелінді. Ал біздің технология бойынша танымдық іс-әрекет түрі - бұл оқушы өзіне ұсынылған үлгі бойынша жұмыс істеу арқылы жететін өз бетімен танымдық іс-әрекет деңгейі.

Оқытудың педагогикалық технологиясы талап етіп отырған мақсатты деңгейлер тізбегі (иерархиялық) құру, яғни оны диагностикалық түрде анықтау, оқыту әдістемесін жетілдіруді қажет етеді. Ол үшін біз Ю.К.Бабанский [27] анықтаған оның негізгі үш аспектісін (перцептивтік, гностикалық және логикалық) ескере отырып, оқыту әдістемесінің төмендегідей үш өлшемді (үш деңгейлі) жүйесін құрудың қажеттілігін анықтадық (кесте 3).

2-кесте. Білім берудегі әдістер.


Дәстүрлі оқыту жағдайында

Педагогикалық технология жағдайында

1. Оқу материалы (мазмұны) дайын информация түрінде берілгендіктен:

мұғалім көбіне түсіндіру, баяндау әдістерін пайдалануы;

оқытудың белсенді тәсілдерін қолдану қажеттілігі азаяды.


  1. Барлық оқушының нәтижеге жетуіне кепілдік берілмеуі.

  2. Ақпараттарды беру қарқыны орташа оқушыларға арналған.

4. Оқушының нәтижеге жетуін бақылау оқыту процесімен ішінара байланысқан. Ол оқыту процесінің құрамына кірмейді.

  1. Оқушылар білімді теориялық және практикалық тапсырмаларды өз бетімен игеру кезінде алады.

  2. Өз бетімен жұмыс істей отырып оқушы қиындықты жеңеді, оның белсенділігі және өз бетімен жұмыстануы жоғарғы деңгейге жетеді.

  3. қпаратты беру қарқыны оқушыға немесе оқушылар тобына байланысты.

  4. Оқушының жоғарғы белсенділікке ынталандырудың дамуын қалыптастырады да, нәтижені формальді тексеру жоғалады.




Оқушыларға репродуктивті ойлау мен репродуктивті ойлау әдісі ұсынылады.


  1. Оқыту нәтижесі салыстырмалы жоғары және берік. Оқушылар алған білімді өзгертілген жағдайда қолдана алады және сонымен бірге іскерлігі, шығармашылық қабілеті дамиды.



Оқытудың педагогикалық технологиясын пайдаланғанда оқытудың әдістемесін таңдау - сабақтың мақсаты мен міндеттеріне, сәйкесті педагогикалық жағдаятқа, оқушының нақты оқу мүмкіндіктеріне байланысты.

Білім алудың басты мақсаты - жеке бастың өздігінен дамуын қалыптастыру болғандықтан, оқушы өздігінен танымдық іс-әрекеттерінің әдістері мен тәсілдерін меңгеру керек. Жоғарыдағы айтылғандарды қорыта келе біз дамыта оқыту әдісін жетілдірудің бағытталған мынандай қосымша шарттарды анықтадық:

3 - кесте. Оқыту әдістемесінің үш деңгейлі жүйесі.




Ақпарат көзі (перцеп

тивтік аспект)


Проблемалық деңгей (гностикалық


аспект)

логикалық

аспект


Ақпарат

тық әдістер




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   33




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет