Физика, математика және ақпараттық технологиялар факультеті



бет20/33
Дата23.08.2020
өлшемі324,27 Kb.
#76615
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   33
Байланысты:
УМК ПРОЕКТИРОВАНИЕ

І кезеңде тірек тапсырмаларымен жұмыс, яғни жаңа тақырыпты меңгеруге қажетті бұрын өтілген материалдарды қайталау. Бұл үйде орындалып келетін тапсырма болғандықтан (жұмыс дәптерінде көрсетілген тапсырмалар жазбаша орындалады) үй жұмысын талдауға барлық оқушыларды (нашар үлгеретін оқушыларды да) толық қатыстыруға және уақыт үнемдеуге мүмкіндік береді.

Осы кезеңде әңгімелесу, көрнектілік, практикалық оқыту әдістерін қолдана отырып, оқушылардың бұрын алған білімдерін еске түсіру, сабаққа қызығушылығын арттыру және білімдерін қадағалау жүзеге асырылады.

Сонымен бірге осы жұмыстар арқылы оқушының сабаққа зейінін аударып, тақырыпты өздігінен меңгеруге дайындау процесі жүзеге асырылады.

ІІ кезең - жаңа тақырыпты өздігінен меңгеру. Бұл кезеңде оқушыларға тақырыпты оқып үйрену алгоритмі беріледі.

Берілген алгоритм бойынша оқушылар оқулықпен жұмыс істеп, тақырыптан керекті мәліметті таба білуге, ізденімпаздыққа үйренеді, әр оқушының танымдық қызметіндегі дербестікті дамытуға мүмкіндік туады. ІІ - кезеңді екі бөлімге бөліп, бірінші бөлімде тақырыпты алгоритм бойынша оқып үйреніп, топ бойынша талдауға уақыт беріледі. Оқушылар тақырыпты оқып отырған кезде мұғалімнің үй тапсырмасын тексеруге немесе жеке оқушылармен жұмыс істеуге мүмкіндігі болады. Екінші бөлімде барлық оқушыларды қатыстыра отырып, берілген тақырып алгоритм бойынша тақтада талданады. Оқушылардың танымдық қызметін ұйымдастырудың жартылай ізденіс, проблемалық және зерттеу әдістері қолданылады.



ІІІ кезеңі. Тақырыпты меңгерудің практикалық бөлімі деңгейлік тапсырмалар арқылы өз бетімен орындалатын жұмыс түрінде жүргізіледі. Үй жұмысын қоса осы тақырыпты меңгеруге арналған уақыттың барлық қалған уақытына түрлі деңгейлік тапсырмалар беріледі. Түрлі деңгейлік тапсырмалар құрастыруда басты критерий (белгі) ойлану әрекетінің түріне және ойлануларының дербестігіне қарай тапсырманы күрделендіруге бағытталады. Тапсырмалар үнемі ой жұмысына қорек беріп отырады.

Осы мақсатта біздің деңгейлік өз бетімен жұмыс дәптерлерімізде салыстыру әдісін пайдалану кеңінен қолданылған. Өз бетімен жұмыс дәптерінде әр жаңа тақырыпты қайталауға арналған белгілі тапсырмалар бар және олар оқушылардың өз ой-пікірін айтып, салыстыруға арналған. Тапсырмалар көбінесе өз бетімен орындалатын жұмыстарға бағытталған. Әр оқушы тапсырманы ойлана отырып орындап, өзінің жеке ерекшелігіне қарай, мүмкіндігіне қарай шығармашылық биіктікке жетуі қажет. Бұл жерде нәтиженің маңыздылығымен қоса емес, оқушының өз бетімен жасаған әрекетінің барысы, тапсырманы орындау барысы, жұмыс жасауға деген ынтасы, қиыншылығы мен қателерін ескеруі, түзету енгізе білуі де маңызды. Қиын болған жағдайда оқушыға мұғалім тарапынан да, жолдастары тарапынан да, көмек көрсетілуі ескерілген. Бұл тәсіл даралап оқытудың бір жолы болып табылады да, ол оқушылардың жеке ерекшеліктерін ескеретін, топтық оқытумен сәйкестелінетін дамытып оқыту әдістемелік жүйесін іске асырумен тығыз байланысты. Мұндай оқытуда “коллективті түрде оқыту әдісін” де тиімді қолдануға болады.



Оқу модулінің құрылысы.

Модуль.


(№1 тақырып бірнеше параграфтан тұрады).

  1. Жаңа тақырыпты өз бетімен өзіндік жұмыс арқылы меңгеру (10-15 мин.)

  2. Түрлі деңгейдегі тапсырмалармен өз бетімен орындалатын жұмыстар. (Осы параграфтағы материалды меңгеруге арналған барлық мерзімге, үй жұмысын қоса алғандағы мерзімге есептелген. Сабақ саны біреуден артық болуы ықтимал.)

  3. Тест.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   33




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет