7-8. Педагогикалық жүйені жобалаудың дидактикалық шарттары
Педагогикалық процесті жобалау негізіне белгілі бір технология алынуы тиісті. Жоғарыда айтып өткендей педагогикалық технология деп, тұлға қасиеттерін қалыптастырудың бір немесе бірнеше заңдылықтарына, осы заңдылықтарға сүйенетін идеяларға негізделген оқыту, тәрбиелеу, дамытудың жобасын айтады.
Технологиялық жобалауды сөз еткенде, біз жобалау терминін дәстүрлі ұғымға қарағанда кеңінен түсінеміз, яғни жобалау -педагогиканы, физиологияны, менеджментті мақсатты түсінігінің кең аймағы. Біздің пікірімізше, жоба белгілі бір шеңберде барлық педагогикалық іс-әрекетті алдын-ала көріп (сипаттап) отыруы керек. Жоба стратегиялық және тактикалық есептерге, сыртқы орта мен ішкі күшті талдауға, іс-қимылдар жоспарлау мен жүзеге асыруға, бақылау мен бағалауға, икемділікке қойылатын талаптар қатарына сай болуы керек. Егер жобалауда осы шарттар орындалса, бұл - технологиялық жобалау немесе технологиялық ыңғай (подход) негізінде жобалау.
Технологиялық жобалау педагогикалық жүйенің барлық компоненттерін біріктіреді. Мұндай жобаға қойылатын міндетті талаптардың бірі - өзектілігі, болжамдылығы, тиімділігі, біртұтастығы, бақылауға алынатындығы, сезімталдығы.
Оқу процесін технологиялық тәсілмен жобалау мәселелері И.В.Беспалько, М.Б.Мақамбаев, В.М.Монахов, Л.Н.Оразбекова, М.А.Чошанов, еңбектерінде т.б. қарастырылған. Бұл технологиялардың ерекшелігі алғаш рет іс жүзінде бүкіл оқу процесін бүтіндей қарастырып, оны жүйелеу, реттеу, мұғалімнің шығармашылық қабілетін мақсатты бағалау мәселесін шешіп береді, оқушыға оның білімі мен қабілетіне қойылатын талаптардың нақты да рационалды жүйесі ұсынылады.
Педагогикалық технология дұрыс жобаланған болу үшін онда міндетті түрде мынадай бес элемент қамтылуы керек.
Мақсат қою. Мұғалім курстың, тараудың тақырыптың көлемінде оқу процесінің иерархиялық мақсаттарын анықтайды. Бұл бөлімнің орындалу нәтижесі оқу тақырыбының иерархиялық мақсаттарын құру.
Диагностика (Болжау). Оқушылар білімін болжау дегеніміз деңгейлік оқытуға бағытталып құрылған өздік жұмыс. Әрбір иерархиялық мақсатқа сәйкес болжау жұмысы болады және ол шағын мақсаттың орындалуын анықтайды.
Оқушылардың сабақтан тыс өз бетімен орындайтын жұмыстары. Деңгейлік мөлшерде сараланып жазылған тапсырмалар жиынтығы. Мұнда оқушыға оқудың міндетті деңгейін (стандарт), жоғары (4 және 5 бағаларына сай келетін) деңгейін орындауға жеткілікті мөлшерде тапсырмалар беріледі.
Логикалық құрылым. Иерахиялық мақсаттың мазмұны мен саны оқушылардың даму аймағын (зона) және уақыт бойынша әр аймақтың ұзақтығын анықтайды. Әр аймақ өздік жұмысты (болжау) орындаумен аяқталады. Логикалық құрылым - оқу процесі жобасындағы мазмұндылықтың, реттіліктің, себептіліктің органикалық және динамикалық бірлігі.
Түзету. Мұнда негізгі үш жағдайды басшылыққа алу керек: қарастырып отырған сұрақтағы мүмкін болатын қиындықтар, оқушылардың көп жіберетін қателіктері, оқушының оқу стандарты талабының деңгейіне көтерудің педагогикаға тән шараларының жүйесі.
Технологияның үш элементі: мақсат қою, болжау, үй тапсырмасын мөлшерлеу өз ара тығыз байланысты, олардың әрқайсысы екіншісінің мазмұнын толықтырып отырады.
Мақсатқа жетуге кепілдік беретін дидактикалық процесті құрудың шарты - В.П.Беспалько тұжырымдаған мақсат тудыруға қатысты диагностикалық мақсаттылық принципін жүзеге асыру. Мақсат қою оған жету дәрежесін шынайы және бірмағыналы бақылауды қамтамасыз етеді.
Біз оқытудың табысты болуын оқушының оқу материалын белгілі деңгейде шектелген уақыт аралығында меңгеру қабілетіне қарай бағалаймыз. Жобада мақсат алдын-ала түсінген және жоспарланатын нәтиже ретінде берілген. әр тақырып бойынша оқушының оқу-танымдық мүмкіндіктерінде сапалық өзгерістердің бірнеше кезеңдері болжамданады, сол себепті біз шағын нәтижелер, шағын мақсаттар туралы айтып отырмыз. Оқыту мақсаттарын нақтылау шеңберінде мұғалім оқытуды оқушының дамуын басқару деп түсіне бастайды.
Жұмыс барысында шынайы және бір мағынада келесі міндеттерді орындау шарт:
- берілген сапа, қасиет, білік, тәжірибені анықтау;
- даму деңгейін (қалыптасқандығын) өлшеу;
- бұл деңгейді бағалау, салыстыру. Міне, осылай оқу процесін жобалаудың келесі шарты - шағын мақсатқа жету деңгейі мазмұнын анықтау - айқындалды. Бұл ең қиын, күрделі, жауапты сәт, себебі білім үрдісі моделін алдын-ала берілген өлшемдермен құрастыру - мұғалімнің кәсіби іс-әрекетінің негізгі бағыты. Мұндай көзқарас С.Л.Рубинштейн мен Л.С.Выготскийдің іргелі еңбектерінде баяндалған. Оқушының көкейтесті даму аймағынан “жақын араға даму аймағына’’ көшу процесі алдын-ала қаланып, жоспарланады. Бірінші деңгей оқушының қол жеткен даму деңгейімен сипатталады, ал екіншісі мұғаліммен бірлесе есеп шешкенде анықталады. Л.С.Выготскийдың басты қорытындысы: педагогика кешегі емес, ертеңгі күнге бағдар алуы керек.
Дидактикалық процестің басқару компоненті жобада “Мұғалім- оқушы” өзара әсер ету жүйесі түрінде қолданылады, оқушылардың жоғарғы өрлеу мүмкіндігі деңгейлік “саты” арқылы сыртқы басқару әсері ішке өтеді, сол арқылы оқушыларда өзін-өзі бақылау және өзін -өзі түзете білуі қамтамасыз етіледі.
Педагогикалық жүйе жобасында оқытудың мазмұны, әдісі және түрі оқушының өзіндік танымдық - іс-әрекет ерекшелігін есепке алып анықталған. Оқытудың технологиясын пайдалану жағдайындағы толықтай әдістемелік жүйеге қойылған жаңа талаптар анықталып отыр. Сөйтіп технология көмегімен құрылған оқытудың әдістемелік жүйесі қозғалысқа келеді және нәтижесінде жүзеге асырып отырған дидактикалық процесс (Дпр) оқушының өзі жүзеге асыратын дидактикалық процеске(Өдпр) ауысады, яғни Дпр®ӨДпр=М+Өтқ+өб, мұндағы М-мотивацияның жоғарғы деңгейі, Өтқ-өзбетімен танымдық қызмет әрекеті, Өб-өзін-өзі басқару.
Оқытудың педагогикалық технологиясын мектепке енгізу тек ғана оқу процесінің тиімділігін арттырып қоймай, мектептегі білім беруді қайта құрудың көптеген мәселелерін шешеді.
Оқушы мемлекеттік стандарт белгіленген білім деңгейінен төмен білім алмауға міндетті. Өзінің қабілетіне қарай қосымша білім беру бағдарламаларына сәйкес мемлекеттік стандарттан жоғары білім таңдап алуға құқылы.
Оқытудың педагогикалық технологиясын қолдану жағдайына меңгерудің міндетті деңгейі және өздерінің білімін көтеруге ықылыстары бар оқушылар үшін күрделенген тапсырмалар деңгейі анық айқындалған.
Оқытудың педагогикалық технологиясы оқу процесін оңтайландырудың және күшейтудің негізгі талаптарын жүзеге асырады. Деңгейлік саралау “Ішкі саралауды” іске асыра отырып, негізгі білім беру бағдарламасы мен мектептегі білім берудің қосымша білім беру бағдарламасын тиімді біріктіріп жүргізуге мүмкіндік береді. Нәтижесінде пәндерді тереңдете оқыту курстары ішкі деңгейлік саралауға ауысады. Көптеген гимназиялар мен лицейлер оқытуда “сыртқы саралауға” әуестенеді, оқу жоспарын түрлендірумен, оқушылар қалауы бойынша арнайы курстар мен толықтыра отырып оқушылар жүктемесін ауырлатады. Егер оқушыларға көшірме, жаттанды деңгейде педагогикалық ықпал болса, одан оқытудың әсері болмайды. Сондықтан оқыту технологиясын ұйымдастыру педагогикалық жүйе құрылымын жобалағанда ішкі және сыртқы саралауды үйлесімді байланыста болуын талап етеді.
Енді біз ұсынып отырған оқыту технологиясының қалайша оқушылардың оқу материалын қажетті минимум деңгейінде толық меңгеруіне кепілдеме беретіндігі, білім сапасын көтеруге жағдай жасайтынын сипаттаймыз.
Біріншіден, бұл оқыту технологиясының дидиактикалық, психологиялық негіздемесі дамыта оқытушылық, жеке тұлғаны тәрбиелеу, қызметтік педагогика (С.Л.Рубинштейн, Л.С.Выготский, В.В.Давыдов, Л.В.Занков, Ю.К.Бабанский, т.б. теорияларына сүйеніп құрылған).
Екішіден, біз дәстүрлі оқытудың мазмұнға ғана құрылып, ал нәтижеге жету мақсатын нақты қоя алмайтын кемшілігін жоюға бағыттап, шетелдің озық тәжірибесін пайдаландық. Бұл ретте біз американдық ғалым Б.С.Блумның “толық меңгерту теориясын” негізге алдық. Ол бізге нәтижені қамтамасыз ететіндей етіп оқу мақсатын диагностикалық түрде дәл анықтауға жәрдемдесті.
Сөйтіп біздің технологиямыз жағдайында оқыту мақсаты иерархиялық түрде қойылып, ал алынған нәтиже сәйкесті меңгеру деңгейлері түрінде анықталады. Бұл жағдай:
а) оқушының оқу материалын жеңілден күрделіге қарай жүйелі меңгеруі;
ә) алынған нәтижені өлшеуге болатындығы;
б) оқу процесінің жарыс түрінде ұйымдастырылуы;
в) бағалаудың жетелеушілік қасиеті;
г) дамыта оқытудың әдіс - тәсілдерін қолдануға ыңғайлы жағдайлар жасалуы, т.б. себептерге байланысты оқушының оқу материалын қажетті минимум деңгейінде меңгеруіне жағдай жасайды.
Міне, осылай деңгейлік саралау негізінде оқу процесін ұйымдастыру ойлаудың ойлау нысанының айналасында С.Л.Рубинштейн пайымдағандай ”біртіндеп тереңдейтін” қозғалыс ұйымдастыруына мүмкіндік береді, сонымен оқытудың мазмұнды даралануын да, жақын арада даму аймағын да қамтамасыз етеді. Мұндай оқыту әрбір оқушыға өзіндік даму динамикасын береді, даму траекториясы төмен деңгейден жоғарысына бағытталған деңгейді көрсетеді. Оқушының оқу материалын меңгеру деңгейлері әрбір шағын мақсат бойынша диагностикадан өтетін болғандықтан білім сапасы мониторингі тұрақты жүйесі туралы айтуға болады, себебі “оқушының білмегенінен білгеніне жылжуын керек кезінде бақылап түзетуге мүмкіндік беретін үздіксіз тексеру амалдарының жиынтығы” пайда болады .
Мониторингіні оқыту процесіне ендіру білім сапасын көтергенмен бірге көптеген қиындықтар да туғызады (мақсаттарды нәтиже арқылы тұжырымдау қиындығы, уақыт тапшылығы, оқу процесінің жабдықталуы, дидактикалық материалды дайындау және т.б.). Мониторинг енгізу мұғалім алдына жаңа әдістемелік міндеттер қойып, оның жұмыс әдістемесіне әсер етеді.
Маңызды мәселелердің бірі - оқу материалын меңгеруді бақылау құралдары мен әдістері.
Біз әр алуан бақылау түрлерін: диктант, тестілеу, өздік жұмыстар, лабораториялық, практикалық жұмыстар, ауызша сұрақ т.б. қолданамыз. Әрбір тақырып бойынша 2-5 шағын мақсат диагностикадан өтетін болғандықтан, әрбір диагностика - білім дұрыстығы мен толықтығы мониторингі емес, жалпы оқу білігі, белсенділігі, мотивациясы, білім сапасының мониторингі.
Технологиялық ыңғайда оқу процесін жобалаудың тағы бір негізі - үй тапсырмасының мазмұнын анықтау. Оқушылардың сыныптан тыс іс-әрекет жобалауда даралау ыңғайын қамтамасыз ету үшін оқулықтарда тапсырмалар жеткіліксіз. Мұғалім алдына қойылған мақсат: үй жұмысы уақыт, қиындық деңгейі жағынан оңтайлы болып, шағын мақсатқа жету диагностикасын табысты етуі керек. Мұғалімге мынадай зерттеу ұсынылды: оқушы мұғалім берген тапсырмаларын мөлшерін толықтай орындаған жағдайда “сынақты” тапсыру.
Кәсібилігі жоғары педагог 85-90% ықтималдылыққа қол жеткізеді. Практика көрсеткендей, оқушы үй тапсырмасы көлемін “жақсыға” орындаса, табысты диагностика ықтималдылығы 65-75% , “өте жақсы” жағдайында - 55-65%, ықтималдылықты есептеу үшін, мұғалім дәптерлер бойынша үй тапсырмасы көлемін “сыналды” бағасына дұрыс орындаған оқушылар санын анықтап, диагностика нәтижелерімен салыстырады.
Осындай жоба негізінде оқу процесін ұйымдастыру оқушыға оқыту траекториясын өздігінен анықтауға мүмкіндік береді. Бұл жағдайда оқушының үлгерімдегі табыстары оның көңіл - күйіне немесе оған деген мұғалімнің көзқарасына байланысты емес. Ал байланысты болса да, өте аз дәрежеде. Оқушы өзіне деген талапты түсінеді (шағын мақсат), одан не сұрайтынын біледі (диагностика), табысқа жету үшін не істеу керек екенін хабардар (сыныптан тыс әрекет). Оған қоса үй тапсырмасын реттеу оны орындауға жағдай жасайды.
Осылайша “оқушы өзіне-өзі және өзінің тағдырын жарататын” процеске жағдай жасалады.
Оқу процесінің технологиялық жобасын құрудың маңызды шарты - тақырыптың логикалық құрылымын анықтау. Шағын мақсаттан шағын мақсатқа дейінгі қозғалыстың, жақын арада даму аймағындағы қозғалыс траекториясын анықтау.
Оқу процесінің құрылымы - сабақтардың оқу мазмұнының логикалық құрылымымен үйлестірілген бірізділігі.
Логикалық құрылымда қай элемент қай деңгейде зерделенетіні айқын көрінеді. Логикалық құрылымды анықтауда әрбір пәнішілік байланыстың бастапқы және соңғы элементін зерделегенде алыстату нормаларын сақтаған жөн. Бұл норма эмпириялық түрде белгіленген.
Оқу процесі логикалық құрылымын оңтайландырудың басты мақсаты бастапқы логикалық құрылымды оқушының есінің ерекшеліктерін, оның іс-әрекеттік сипатын, есте сақтау және ұмыту механизмдерін барынша ескеретіндей қылу. Оқу процесінің логикалық құрылымы жақсарған сайын оқу мазмұнын оқушының игеруі де жақсарады, нәтиже де оң болады.
Оқу процесі тиімділігінің тағы да бір шарты - қателердің алдын- алу және оларды түзету, яғни түзетім жұмысы.
Мұғалімдерді технологиялық шығармашылыққа тарту - оқу процесін жобалаудың анықтаушы шарты. Технологиялық жобаны құру кезеңінде мұғалім тұлғасы маңызды субьект. Педагогикалық технология жағдайында мұғалімнің шығармашылық іс-әрекеті жаңа идеялар, көзқарас, шешімдер ескеретін педагогикалық үлгілерді жаратуға әкеледі, мұның өзі бұл тәжірибені таратуға көмектеседі.
Мұғалімнің, педагогикалық ұжымның шығармашылық еркі жағдайына қойылғанына ондаған жылдар болды. Бірақ бұл процес тек әкімшілік тарапынан ғана басқарушылық сипат алды. Мұғалімдер, білім органдарының жетекшілері де педагогикалық ғылым жетістіктері туралы аз біледі. Бұқаралық педагогикалық ойлау аз өзгерді. Мектеп дайын ортақ оқу бағдарламалары, жоспарлары, оқулықтары бойынша жұмыс істеуге әдеттенген. Мектептерде педагогикалық технологиялар туралы “құлаққағыс” хабарлама ретінде естіген. Негізінен технологиялық шығармашылық еліктеушілікпен алмастырылады [67, 68].
Ал білім саласының қазіргі проблемаларын ескі әдетпен, әдістер мен тәсілдер жиынтығымен шеше алмайтынымыз сөзсіз. Білім “ұлттық қауіпсіздік және әлеуметтік-экономикалық дамудың факторы” болып табылады. БҰҰ білімді “адам дамуы индексінің” үш басты критерийлері санына қосты: өмірдің орташа ұзақтығы; шынайы еңбек ақысы және білім деңгейі. Осы көрсеткіштердің бәрі әлеуметтік, өнеркәсіптік және білім технологияларының деңгейіне байланысты.
Біз бұл оқулықта оқытудың шынайы процесін жобалайтын практикада жүзеге асырылған технологияны зерттейміз. Оқытудың педагогикалық жүйесін жобалаудың дидактикалық шарттары мен жүзеге асыру жолдарын анықтадық, яғни оқыту процесін технологияландыру механизмдерін дайындадық. Біз дидактикалық шарттардың 15 түрін анықтап, технология жобасына, ұйымдастыру формаларының өзгеруіне, жүйенің құрылуына байланысты сәйкес бес топқа бөлдік (2-сурет). Сонымен, оқу процесін технологиялық түрде жобалаудың басты дидактикалық шарттары:
Достарыңызбен бөлісу: |