Әл-Фараби атындағы ҚазҰу жоо-ға дейінгі білім беру факультеті жоо-ға дейінгі дайындық кафедрасы



Дата09.08.2017
өлшемі62,15 Kb.
#23240
түріСабақ
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ

ЖОО-ға дейінгі білім беру факультеті

ЖОО-ға дейінгі дайындық кафедрасы

Аға оқытушылар: Тилеужанова Г.Т.

Абдвахитова Г.Н.

Қазақ тілін өзге ұлт өкілдеріне оқыту кезінде әртүрлі тәсілдерді қолдану

Қазіргі таңда жаңа технологияларды қолдана отырып, тыңдаушылардың сабаққа деген қызығуышылығы мен ынтасын дамытуға болады. Әр ұстаз сол білім ордасының айнасы. Тыңдаушыларға қазақ тілін үйретуде жақсы жетістіктерге жетуі үшін: біріншіден, пәнді үйрет ; екіншіден, мазмұнды, бағдарлама мен оқулықтар; үшіншіден, әрі тиімді, әрі пайдалы инновациялық технологияларды пайдалана білу керек. Сабақтың қызықты, сапалы өтуі тікелей оқытушының шеберлігіне байланысты болады. Қызығушылықты арттыруға арналған қазіргі кезде көптеген технологиялар бар. Қазіргі кезде тілді коммуникативтік оқыту мәселесіне ерекше назар аударуда. Өзге ұлт өкілдеріне қазақ тілін оқытудың жаңа технологиясы тілдің коммуниктивтік қызметін ескере отырып, оны коммуникативтік танымдық жағынан меңгертуді көздейді. Коммуникативтік оқыту технологиясы дегеніміз пікір алысуға негізделген әдістеме. Қазақ тілін оқытуда коммуникативтік мақсатқа жетуде ауызша сөйлеудің маңызы зор. Сөйлеуге үйрету үшін қажетті ситуацияларды мынадай жолдармен беруге болады:



  • а) «көз алдыңа елестетіп көр», «қиялдап көр» деген сияқты т.б. тапсырмалар арқылы жағдаяттар құру;

  • ә) белгілі бір жағдаятты жасайтын сурет немесе ситуацияны дамытатын, күшейтетін суреттер тізбегіне қарап, соның көмегімен сөйлеу;

  • б) күнделікті өмірдегі болып жатқан жағдайға ұқсас нәрселерді сипаттау.

Сабақ барысында байқағанымыз, түрлі суреттер, ситуациялық сұрақтар, жарыс сабақтар тыңдаушылардың бойындағы қызығушылықты оятса, екіншіден, өз ойларын жеткізе білуге дағдыландырады, белсенділігін, ынтасын арттырады. Және де күнделікті өмірдегі болып жатқан құбылыстар, қоршаған ортамен байланысты, т.б. да түрлі сұрақтар сөйлеу тілінің дамуына зор ықпал етеді. Ал, адамдар тілді сөйлем түрінде қолданғанда ғана бірін-бірі түсініп, пікірлесе алады.Тыңдаушыларды белгілі бір дәрежеде сөйлеуге, өз ойын басқаға жеткізе алатын, біреудің сөйлеген сөзін, жазғанын түсіне алатын дәрежеге жеткізу үшін, алғашқы сабақтан бастап сөйлем түрінде үйретілуі тиі. Себебі, жеке атау тұлғалы сөздер де, грамматикалық формалар да өзара бір-бірімен байланысып, сөйлем құрамына енгенде ғана тұтас аяқталған ойды білдіре алады. Әр ұстаз өз бетінше топпен жұмыстың жаңа тәсілдерін ойлап таба алады. Тыңдаушыларға бір-біріне сұрақ қойып және оған жауап беруді үйрететін, жұптасып жұмыс істеу әдісін сабақтарда жиі қолданылады.  Қазақ тілі сабақтарында қолданылатын тәсіл – «Жағдаяттарды шешу». Мысалы, «Менің досым» тақырыбы бойынша тыңдаушыларға мынандай жағдаят ұсынылады.: Сен өз досыңның фотороботын бейнелеуің керек. Аты кім? Жасы нешеде? Шашы, көзі, бойы...

Интерактивтік оқыту – бұл, ең алдымен тыңдаушы мен оқытушының қарым-қатынасы тікелей жүзеге асатын сұхбаттасып оқыту болып табылады.

Сонымен қатар, бұл үрдіс өзара қолдау және қайырымдылық атмосферасында жүреді. Жаңа білім алып қана қоймайды, танымдық үрдісте өзін дамытады, оны әлдеқайда жоғары топтасу мен еңбектесу дәрежесіне көтереді. Сұхбаттасып оқыту барасында тыңдаушылар сыни  ойлауды, тиісті ақпарат пен белгілі жағдайды талдау негізінде күрделі мәселелерді шешуді, балама көзқарастарды салыстыруды, дұрыс шешімдер қабылдауды, дискуссияға қатысуды, басқа адамдармен тиімді қарым-қатынас жасауды үйренеді. Ол үшін сабақта жекелей, жұптық және топтық жұмыс ұйымдастырылады, рөлдік ойындар қолданылады, шығармашылық жұмыстар пайдаланылады.    

       Оқу процесінің жеделдеуіне байланысты қазақ тілі пәнін заман талабына сай, әр түрлі әдіс-тәсілдерді қолданып жүргізу қажеттілігі туып тұр. Қазақ тілін оқутыда ойын түрлерін пайдалану тыңдаушының басқа тілді үйрене алмаймын деген сенімсіздігін сейілтіп, тілді үйренуге ынтасын арттырады.

  Тыңдаушыларды пәнге қызықтыру арқылы сабаққа ынтасын арттырып, оны бірте-бірте тұрақтандырып қалыптастыру  қажет. Оқу жоспары мен бағдарламасы, оқулық пен көрнекілік құралдар, оқытушылардың дидактикалық жағынан тәжірибесі мен кәсіби шеберлігін арттыру тіл пәнін оқытудың сапасын жетілдіретін басты белгілері деп білеміз.

  Қазақ тілін оқыту барысында тақырыптың мазмұнына сай білім берудің әр түрлі әдіс-тәсілін қолдану ерекшелігін меңгерген жөн. Ғалымдар пікіріне сүйене отырып, қазақ тілі оқыту әдістерінің түрлерін топтастыруға болады

Баяндау әдісі, түсіндіру, әңгіме, сұрақ-жауап.

Кітаппен жұмыс әдісі.

Көрнекілік әдісі.

Техникалық құралдармен жұмыс істеу әдісі.

Жаттығу әдісі.

 Қазақ тілі сабақтарында интерактивтік тақтаны қолдану оқыту үрдісінің тиімділігін арттыра түсті. Мультимедиялық технологиялар, компьютерлік презентациялар бағдарламасы сабаққа көрнекілік дайындаудың ең ыңғайлы әдістердің бірі болды. Сабақта көрнекті материалды кесте, тірек-сызба арқылы, бейнесюжет арқылы көрсетуге мүмкіндік береді, бұл тыңдаушылардың білімдерін бақылауына да мүмкіндік туғызады. Компьютерлік нұсқада сабақтарға қосымша материалдар, тестер, сынақтар жасалған. Өзге ұлт өкілдерінің тыңдаушыларына тілді үйрету әрине оңай шаруа емес. Дегенмен де, сол тілді сабақта әртүрлі формалар арқылы жеткізу ыңғайлы да, ұтымды. Көптеген тәсілдер де бар. Мысалы, баяндау, әңгімелеу т.б осы тектес тәсілдер баршылық. Сабақ түрлеріне тоқталсақ, аралас сабақ, жаңа материалды меңгерту, материалды бекіту және т.б толып жатқан түрлері бар. Соның ішінде қазақ тілін басқа ұлт өкілдеріне үйрету кезінде сабақта қандай тәсілдерді қолдана аламыз. Әрине, басқа ұлт өкілдеріне қазақ тілін үйрету біраздаған қиындықтарды туғызады. Олардың сөйлеу мәнеріне назар аудару, сауаттылығын бақылау және т.б. жақтарына көбірек назар аудару қажет. Олардың тіл сауаттылығын дамыту ең бірінші орынға қойылуы тиіс. Сабақта осы мақсатпен әртүрлі мәтіндер беру, ауызекі тілді (диалог) дамыту жұмыстарын жүргізу де пайдасын тигізеді. Сабақта әртүрлі тәсілдерді қолдану мақсатында мына бір сабақтың өту барысын ұсынғымыз келеді.

Пән: Қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы: Сан есімнен өткенді қайталау

Сабақтың мақсаты:

1. Оқыту: Сан есімнен өткенді , тыңдаушының теориялық білімін практикамен ұштастыру.

2. Дамыту: Сабаққа деген ынталарын, қызығушылықтарын және ауызша ауызекі тілдерін дамыту.

Сабақтың әдісі : қайталау, сұрақ-жауап
Сабақ көрнекілігі: сөздер кестесі,проектор.
Пәнаралық байланыс: математика
Сабақ барысы: Ұйымдастыру, сәлемдесу, түгендеу, сабақтың мақсатын түсіндіру.
Мына сұрақтарға жауап беріңіздер?

Сұрақ- жауап әдісі арқылы тыңдаушының білімі тексеріледі. Бұл әдіс үш деңгейден тұрады.

I деңгей. Сұраймын, жауап бер.

II деңгей. Ойла, ойлан, ойландыр.

III деңгей. Жалғастыр.

I деңгей. Сұраймын, жауап бер. Сан есім дегеніміз не? Сан есімнің түрлері. Құрамында сан есімі бар бірнеше сөйлем оқылады. Сан есімді жазып, мағынасын ажырату.

1. Сенің жасың нешеде?

2. Сен нешінші курста оқисың?

3. Дәрісханада неше парта, терезе, орындық бар?

4. Ертең неше сабақ болады?

5. Бүгін нешесі?

6. Біздің ғимарат неше қабатты?

7. Топта неше студент бар?

8. Сенде неше саусақ бар?
II деңгей. Ойла, ойлан, ойландыр. Сан есімнің емлесін еске түсіріп , қатені түзе. Мысалы : алтыау, 20-дәптер т.б.
III деңгей. Жалғастыр.Мақал мәтелдерді мазмұнына қарай аяқтап, сан есімнің астын сызу.

Алты жасар бала алыстан келсе,....

Жүз теңгең болғанша,.......

Жеті санына байланысты аталы ұғымдарды ата, мағынасын түсіндір.


Сан есімге 5 сөйлем құраңыздар.

Бағалау. Үй тапсырмасын беру.
 

.

ӘДЕБИЕТТЕР

1. Бектурова А.Ш., Бектуров Ш.К. Казахский язык для всех. – Алматы: Атамұра, 2004.

2. Педагогический мир // 2005, февраль №2.



3. Рысбаева Г.Қ. Қазақ тілі грамматикалық анықтағыш. – Алматы: Сөздік – Словарь, 2000

4. Қазақ тілі мен әдебиеті // 2002, № 8\
Каталог: sites -> default -> files -> publications
publications -> М. П. Ешимов ф.ғ. к., доцент, Р. С. Нұртілеуова аға оқытушы
publications -> Жаппарқұлова Анар Абусайылқызы ОҚмпи қазақ және әлем әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы, ф.ғ. к. Шымкент қаласы. Майлықожа ақынның шығармашылық ықпалы
publications -> Білімнің биік ордасы. Высокий центр знании.)
publications -> Қазақ халқының шешендік өнері Абилбакиева Ғ. Т
publications -> 1903 жылы Санкт-Петербургте «Россия. Біздің Отанымыздың толық географиялық сипаттамасы» деп аталатын көп томдықтың XVІІ томы қазақ халқының тарихына арналып, «Киргизский край» (Қазақ өлкесі) деген атаумен шықты
publications -> Олжастанудың деректі көздері
publications -> Өмірде өнегелі із қалдырған, халықаралық қатынастар факультетінің тұңғыш деканы Гүлжауһар Шағатайқызы Жамбатырова
publications -> С. торайғыров мұрасының ТӘуелсіздік тұсында зерттелуі
publications -> Жамбыл жабаевтың арнау өЛЕҢдері сағынған Назерке Берікқызы
publications -> Ш.Құдайбердіұлы және М.Әуезов шығармашылығындағы тұтастық Нұрланова Әсем Нұрланқызы


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет