Физика, математика және ақпараттық технологиялар факультеті


Лекция 9-10. Жоғарғы сыныптың физика курсы бойынша сабақтарды жобалау ерекшеліктері



бет17/33
Дата23.08.2020
өлшемі324,27 Kb.
#76615
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   33
Байланысты:
УМК ПРОЕКТИРОВАНИЕ

Лекция 9-10. Жоғарғы сыныптың физика курсы бойынша сабақтарды жобалау ерекшеліктері
Физика пәнін оқыту процесін технологиялық негізде ұйымдастырудың өзіндік ерекшеліктері бар. Оған төмендегідей ерекшеліктерді жатқызуға болады [69]:

  • Физикалық құбылыстарды, материяның әр түрде болатынын, олардың бір-біріне өзара ықпалымен айналу процесін ұғыну үшін оқушылардан әртүрлі ойша елестетуді, зерделеуді, модельдеуді қажет етеді. Оқушылардың ойша елестете білуі олардың жас ерекшеліктеріне байланысты дамиды. Бұл ерекшелік - пәннің мазмұнына байланыстылығы.

  • Физиканың басқа пәндерден ерекшелігі, онда физикалық заңдылықтардың модель түрінде берілуі және әртүрлі белгілеулері яғни формалары, графиктері, диаграммалары, электр тізбектеріндегі белгілеулері бар. Бұл оқушылардан әртүрлі заттардың белгілеуінен нақты өмірде бар түріне көшуді, керісінше нақты заттардан суреттік белгілерге көшуді талап етеді.

  • Оқушылардың пәнге деген жоғарғы сезімдік қасиеттері атап айттсақ, белсенділігі, қызығушылығы, алдына қойған мақсатқа ұмтылғыштығы, өздігінен зерттеулер жүргізіп, тұжырымдай және өз пікірін айта білуі болып табылады. Бұл ерекшелік пәнді оқытуда әртүрлі тәжірибелерді көрсетуде, оқушылардың өздігінен бақылау жүргізгенде және практикалық жұмыстарды өздері жасағанда, өздігінен іздену барысында көрінеді. Мұғалім оқушылармен әртүрлі өзіндік жұмыстарды ұйымдастырғанда осы ерекшеліктерді ескеруі қажет.

Физикадан білім беруде төмендегідей негізгі міндеттерді қамтамасыз ету талап етіледі:

- оқушының жеке басын дамыту: байқампаздығы, өз бетімен білім алу және алған білімдерін қолдана білуі, физикалық құбылыстарды бақылай және түсіндіре білуі, оқушылардың жалпы ғылыми ойлауын дамыту;

- эксперименттік фактілерді, ұғымдарды, заңдарды, теорияларды, физика ғылымының өзіндік әдіс-тәсілдерін, дүниенің қазіргі ғылыми бейнесін қалыптастыру, бақыланатын процесстерді талдау үшін ғылыми мағлұматтарды пайдалана білуі;

- оқушыларда эксперименттік икемділікті қалыптастыру, құралдар мен аспаптарды пайдалана білуі, өлшеу нәтижелерін шығара білу және тәжірибе мәліметтері негізінде қорытынды жасай білуі, қіуіпсіздік техникасы ережесін сақтай білуі;

- физика мен техникаға деген танымдық қызығушылығын қалыптастыру, шығармашылық қабілетін дамыту;

- мамандықты саналы таңдауына көмектесу;

- оқушылардың патриоттық және ұлттық мақтаныш сезімін тәрбиелеу, адамгершілік тәрбие беру;

Сонымен бірге білім алудағы маңызды элементтердің бірі - ғылыми ұғымдар жүйесін қалыптастыру. Физикалық заңдар мен теорияларды сапалы түрде меңгеру үшін олардың арасындағы байланысты білдіретін ұғымдарды меңгеру керек. Оқушылардың ойлауын дамытуда ұғымдарды қалыптастырудың маңызы зор. Ұғымдарды меңгерту үшін оқушылардың белсенді таным қызметі яғни оқушылардың зейіні мен ойлауын күшейтетін, ынтасын арттыратындай өзіндік жұмыстар жүйесін ұйымдастыру қажет.

Өзіндік жұмыс - оқушылардың оқу танымдық іс-әрекетінің формаларының бірі. Қазіргі кезде негізгі талап - оқушылардың белсенді іс-әрекеттік сезімін оята отырып, оларды басқара білу. Оқушылардың өз бетінше ізденуі арқылы білімін көтеруі, біліктілікке талпынуы, ептілікке дағдылануы оқу процесінде белсенділігін арттырудың бір түрі екендігі бұрыннан белгілі.

Өзіндік жұмыс - оқушының ойлау қабілетін, ақыл-ой және іс- тәжірибесін туындайтын оқу, тану әрекеті. Өзіндік жұмыстардың әртүрлі жіктеулерін келтіруге болады:

1. Дидактикалық мақсаттары бойынша: оқып, үйреніп тексеретін, алынған білімді баян ететін және т.б.;

2. Даярлау дәрежесі бойынша мазмұны әртүрлі, бірақ бірдей тәсілмен орындалатын;

3. Білім материалдары бойынша: оқулықпен, оқу әдебиеттерімен жұмыс, есептерді шешу және салыстыру, лабораториялық және графиктік жұмыстар;

4.Оқушылардың ізденпаздық дәрежесіне байланысты жұмыстар және т.с.с.;

Осы жіктеулерге сәйкес оқу процесінде өзіндік жұмыстың төрт деңгейі құрастырылған: үлгі бойынша орындалатын (үйренушілік), алгоритімдік, жаңалық ашатын (эвристикалық), шығармашылық.

Деңгейлік саралау негізінде және оқытудың педагогикалық технологиясының талаптарына сәйкес құрылған тапсырмалар физика пәнін оқытудағы жоғарыда келтірілген дидактикалық ерекшеліктерді және физикадан білім берудегі міндеттерді ескереді. Оқушылардың жұмыс дәптерлеріндегі тапсырмалар күрделілігіне қарай жоғарыда келтірілген үш деңгей бойынша құрылған. Бұл тапсырмаларды құрастыруда оларға төмендегідей талаптар қойылады:

Бірінші деңгей “үйренушілік”:

- оқушылардың жаңа тақырыптан алған білімдерін бекіту үшін, еске түсіріп қайталау үшін және алған білімін практикада қолдана білуге жаттықтырады. Мұнда заңдылықтардан, ережелерден, анықтамалардан, формулалардан хабардар болуы қажет. Берілген есептер мен тапсырмалар өмірмен, қоршаған ортамен байланыстырылуы керек. Мұнда оқушының қызығушылығына, танымдық ынтасына назар аударылады, негізгі тірек ұғымдарды “тани білу”деңгейінде көңіл бөлінеді.

Екінші деңгей түсіну деңгейіне сәйкес “алгоритмдік”:

- мұнда алған білімді қалыпты жаңадан өзгеше, ұқсас жағдаяттарда пайдалана білу көзделеді. Игерілген материалдарды жүйеге келтіруге, реттеуге арналған мазмұны өзгертілген жағдайдағы тапсырмалар беріледі. Сонымен қатар ұлттық негізде құралған, көбінесе танымдық және үйретушілік мәні бар тапсырмалар, мысалы, сөзтізбектер, ребустар т.б. ойлауға арналған тапсырмалар беріледі.

Қолдану деңгейіне сәйкес үшінші деңгей”эвристикалық”:

- оқушыларға берілген тапсырмалар танымдық-ізденіс түрінде, игерген білімді тереңдету үшін әртүрлі логикалық операцияларды (анализ, жинақтау, синтез, негізгіні айқындау, қорытындылау) керек етеді. Проблемалық жағдайларды шешуге, өздігінен графиктерді, диаграммаларды құруға, формулаларды қорытып шығаруға, лабораториялық жұмыстарды өзбетімен жасауға, физикалық құбылыстарды үлгілеуге тәрбиеленеді. Есептерді әртүрлі тәсілдері мен жолдары арқылы шешуге дағдыланады.

Төртінші деңгей “шығармашылық”:

- әрбір тапсырманы өзбетімен түсініп талдай отырып орындау ғылыми шығармашылық тұрғыдан шағын зерттеу жұмысын жүргізіп “кішкентай” жаңалық ашқанмен барабар. Есеп шығару барысында ой өрісінің кеңи түсіп, негізгі физикалық заңдылықтарды тереңірек түсінуіне жол ашады.

Оқушылардың өзіндік жұмыстарын ұйымдастыру мұғалімнен шығармашылықты, шеберлікті, жоғарғы әдістемелік дайындықты талап етеді. Өзіндік жұмысты ұйымдастыруда мұғалімдер мынадай шарттарды қолданғаны жөн: 1. Өзіндік жұмыс барысында орындалатын есептердің мазмұнын оқушы түсінуі керек. 2. Оның орындалуы жөнінде оқушыларға нұсқау беру керек. 3. Жұмыстың орындалуын қадағалау керек. 4. Оқушылардың жұмысын тексеру, қателерін анықтау қажет.

Оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекетінің нәтижесі - олардың білімді өз бетінше талдап және бір жүйеге келтіре алатын тапсырмаларды орындауы болып табылады.

Біз таңдап алған технология бойынша Қазақстанның біраз жерінде орта мектептер жұмыс істеп жатыр.

Профессор Ж.А.Караев ұсынған деңгейлік саралау негізіндегі оқытудың компьютерлік педагогикалық технология мәселесіне сәйкес Ж.У.Кобдикованың “Деңгейлік саралап оқытудың педагогикалық технологиясы’’ атты ғылыми еңбегінде 5-6 сынып математика пәні мысалында жоғарыда келтірілген талаптарды қанағаттандыратын деңгейлік тапсырмалар жүйесін зерттейді. Ж.У.Кобдикова еңбегінде білім беруді ізгілендірудің мынадай міндеттеріне тоқталады:

- оқыту процесі жеке тұлғаның дамуы бағытында жүреді;

- оқыту процесі ішкі мотивацияға, оқушының басқалармен толық қатынасуына негізделген;

- тұлғаның қалыптасуы ойдың бірлігіне, сенім, рух, пен дененің бірлігіне байланысты өтеді;

- оқыту оқушылардың өзіндік тәжірибесіне негізделіп жүргізіледі;

- оқыту жалпы адамдық құндылықтар мен оқушының психо - физикалық белгілерін ескеруге негізделген;

Ол жеке тұлғаның қалыптасуы “мұғалім - оқушы” қатысында көрінетінін айтады.

Біздің зерттеу жұмысымызда физика пәнінің ерекшеліктеріне байланысты тапсырмалар мазмұны өзгертіледі. Физикалық ұғымдар, физикалық шамалар және олардың өлшем бірлігі түсініктерін қалыптастыру, демонстрациялық тәжірибе және лабораториялық жұмыстар, физиканы оқытуда политехникалық білім беру, кәсіптік бағдар беру, экологиялық білім беру, экономикалық тәрбие беру пәнаралық байланыстар мұның бәрі деңгейлік тапсырмалар мазмұнында қамтылады .

Осындай талаптар негізіндегі 10 - шы сынып физикасының “Молекула кинетикалық теорияның негіздері” тарауы бойынша құрылған деңгейлік тапсырмалар мысалын келтіреміз. Мұндай тапсырмаларды орындамас бұрын оқушылар алдымен өзбетімен осы тақырып материалдарын меңгереді. Ол жөнінде келесі параграфта айтылады.

І-деңгей.

Бұл деңгейдің тапсырмалары оқушының есіне алуына, ойына түсіруіне іскерлік пен дағдыны қалыптастыруға арналған, және оларға төмендегідей талаптар қойылады:

І. Өткен тақырыптан алған білімдерін бекіту үшін берілген тапсырмалар. Мұнда негізгі заңдылықтарды, ұғымдарды, анықтамалар мен ережелерді білу қажет. Мысалы:

1. а) заттың молярлық массасы; б) зат массасы; в) зат мөлшерін анықтайтын формулаларды жазыңыз.

2. Молекула-кинетикалық теорияның негізгі теңдеуі қандай микро және макропараметрлерді байланыстырады?

ІІ. Жаттығу тапсырмалары - теориямен практиканың байланысы, яғни меңгерілген негізгі заңдылықтарды, ережелер мен формулаларды практикада қолдана білуге үйрету. Мысалы:

а) спирттің (C2H6O) салыстырмалық молекулалық массасы неге тең?

б) қалыпты жағдайда 22,4 дм3 көлем алып тұрған ауада қанша молекула бар?

ІІІ. Физиканың барлық теориялары, заңдылықтары, қағидалары бұл - физикалық шамалар арасындағы байланыстар, қағидалар және қатынастар болып табылады. Ал өлшем бірліктерінсіз физикалық шамалардың толық мән-мағынасы ешқашан ашылмайтыны белгілі. Сондықтан физикалық шамалар және олардың өлшем бірлігі түсінігін қалыптастыруға арналған келесі есептерді құрастырғанда оқушылардың өз бетімен ізденуіне және қызығушылығын арттыруға көңіл бөлінеді. Мысалы:

а) төмендегі өлшем бірліктерге байланысты есептің шартын құрып, есептеп көріңіз. Моль, Па, кг, м;

б) А, в, г, д, е, з, и, к, л, м, н, о, р, у, ь.

Жоғарыда келтірілген әріптерге байланысты физикалық сөздер құрастырып, әрбір сөзге анықтама бер (10 сөз).

Мысалы: Авогадро, моль.

в) егер сөздермен белгіленген есептердің жауаптарын сан бойынша кестеге кему ретімен орналастырсаңыз мақал сөз оқисыз (П.Рымкеевич; “Физика есептер жинағы”) .

466 467 471 472 473

белгісі сәлем әдептілік бергені иіліп



Жауаптары
















Мақал сөз
















ІV. Жаңа тақырыпқа байланысты өмірмен байланысты сапалық есептерді шеше білу. Шынында да сұрақ есептерді шығару кезінде сандық есептеулердің болмауы оқушылардың зейін - зердесін құбылыстың тек физикалық мәніне аударуға мүмкіндік береді. Мұндай есептерді шығару оқушылардың зейінін, бақылағыштығын және схеманы, графикті салу сауаттылығын дамытады:

а) адам 200 С температурада суықты сезінбейді, ал неліктен 250 С температурадағы суда ол жаурайды?

б) термометрлердің түрлерін атаңыз. Газды термометрдің құрылысы қандай?

в) кенеттен түскен суық, қар астында қалатын қыстық өсімдіктерге қауіпсіз. Неліктен?

г) неліктен желім сұйық күйінде қолданылады?

Мұндай физикалық сапалық есептер ІІ, ІІІ-ші деңгейлерде де беріледі.

V. Халық педагогикасымен байланысқан және физикалық мәні бар мақал - мәтелдерден құралған тапсырмалар. Мұндағы көзделіп отырған мақсат -халықтың бай тарихи тәжірибесіне сүйене отырып, келер ұрпақты еңбекке, өнер-білім машықтарын меңгеруге, т.б. ізгі адамгершілік қасиеттерге баулу, халық педагогикасының тағылымдарын физика сабағында қолдану - оның білімдік және тәрбиелік мақсаттарын жүзеге асырумен қатар халқымыздың салт-дәстүрін қастерлеп, оқушыларды ұлттық мақтаныш рухында тәрбиелеуде зор мәні бар. Мысалы:

а) соғым етін тұздау, ыстау қандай құбылысқа негізделген?

б) “Бір құмалақ, бір қарын майды шірітеді” мақалының мағынасын қалай ұғасың? Ол қандай физикалық құбылыс негізінде айтылады?

Мақал-мәтелдер тәрбиелік қызметімен қатар дидактикалық қызмет атқарады.

ІІ деңгей.

І. Жаңа тақырыптан алған білімді жүйеге келтіруге, реттеуге арналған, кері байланысқан функцияларды орындау үшін тексеру жағдайындағы оқушылардың политтехникалық білімдері мен біліктерін қалыптастыру және дамыту бағытындағы тапсырмалар. Мысалы :

а) екі бірдей ыдыста қалыпты жағдайды мөлшері бірдей ауа бар. Бірінші ыдыстан молекулалардың жылулық қозғалысының орташа кинетикалық энергиясын өзгертпей, молекулалар концентрациясын азайтты да, ал екінші ыдыстан молекулалар концентрациясын өзгертпей, молекулалардың орташа кинетикалық энергиясын кемітті. Ыдыстардың қайсысында ауаның қысымы кемиді?

б) молекулалар саны бірдей азоты бар екі ыдыс кранмен қосылған. Бірінші ыдыста молекулалардың орташа квадраттық жылдамдығы 400 м/с, ал екіншісінде 500 м/с. Кран ашылып, тепе-теңдік орнаған соң молекулалардың орташа квадраттық жылдамдығы неге тең болады?

в) температура артқанда дене көлемінің ұлғаятынын зат құрылысының негізіне сүйеніп түсіндіріңіз.

г) формуласы бойынша идеал газдың қандай параметрін анықтауға болады. Анықталған шаманың өлшем бірлігін қорытып шығарыңыз.

ІІІ. а) сөзжұмбақ, ребус, сурет есептері бар тапсырмалар. Физика сабақтарында оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыруда сөзжұмбақтың алатын орны бөлек. Әсіресе, сөзжұмбақты қайталау, пысықтау сабақтарында қолдану тиімді. Қайталау сабақтарында мұғалімдердің алдына көптеген міндеттер қойылады. Олар:



  1. Оқушыларға физикалық құралдардың қайда және не үшін пайдаланатынын білдіру.

  2. Физикалық шамалар мен бірліктердің, заңдылықтардың мағынасын білдіру.

  3. Физикалық жаңалықтар мен заңдылықтарды кім, қашан және қандай заңдылықтарға байланысты ашқандарын айтып беру.

Осы ретте оқушылардың логикалық ой-жүйесін, сана сезімін дамытуда, олардың әртүрлі физикалық шамалармен бірліктердің, атаулар мен заңдылықтардың, құбылыстар мен өзгерістердің атын есте сақтауда сөзжұмбақты пайдаланудың тиімділігі мол. Сондай-ақ сөзжұмбақты құрастыру мен шешу барысында оқушылар әртүрлі ғылыми-техникалық басылымдарды, газет-журналдарды, көмекші құралдар мен анықтама құралдарды пайдаланады, яғни бір сөзбен айтқанда сөзжұмбақ оқушылардың өз бетінше шығармашылық ізденіспен жұмыс жасау қабілеттілігін арттырады. Қайталау-пысықтау сабақтарында немесе үй тапсырмасы ретінде “Ұлттық физикалық шамалар”, “Физикалық бірліктер”, “Физикалық құралдар”, ”Физикалық заңдылықтар”, “Тарауды қорытындылау” т.б. тақырыптарда сөзжұмбақты ұсынуға болады. Мысалы, “Температура, молекулалардың жылулық қозғалысының энергиясы” тақырыбында төмендегідей сөзжұмбақты беруге болады.

Көлденеңнен: 1. Жүйенің макроскопиялық параметрлері өзгеріссіз қалатын жүйе. 2. Температураның абсолют шкаласын енгізген ғалым. 3. Температураны өлшейтін прибор. 4. Молекулалардың орташа кинетикалық энергиясы бірдей болатын жағдай. 5. Шкала. 6. Денелердің молекулалық құрылымын ескермей сипаттайтын шамалар. 7. МКТ-ң негізін салушы ғалымдардың бірі. 8. Белгіленген көлемдегі идеал газдың қысымы 0-ге айналатын температура. 9. Энергетикалық өлшем бірлік. 10. Температураның өлшем бірлігі. 11. Термометр бөлігі.

Тігінен: 1). Шыққан сөзге анықтама беріңіз.

б) Абсолют шкала мен Цельсий шкаласын салыстырып, суретпен кескіндеп көріңіз.







1

















































2

























3


































4





































5

























6











































7

























8

























9






















10






















11















ІІІ-деңгей


Оқушылардың игерген білімді тереңдету үшін әртүрлі логикалық операцияларды орындауын керек ететін танымдық-ізденіс түріндегі тапсырмалар. Мысалы:

І. Кез-келген заттың 1 мольіндегі NА Авогадро санына тең молекулалар саны бар екенін дәлелдеңдер.

ІІ. Өз бетімен есеп, график, диаграммалар құрып, шеше білуге арналған тапсырмалар. Мысалы:

а) 00с-тағы 2 г сутегі үшін Р-нің V-ге, V-нің Т-ге және Р-нің Т-ге тәуелділік графиктеріне изотермалар салыңдар.

б) суретте V, Т координаттағы газ күйінің өзгеру графигі берілген. Осы
v 4 5 7



  1. 2 6

1

T TR TT


процесті Р,V және Р,Т координаттағы графиктермен кескіндеңдер.

в) политехникалық шеберлігі мен біліктілігін қалыптастыру. Политтехникалық шеберлікке - физикалық шамаларды өлшеу, сызбалар, эскиздер мен есептеулерді орындау, яғни графиктік, кестелер мен анықтағыш әдебиетті пайдалану - іздену, бақылау, тәжірибеге арналған қондырғыларды жинастыру, яғни ұйымдастыру тағы да басқа шеберліктер жатады. Физикадан лабораториялық жұмыстарды орындау кезінде оқушылар кейбір құралдарды пайдалану, физикалық шамаларды өлшеу шеберліктеріне үйренсе, техникалық мазмұндағы есептерді шығарған кезде есептеу және графиктік шеберліктері қалыптасады. Соған байланысты лабораториялық жұмыстарды өз бетімен жасауға, физикалық құбылыстарды үлгілеуге тәрбиелеу, эксперимент жасай отырып өздігінен нәтижесін тұжырымдай алатындай мақсаттағы тапсырмалар. Физикаға деген қабілетті дамытудың бір шарты ретінде біз оқушыларда зерттеу қабілеттерін қалыптастыру деп білеміз. Бұл тапсырмаларды орындау барысында оқушыларда эксперимент негізінде зерттеу қабілеті дамиды. Мысалы: термометрдің құрылысымен танысқанда “жоғары-кейін”деп аталатын эксперимент жүргізуге болады.

Керекті материалдар: көше термометрі немесе ваннаға арналған термометр, текше мұз, ыдыс.

Жұмыстың істелуі:


  • термометрдегі сұйығы бар кішкене шарды саусақтарыңызбен қысыңыз.

  • термометрдегі сұйық бағанасының өзгерісін

қараңыздар.

  • ыдысқа су құйып, оған мұзды салып араластырыңыз.

  • термометрдің сұйығы бар кішкене шар жағын суға

салыңыз.

  • термометрдегі сұйық бағанасының өзгерісін

бақылаңыз.

Қорытынды: _______________

_______________

_______________

Cұрақ:


  1. Неліктен термометрдің сұйық бағанасы жоғары-кейін қозғалады?

  2. Термометрдің сыртқы құрылысына сипаттама беріңіз.

ІІІ. Есепті әртүрлі тәсілдермен шығару, физиканың басқа пәндермен, мысалы көркем әдебиетпен байланысы бар тапсырмаларды орындай білу. Көркем әдебиет оқушының эмоциялық қабылдауына жақсы әсер етеді. Оқушының эмоциясына әсер ете отыра оның шығармашылық белсенділігін ынталандыруға болады. Ал физикалық тапсырмаларды көркем әдебиетпен байланыстыру оқушылардың ой - өрісін кеңейтеді, образды ойлауын байытады. Әсемдік сезімін қалыптастырады. Мысал келтірсек: астыртын жұмыс істейтіндер немістер ұйымдастырған шеберханаға іріткі салумен айналысты. Олар немістер жөндеуден өткізген су тартқышты толтырылған сумен қалдырды. Түн ішінде аяз соғып, нәтижесінде түтіктер ісініп, жарылып, барлық жүйе жарамсыз болып қалды. Бәрін қайтадан бастау керек болды .

Сұрақ: немістермен қарсы соғыста астыртын жұмыс істейтіндерге қандай физикалық заңдылық көмектесті?

Оқушылардың оқу материалын шығармашылықпен игеру деңгейін біз қалай анықтаймыз? Есеп шығару және физикалық тәжірибелер жасай білуге баға беру үшін жоғарыда көрсетілген үш деңгеймен бірге шығармашылық деңгейін қолданамыз. Яғни “Таным” “Түсіну” “Қолдану” деңгейіндегі тапсырмаларды, сабақта мұғаліммен бірге шығарылған есепке ұқсас шығармашылық есепті өздігінен шығаруы, дайын әдістемелік нұсқаулармен жұмыс істей отырып, барлық операцияларды тиімді ретпен, іс - әрекетін ұғынып жүзеге асыруы, немесе ұсынылған лабораториялық жұмысты аз ғана көмекті пайдаланып орындауы арқылы “Үйренушілік” “Алгоритімдік” “Эвристикалық”- меңгеру деңгейлері дамытылады. Оқу төменгі деңгейден жоғарғы деңгейге қарай бірізділікпен ұйымдастырылып, оқушылардың жоғарғы өрлеу мүмкіндігі “иерархия” арқылы ойлаудың теориялық деңгейіне жетеді. Бұл шығармашылық деңгей.

Шығармашылық деңгейдің тапсырмалары физикалық құбылысты, объектіні өз бетінше көре білуі, көріп бақылаған құбылыс пен объект туралы өз ойларын, фактілерді іздеу тәсілдерін тұжырымдай білу; бір физикалық объектіні нақты бақылай білуі, оның белгілері мен сапаларын танып, ажырата және ортақ белгілерді топтай, сонымен бірге олардың белгілері арасындағы байланысты таба білуі және ғылыми шығармашылық тұрғыдан өзінше зерттеу жұмыстарын жүргізе білуіне арналған. Шығармашылық деңгейдің тапсырмаларының түрлері:

а) ғылыми-шығармашылық, яғни мұғалім нұсқауымен оқушылардың орындауы. (Мектептің ғылыми қауымында, үйірмелерде т.б. істелетін эксперименттік және тәжірибелік жұмыстар, қиындығы жоғары есептерді шешу тәсілдерін іздестіру.)

б) құрастырушы - техникалық тапсырмалар.

Мысалы: “Судың булану жылуын анықтау” тақырыбындағы лабораториялық жұмыс.

Керекті құралдар мен материалдар: электроплитка, суы бар ыдыс, сағат, термометр. Судың меншікті жылу сыйымдылығын белгілі деп есептеу.

Бұл лабораториялық жұмысты екі жолмен де орындауға болады. Яғни, алдымен оқулықтағы жұмыстың дайын нұсқасы арқылы жұмысты орындап, сосын мұғалім дайындаған нақты тапсырмалармен жұмыс істеу. Екінші жолы - эвристикалық сұрақтар көмегімен оқушылар лабораториялық жұмысты орындаудың жалпылама жоспарын құрастырып, төрт деңгей бойынша өз бетімен орындауы.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   33




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет