Физика, математика және ақпараттық технологиялар факультеті


- жұмыс құрамын жүйелеу (жоспарлау, ұйымдастыру, бақылау, түзету енгізуді анықтау), мақсатты нақты қою



бет12/33
Дата23.08.2020
өлшемі324,27 Kb.
#76615
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   33
Байланысты:
УМК ПРОЕКТИРОВАНИЕ

- жұмыс құрамын жүйелеу (жоспарлау, ұйымдастыру, бақылау, түзету енгізуді анықтау), мақсатты нақты қою;


- білім әрекетінің субъектілерінің болуы.

Екінші тұрғыға сәйкес басқару - бір жүйенің екінші жүйеге әсері ретінде қарастырылады, яғни адамның объектіге мақсатты бағытталған ықпалы және нәтижесінде объектінің өзгеруі.

Үшінші тұрғы бойынша, басқару-субъектілердің өзара әрекеттесуі түрінде қарастырылады, оның мәні - тура және кері ықпалдың үздіксіздігінде. Өзара әрекеттесу - біртұтас, іштей сараланған, өзін-өзі дамытатын жүйе түрінде сипатталады.


Бұл мәселені зерттеген іргелі еңбектерде кибернетикалық негізге сүйене отырып, “басқаруға” мынадай анықтама беріледі: “Басқару дегеніміз обьектінің (процестің) күйін, оның сипаттамасын ескере отырып, мүмкін болатын көптеген ықпалдардан таңдалып алынған обьектіге (процеске) әсер етіп, ол берілген обьектінің қызметін жақсарып, дамуын қамтамасыз ететін, яғни қойылған мақсатқа жеткізетін ықпал ету процесі”. Мұндай басқару циклдік деп аталады, циклдік басқару кері байланыс арқылы реттеліп отырады. Оқыту процесін циклдік басқару тәсілін пайдаланып оңтайландыру, алынған нәтиженің қойылған мақсатқа сай болуын ескеру арқылы жүзеге асырылады және нәтижені алу процесі жөніндегі мәліметтер үнемі ескеріледі. Циклдік басқару мынандай компоненттерден тұрады:

  • басқару мақсатын нақты анықтау;

  • басқарылатын процестің бастапқы күйін анықтау;

  • процестің негізгі өтпелі күйлерін қарастыратын бағдарламаны анықтау;

  • басқарылатын процестің жайы туралы өлшемдердің және алынған нәтиженің мақсатқа сәйкестігі жөнінде ақпарат алуды қамтамасыз ету, яғни жүйелі кері байланысты қамтамасыз ету;

  • кері байланыс арнасы бойынша алынған ақпаратты өңдеу, қажетті жағдайда түзету немесе реттеу шараларын қарастырып, оларды жүзеге асыру.

Оқыту мақсаттарының диагностикалық түрде қойылуы, басқарылатын процестің бастапқы күйін анық тағайындайды, яғни таным іс-әрекетінің берілген түрін қалыптастыратын нақты білімді айқын белгілейді.

Мақсаттар бағыныстылығы (иерархиясы) ауыспалы күйдің негізгі параметрлерін және олардың бірізділігін нақтылауға көмектеседі. Жүйелі кері байланыстың болуы оқыту мақсаттары негізінде бақылауға алынатын сипаттамалар жиынтығын бөліп көрсетуді қарастырады. Мұнда оқушыны бір сапалы күйден екіншісіне өткізетін оқыту процесінің негізгі дербес сипаттамалары бағаланып отырады.

Білім сапасын жеке тұлғаға бағдарланған білім парадигмасы жағдайында басқару сырттай басқарылатын оқу процесінен өзін-өзі басқару процесіне өтуін қарастырады. Мұнда барлық бағыныстылық деңгейлерінде басқару іс-әрекеті рефлексивті негіздегі “субъект-субъект” ара қатынасына құрылуы қажет.

Білім саласын ізгілендіру, педагогикалық технологияны оқу процесіне енгізу - оқушының іс - әрекеттің, танымдық қызметтің, ара-қатынастың субьектісі болуын талап етеді. Бірақ, іс жүзінде субъекті белсенділігі орнына астыртын басқару (монипуляция) орын алады.

Әдістемелік жағынан жоғарғы дәрежеде ұйымдасқан оқу процесінде сыртқы әсерді жеке тұлға өзіндік, яғни өзі жоспарлаған іс-әрекет, өзі қабылдаған шешім, деп түсінеді. Бұл бір жағынан заңды құбылыс, өйткені бұған дейін негізінен орын алған “субъект-объект” ара қатынасынан “субъект-субъект” ара қатысқа бірден көшу мүмкін емес. Оның үстіне оқу процесін жалпылай басқару - мұғалімнің үлесінде де болып қала береді.

Міне, осылай оңтайлы, яғни рефлексивті басқарудың негізін білім алу процесін технологиялық ыңғайға көшіру құрайды. Бұл жағдайда оқушы дербес таным іс-әрекетінің субъектісі болып, мұғалім - оқу процесін белсенді басқарып, өзі әдістемелік жүйенің авторы бола алады.

Оқытудың мақсат - ынта - танымдық қызмет -рефлексия - теориялық білім формуласымен сипатталатын жүйесіндегі міндетті кезеңінің бірі болып рефлексия қарастырылады. Сол себепті рефлексия қалай түсіндіріледі және оның механизмдері қалай іске асады, соған тоқталып кетейік.

Кеңестік психологиялық әдебиеттерде рефлексияға түрлі анықтамамен сипаттама беріледі. Осыған байланысты үш әдіснамалық бағдар: табиғи-ғылыми, инженерлік-әрекеттік және ізгілендіру-мәдениеттану бағдарларына сәйкес анықтаманың үш тобын бөліп көрсетуге болады. Табиғи-ғылыми бағдар үшін рефлексия адам психикасының табиғи қасиеті немесе кері байланыс механизмі ретінде анықталады. Ю.Н.Кулюткин бойынша рефлексия - “Бір адамның әлемінің ішкі картинасын басқа бір адамның көру процесі”. Бірақ бұл жағдайда рефлексияның адам психикасының ерекше қасиеті ретіндегі сапалық ерекшелігі жойылады.

Инженерлік-әрекет бағдар шеңберінде рефлексия механизмін негіздеуге басымырақ көңіл бөлінеді. Бұл бағдарда “рефлексия” ұғымына келесі түсініктемелер беріледі:


  • субъектінің өз әрекетінің құралы мен негізін, олардың өзгерістерін танып білуі (Давыдов В.В., Зак А.З.);

  • әрекеттесу ара қатынасын белгілеу процесі (акты) (Алексеев Н.Г., Зарецкий В.К.).

  • әрекеттің басқа субъектісінің сыртқы позициясына бір субъект әрекетіне қатысты шығуы (Анисимов О.С., Тюков А.А.).

Рефлексия адамның өз іс-әрекетін саналы түрде ой елегінен өткізе алуы, қандай іс-әрекет жасағанын және оның қандай ереже, заңдылыққа сүйеніп жасағанына есеп бере алуымен сипатталады.

Рефлексивті басқару кезінде тұлға дамуына әсер етуші факторлар адамға өзі іс-әрекетінің мәнін терең түсінуге көмектеседі. Өзін-өзі терең білу - мотивацияның бастамасы, бұл мотивация білім қажеттілігі дамыған сайын күшейе түседі.

Өзін-өзі терең түсініп, білуден кейін өзін-өзі анықтау - өзін-өзі көрсету - өздігінен мақсат қоя білу, іс -әрекетін жасай білу, өзін-өзі іске қосу - өзін-өзі реттеу процестері дами бастайды. Бұл психикалық процестер тұлғаның өзіндік дамуының рефлексивтік табиғатын құрайды. Субьектінің жүйке жүйесінің сипаты мен тип ерекшеліктерін білу мұғалімге оқушы тұлғасының қасиеттерін аша түсетін тапсырмалар дайындауға мүмкіндік береді. Сол себепті рефлексивті оқытуда тұлғаға-бағдарланған жағдаяттарды ескеру көкейтесті мәселеге айналды. Мұнда, өзін-өзі басқару және бірге басқару мәселелері де қолға алынуда. Демек педагогикалық процеске қатысушылардың өзі оқу нәтижесі үшін жауапкершілік пен құзырды бөліп алған жөн. Рефлексивті оқыту жағдайында өзін -өзі талдау, өзіне-өзі мақсат қою, өз ісін жоспарлау, өз әрекетін өзі жоспарлау, өзін-өзі бақылау мен реттеу сияқты құзырлар оқушыға беріліп, біртіндеп оқыту өзін-өзі оқытуға ауысады.

Адам өз іс-әрекетінің, басқа адамның істерінің себебін терең түсіне білуі үшін рефлексия мәдениетін қалыптастыру қажет. Тұлғаның рефлексия мәдениетін дамыту - қазіргі білімнің басты идеяларының бірі.

Рефлексия мәдениетінің сипаттамалары төмендегідей:

- адамның шығармашылық ойлауға, проблемалық жағдаяттарды шешуге дайындығы мен қабілеті;

- жаңа мәніс пен құндылықтарды иемдену біліктері;

- ара қатынастың жаңа тұлға аралық жүйелеріне бейімделу ептілігі;

- ерекше практикалық міндеттерді қою және орындай алу біліктері; Тұлғаның рефлексиялық мәдениетінің негізгі көрсеткіші- белгісіздік жағдайында жұмыс істеу қабілеті болып табылады.

Егер ізгілендіру - мәдениет тану және тұлғалық-әрекет ыңғайлары білім процесіне жаңа мазмұндық бағдар беретін болса, рефлексиялық ыңғай оларды жүзеге асыру механизмдерін анықтайды. Рефлексия мәдениетінсіз жеке тұлғаның өзіндік таным қызметін, өзін-өзі дамыту мотивацясын қалыптастыру мәселелерін шешу мүмкін емес.

Жеке тұлғалық - қызметтік парадигманы енгізу жағдайында, білім субъектілерінің шығармашылықпен қызмет ету кезінде мектеп өзін-өзі дамытатын жаңашыл білім ұйымына айналады. Бұл жағдайда басқарудың өктемшілік (авторитарлы) стилін синергетикалық негіз тұрғысынан ізгілендіру стиліне ауыстыру әбден мүмкін.

Синергетикалық ыңғайдың мәні әр алуан табиғат жүйелеріндегі өзін-өзі ұйымдастыру процестерін басқаратын жалпы заңдылықтарды анықтау мен тануда.

Синергетикалық зерттеу объектісі - ашық жүйелердің динамикалық немесе статикалық күйінің сапалық өзгерістері. Мұндай жүйелердің жетекші принциптері - қоршаған орта мен өзара тұрақты және белсенді әрекеттесуі негізінде өзін-өзі ұйымдастыру мен өзін-өзі дамытады. Синергетикалық ыңғай оқытуда субъектінің табиғи өзін-өзі ұйымдастыруын ескереді.

Әрбір мектеп өзін-өзі ұйымдастыра білетін әлеуметтік-педагогикалық жүйе. Ол өзіндік мүмкіндіктеріне, қоршаған орта жағдайына қарай дами отырып, мұғалім мен оқушының өзін-өзі анықтауы мен дамытуына мүмкіндік береді.

Алдымен өзін-өзі ұйымдастыру құбылысы кибернетикалық ыңғай шеңберінде қарастырылды(У.Р.Эшби). Кибернетикалық зерттеулерде құбылыстардың өзін-өзі ұйымдастыруы кезіндегі орын алатын нақты механизмдерге көңіл бөлінбейді. Зерттеушілер үшін мұнда тек тұрақты күй-жай маңызды және бұл жағдайда осы тұрақтылықтың нақты табиғаты мен ауысымдардың аралық тұрақсыздығы аса маңызды емес. Мұның себебі: кибернетикалық ыңғайда сыртқы басқару мен ақпарат алмасуға көңіл бөлу басымырақ. Өзін-өзі ұйымдастыру теориясын әрі қарай дамыту синергетикалық дамуымен тығыз байланысты. Ғылыми бағыт ретіндегі синергетиканың негізгі міндеті - әр түрлі табиғи жүйелердегі өзін-өзі ұйымдастыру процесін басқаратын жалпы заңдылықтарды анықтау мен тану. Объектіні динамикалық күйде зерттеу - синергетиканың өзіндік ерекшелігі. Синергетика ең алдымен ашық типті жүйелерді ( оларға адам, топ, топтық субъект ретінде мектеп те жатады) зерттейді. Олардың өмір сүруінің жетекші принципі - өзін-өзі ұйымдастыру, дамыту. Бұл процестер осы жүйелердің сыртқы ортамен тұрақты және белсенді өзара әрекеттесуі кезінде жүзеге асырылады.

Өзін-өзі - дамыту, жүзеге асыру, анықтау деген ұғымдардың пайда болуына синергетика себепкер. Ең алдымен физикалық процестерді зерттеуден пайда болып, қазіргі кезде синергетика күрделі әлеуметтік жүйелерді зерттеу үшін қолданылады. Осыған байланысты көптеген сұрақтар туындайды, мысалға:

Педагогика, соның ішінде әлеуметтік-педагогикалық жүйелерді басқару синергетика даму доминанталары арқылы жариялайтын хаостың тұрақсыздығы мен өнімділігіне бағыттала ала ма?

Сол себепті синергетикалық модельдер адамның мінез құлқын, мектептің жұмысын, оның басқарылуын сипаттауға жарамды ма?

Синергетикалық модельдерді әлеуметтік құбылыстарды сипаттау үшін пайдалану ертелеу емес пе? Әзірше осы сұрақтарға жауап іздестірілуде.

Көптеген басылымдарда синергетика заңдылықтарының адамның мінез-құлқына, әлеуметтік жүйелерге әсерінің мақсатқа лайық және тиімді екені дәлелденіп жатыр. Синергетика тұрғысынан адам-ашық және динамикалық құбылыс, қоршаған ортамен ашық өзара әрекеттесуіне мүмкіндігі мол. Әлеуметтік педагогикалық жүйе ретінде мектепке де осындай анықтама беруге болады.

Міне, осылай синергетикалық ыңғай шеңберінде әлеуметтік жүйенің өзін-өзі басқара дамуы өзгерістер жүйесі ретінде қарастырылады. Бұл өзгерістер жаңа сапаның пайда болуына әкеліп, тұтастай жүйенің, оның жеке компоненттерінің динамикасының, белсенділігінің артуына септігін тигізеді.


  1. Мектеп ашық жүйе: мектеп пен оны қоршаған орта өзара байланыста. Өзін-өзі дамытушы мектеп білім процесінің барлық аспектілерінде: мазмұнда, формалар мен әдістерде, технологияларда, мектеп ортасын ұйымдастыруда жандануы тиіс.

  2. Мектептің өзгеріске бейімділігі мен күрделілігі (мектеп көптеген өзін-өзі ұйымдастыра алатын кішкене жүйелерден тұрады, олар өзара әртүрлі қатынастарда болады).

Міне, сол себептен мектеп дамуының үрдісіне сай келмейтін өктемшіл сыртқы басқару тиімсіз болып келеді. Қоғам қажеттілігіне сай мектеп өзін-өзі тиімді басқара білуі үшін оған ерекше әсер (ықпал) керек. Мысалға, қажетті кеңестік-уақыт фокусында бифуркация (тұрақсыздық) нүктелеріне кішігірім резонанстық әсер ету. Бұл жағдайда мектеп қайта құрылып, өзін-өзі басқару дамуының жаңа деңгейіне көтеріледі.

  1. Мектептің өзін-өзі басқара дамуына белгісіздік тән мектеп компоненттерінің өзара әрекеттесуі себебі барлық жағдайда бірдей анық емес.

Басқаша айтқанда, мектеп дамуы негізінде детерменизмнің (шарттармен анықталудың) жаңа тұжырымдамасы жатыр. Бұл тұжырымдама шынайы өмір құбылыстарының көптігі мен күрделілігін түсінуге көмектеседі. Тұрақсыз күйдегі жүйенің жаңа күй-жайы қандай болатынын нақты айту мүмкін емес. Сол себепті өзін-өзі дамытудың қайнар көзі болып не табылады деген сұрақ туындайды. Жауап табу үшін жетекші синергетикалық принциптерді қарастырайық.

Ең маңызды - гомеостаз (жылжымалы тепе-теңдік күйі) сақтау принципі және диссипация (азайту принципі) (Л.А.Баевтің тұжырымы бойынша). Осы екі принцип үрдіс ретінде танылады, ал олардың тұрақтылықпен өзгеріс қарама-қайшылығы ретіндегі өзара әрекеттесу” өзін-өзі басқара дамудың қайнар көзі болып табылады.

Бұл үрдістердің сипатына қарай мектептің өзін-өзі басқара дамуы бейімделу немесе бифуркациялау жолымен жүруі мүмкін. Бірінші,- бейімделу типі бойынша мектеп өзінің тірлік іс-әрекетіне жағымды да, жағымсыз да әсер ететін өзгеріп отыратын сыртқы орта жағдайларына үнемі бейімделуімен сипатталады. Бұл жағдайда гемеостаз сақтау үрдісі басымырақ: мектептің негізгі мазмұнды ұйымдастыру - құрылымдық өлшемдері (білім процесінің мазмұны құрылымы) өзгеріссіз сақталады. Мұндай тип бойынша дамуға гомеостатикалық механизмдер тән, олардың негізіне тек ғана сандық өзгерістер. Басқаша айтқанда, бейімделіп даму кезінде мектеп қызметі сапа жағынан өзгерісіз, бұрынғы қалыпта қалады. Аталған тип екі түрмен: жұмыс істеумен және экстенсивті тип бойынша өзі басқарып дамумен берілген. Осы екі түрге байланысты жұмыс істейтін мектеп пен гомеостатикалық экстенсивті “мектеп” жүйесін айырып көрсетеді. Жұмыс істейтін мектеп мектептің белгілі бір күн тәртібімен тұрақты қызмет етуін меңзейді (тұрақты жалпыға бір жоспарлар, бағдарламалар, тәрбиелеу мен оқыту технологиялары және т.б.). Мұндай мектеп берілген әлеуметтік тапсырысқа сай, білім мақсаттарына бағдарлайды. Осындай тәртіпте жұмыс істеу сыртқы ортаның тұрақтылығы жағдайында неғұрлым қол жетерлік нәтижелер алуға мүмкіндік береді.

Сыртқы күй-жай өзгерген жағдайда мектеп білім процесін жетілдіруге бет алады. Мұнда мектептің өзін-өзі басқарып дамуының екі нұсқасы бола алады. Мектептің басты мақсаты өзіндік іс-әрекеттің негізгі параметрлерін өзгертпей бейімдеп баяу даму болады немесе мектеп қызметі параметрлерін өзгерту қажеттілігі туындайды.

Бейімдеп, экстенсивті өзін-өзі басқарып даму жағдайында сандық өзгерістер мектептің тұрақтылығына нұқсан келтіреді, себебі механизмдердің жұмыс сипаты өзгеріссіз қалады. Мысалы, нарық жағдайындағы әлеуметтік тапсырысты орындау мақсатында көптеген мектептер оқу жоспаларына қосымша оқу пәндерін кіргізеді. Оларды ендіру оқушыларды арнайы ғылым салалары бойынша дайындау, олардың мәдени аясын кеңейту қажеттілігімен түсіндіріледі. Бірақ дәстүрлі оқу пәндерінің мазмұнында нақты өзгеріс байқалмайды, оларда қоғамдық технологиялар мен адамның өзара байланысына көңіл бөлінбейді, яғни білім мазмұнының ізгілендіру - мәдениеттану аспектісі ескерусіз қалады. Мектепішілік бақылауды да жетілдіру экстенсивті өзгерістерге негізделген. Мысалға, қосымша басқару қызметкерлері тағайындалады, ал ұйымдастыру құрылымы өзгеріссіз қалады. Жұмыс істеу жағдайындағыдай экстенсивті өзін-өзі басқарып, дамушы мектеп өз параметрлерін тұрақты сақтап қалуға мақсатталған. Демек, экстенсивті даму-жай кеңіту нәтижесінде мектептің сандық көрсеткіштерге сүйеніп бейімделіп дамуы.

Білім мекемесінің мәнін құрайтын құрылымы мен қасиетін өзгерту арқылы бифуркациялық өзін-өзі басқарып, даму жүзеге асырылады. Мұндай дамудың ерекшеліктері:



  • сыртқы жағдайының өзгерісімен анықталатын ішкі орта мүмкіндіктерін неғұрлым тиімді пайдалану бағытында дамуға мектептің өздігінен бет алуы;

  • ішкі және сыртқы орта мүмкіндіктерін тиімді пайдалану үздіксіз жаңарумен сипатталатын даму механизмдерін іске қосу;

  • мектептің өзін-өзі басқарып, дамуының мүмкін жолдарының тұрақсыздығы мен көптігі;

Бифуркация тәртібінде даму ішкі және сыртқы әсерлерге сезімтал. Бұл сезімталдық мектептің ағымдағы күйіне және дамудың мүмкін жолдарына әсер ету дәрежесіне байланысты;

Біздің тәжірибелік жұмыстарымыз деңгейлік саралап оқыту технологиясын пайдалану арқылы оқушылардың оқу іс-әрекетін өз бетімен басқаруын қалыптастыруға болатынын дәлелдеді. Ж.А.Қараевтың зерттеу жұмыстары көрсеткендей, бұл жерде басқару процесінің негізіне П.Я.Гальперин мен Н.Ф.Талызина ақыл - ой қызметін сатылап қалыптастыру теориясын алдық. Практикалық зерттеулер бұл теорияның басқарудың математикалық теориясындағыдай қатаң бағыныңқы циклдік басқаруды ұйымдастыруға жетімсіздігін көрсетті. Бұл теория бойынша, әсіресе, танымдық қызметтің бақылау мен түзету енгізу компоненттерін басқаруға пайдалану кейбір қиындықтар туғызады. Сондықтан біз аталған меңгеру теориясының бұл кемшілігін математикалық кибернетиканың берілген процесті басқару теориясының кері байланыста ұйымдастыру әдісін пайдалану арқылы толықтырдық.

Берілген нұсқау (алгоритм) арқылы (“білу” мақсатының, “үйренушілік” меңгеру деңгейлерінің талаптарынан шығатын) деңгейлік тапсырмалар жүйесін орындаған оқушы өз нәтижесін этилон - жауаппен салыстырып, егер алынған нәтиже этилон - жауапқа сай болса, оқушы “сыналды” бағасын алып, екінші деңгей тапсырмаларын орындауға кіріседі. Егер нәтиже этилон - жауапқа сәйкес келмесе, онда оқушы қате орындаған тапсырмасын қайта қарап, өз әрекетіне сәйкесті түзету енгізіп, дұрыс жауап болғанша осы процесс қайталана береді. “Білу”деңгейіндегі тапсырмалар жүйесінің берілген материалдардың оқу элементтерін танып-білу деңгейіндегі іс-әрекетін талап ететін болғандықтан оны меңгеру оқушыларға көп қиынға соқпайды. Бұған дейін аталып өткендей бұл процестің табысты аяқталуына алғашқы түрткі -ынталар туғызу әрекетінің қалыптасуы және жетелеуші бағалау тәсілі кепілдік береді. Осындай мотивация қалыптастыру тәсілдерінің көмегімен басқа деңгей тапсырмалары да орындалады. 3-ші, 4-ші деңгей тапсырмаларын орындауда оқушылардың топтық жұмыстары да қолданылады. Кері байланыс мұнда да этилон - жауапқа салыстыру арқылы ұйымдастырылады. Сөйтіп кері байланыс арқылы оқушының өзін -өзі бағалау, қажетті түзетулер енгізе білу дағдылары дамиды. Өз жұмысын жоспарлай білу, орындаушылық әрекеттерді іске асыру, өз әрекетін бағалай және түзете білуді ұйымдастыру арқылы танымдық қызмет оқушының өз бетімен орындайтын танымдық қызметіне айналады. Мұның бәрі қалыптаса келе оқу процесін оқушының өз бетімен танымдық қызмет жасай білу, өз бетімен нәтижеге жетуіне, сөйтіп рефлексивті басқаруға қол жеткізуге әкеледі. Тек осындай жағдайда ғана оқушы өз іс -әрекетінің субъектісіне айналады. Оқу процесінде субъект -субъект қарым -қатынасы негіз болады. Бұл сайып келгенде бүкіл мектеп қызметін өзін - өзі дами алатын, жетіле білетін, сыртқы факторлармен тиімді үйлесе алатын, яғни синергетикалық негізде интенсивті жетілетін объектіге айналдырады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   33




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет