Сабақтың тақырыбы: Кіріспе. Техника қауіпсіздігі және жұмыс орнын ұйымдастыру Сабақтың мақсаты



бет1/3
Дата22.08.2017
өлшемі0,56 Mb.
#24150
түріСабақ
  1   2   3
Күн жады: 02.09-8.09

Сыныбы: 9 «А, Ә, В, Г»

Сабақтың тақырыбы:  Кіріспе. Техника қауіпсіздігі және жұмыс орнын ұйымдастыру

Сабақтың  мақсаты:  

Білімділігі: Бала бойына бүгінгі тақырыпты өту барысында білімдерін арттыру.

Тәрбиелігі:Әр оқушыны іскерлікке, нақтылыққа, ынтымақтылыққа тәрбиелеу.

Дамытушылығы:  Оқушының әрбір сабаққа ынтасы мен қабілетін біріктіріп,   пәнге деген қызығушылығын арттыру.

Сабақтың түрі:    аралас сабақ

Сабақтың көрнекілігі:  компьютерлер, топтамалар, тест сұрақтары т.б.б.

Сабақтың барысы:    

                          а) ұйымдастыру кезеңі

                          б) сабақ сұрау

                          в) бағалау

                          г) жаңа  сабақ

                          д) бекіту

                          е) үйге тапсырма

                          ж) қорытынды

Қоңырау оғылып сабақ басталған соң балаларды ұйымдастыра отырып сабақты бастаймын.

Жаңа материалдың мазмұны:     

            Сендердің жұмыс орындарында компьютердің құрамдас бөліктері орналасқан: жүйелік блок,  пернетақта, монитор. Жұмыс кезінде монитордың сәуле түтігі жоғары кернеуде  жұмыс істейді.

         І. Төмендегі әрекеттерді жасауға болмайды:

1. Кабельдердің қосылған орындарына тиюге болмайды

2. Жұмыс істеп тұрғанда экранға, монитор мен пернетақтаның сырт жағына тиюге болмайды.

3. Оқытушының рұқсатынсыз аппаратураларды ток көзіне қосуға, үзуге болмайды.

4. Кітап, дәптер және т.б. артық заттарды монитордың, пернетақтаның үстіне қоюға болмайды.

5. Су киіммен, су  қолмен компьютерде жұмыс істеуге қатал тиым салынады.

         ІІ. Жұмыс тәртібі:


  1. Компьютер экранынан 60-70 см қашықтықта дұрыс, еңкеймей, жатып алмай отыру қажет, ал  ұдайы көзілдірік тағатындар – көзілдірікпен отыру керек.

  2. Дисплей алдында 20 минут жұмыстан соң міндетті түрде 5 минут дем алу керек. 

         ІІІ. Жұмыс кезінде:

  1. Аппаратуралардың дұрыс жұмыс істеуін қадағалаңдар, егер аппаратураның дұрыс жұмыс істемей  тұрғанын сезсеңдер, немесе өзгеше дыбыс пайда болса, немесе пернетақта өз бетімен өшіп қалса, дереу жұмысты тоқтатыңдар.  Техниканың ақауы жөнінде оқытушыға хабарлаңдар.

  2. Пернелерді қатты тақылдатпай жай басыңдар.

  3. Пернетақтада жұмыс істегенде қолдарың таза болсын.

  4. Аппаратураның  ақауын ешқашан өз беттеріңмен  жөңдеуге ұмтылмаңдар.

Кез келген дербес компьютер бірнеше құрылғылардан тұрады. Бұл құрылғылардың кейбірі өте маңызды- бұл монитор, жүйелік блок пен пернетақта,  өйткені компьютер оларсыз жұмыс істей алмайды.
Жаңа сабақты бекіту: Ол үшін балаларға жаңа сабақтан бірнеше сұрақтар қоя отырып сабақты аяқтаймын.
Үйге тапсырма:    Есептегіш техника кабинетіндегі қауіпсіздік  техника ережесін сақтау. 
Сабақты қорытындылау: Жаңа материалды пысықтау, оқушылардың меңгерген білімдерін талдау,    бағалау.

 
Күн жады: 9.09-15.09



Сыныбы: 9 «А, Ә, В, Г»

Сабақтың  тақырыбы: Алгоритм  ұғымы, қасиеттері, ұсыну тәсілдері

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушылардың информатика пәні бойынша  алған «алгоритм» туралы түсініктерін жинақтау, олардың қасиеттері мен жазу тәсілдерін  ЕТН  пәні арқылы  толықтыру,білімдерін бақылап, бағалау.

Дамытушылық: Оқушылардың ойлауын, компьютерлік сауаттылығы мен іскерлігін, танымдық қабілетін, логикалық  сауаттылығын дамыта отырып, олардың  пәнге  деген қызығушылығын, белсенділігін арттыру.

Тәрбиелік: Пәнге, білімге, шығармашылыққа, ойын еркін жеткізе білуге, топта бірлесе жұмыс істеуге, тәртіптілікке, сабырлылыққа, еңбек сүйгіштікке, ұқыптылыққа  тәрбиелеу, ұшқыр ойлы, шығармашылық қабілеті бар жеке тұлғаны қалыптастыру.

Сабақтың түрі: жаңа білімді игерту

Сабақтың әдісі: түсіндіру,іздендіру, салыстыру

Сабақта қолданылатын құрал –жабдықтар мен көрнекілік: компьютер, интерактвті тақта, қима қағаздар, суреттер.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі

- Оқушылармен амандасу

- Оқушыларды түгелдеу

- Оқушылардың сабаққа дайындықтарын тексеру

- Оқушыларға үй тапсырмасына дайындалуға уақыт беру

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру

Көрсетілген суреттер смайликтермен жасырылады. Оқушылар өздеріне ұнаған смайликтерді  таңдайды. Смайликтердің астына үй тапсырмасына қатысты сұрақтар жасырылған. Егер оқушы сұраққа жауап берсе онда смайликтин артынан сурет шығады. Сол суреттерді оқушылар рет –ретімен орналастырып, бүгінгі өтілетін жаңа сабақтың тақырыбын айтады.

1.  Ақпарат дегеніміз не?

2. Адам ақпаратты қалай қабылдайды ?

3. Ақпараттың қандай түрлері бар?

4. Ақпараттың өлшем бірліктерін атаңыз?

5. Ақпараттың  ең кіші өлшем  бірлігі ?

6. Ақпаратты кодтау үшін қандай кесте немесе алфавит қолданылады?

7. Екілік алфавитте кодтау  үшін қандай математикалық сандар қолданылады?

8. Пернетақтадан  терілген сандар  экран бетіне қалай шығады?

9. Әр символ машина тіліне қалай беріледі ?

ІІІ.Жаңа сабақ

             Алгоритм – математикадағы ең бір іргелі ұғымдардың бірі. Информатика ғылымында «алгоритм» түсінігі ақпарат түсінігі сияқты негізгі ұғымдардың бірі болып табылады.


«Алгоритм» сөзі ІХ ғасырда өмір сүрген, адамдардың квадрат теңдеулерді жүйелей құрып оны шеше білуге үйреткен ұлы араб математигі Әбу Жафар Мухаммед ибн Мұса әл-Хорезми (763—850 жж.) есімінің латындық algorithmi сөзінің транскрипциясы болып табылады. Ол санаудың ондық санау жүйесінде көп орынды сандар мен арифметикалық амалдардың орындалу ережесін ұсынған.  Бұл ережелер қосынды мен көбейтіндіні табуға арналған амалдарды орындауға қажетті тізбектен құрылған.

Сол ереже осы күнге дейін қолданылып келеді. Бірақ әл-Хорезмиге дейін де арифметикалық операцияларды орындау ережелері көп болатын. Бірақ ол кезде сандардың ерекшеліктеріне көп мән берілген, ал әл-Хорезми болса, көпорынды сандардың бәріне ортақ және барлық сандарға жарамды ереже ұсынды. Әл-Хорезмидің тәсілін қолдаушыларды алгоритмдіктер деп атады. Алгоритм ұғымы бірнеше қасиеттері бар ережелер жүйесі деген мағынаны білдіреді. Осылайша алгоритм ұғымы математикада ертеден қолданыла бастағанымен, математикалық теорияның объектісі ретінде кейбір проблемаларды зерттеуге байланысты ХХ ғасырдың 30-шы жылдарында зерттеле бастады.


Қазіргі таңда алгоритм ұғымы тек математикалық есептерге ғана емес, сонымен қатар басқада мағыналарда қолданылады. Әрбір  компьютер алдын-ала құрылған алгоритм бойынша, яғни программа бойынша жұмыс істейді. Алгоритм ұғымының анықтамасы өте көп. Берілген  есепті шешу үшін қандай да бір программалау тілінде программа жазғыңыз келсе, онда алдымен есепті шешудің алгоритмін құруыңыз керек.

Алгоритм деп берілген есептің шығару жолын реттелген амалдар тізбегі түріне келтіруді айтамыз. Кез келген есептің шешу кезеңін қарапайым амалдар тізбегіне бөлектеуге болады. Алгоритмді компьютерде орындау үшін оны программа түрінде жазып шығу керек. Программа деп машина тілі түсінетіндей, инструкциялар тізбегі түрінде жазылған алгоритмді айтамыз.  Программа командалар тізбегінен тұрады. Командалар тізбегі орындалған кезде есептің нәтижесі шығады. Әрбір компьютер алдын-ала құрылған программа бойынша жұмыс жасайды. Яғни, программа деп белгілі бір нәтиже алу үшін түсінікті операциялар тізбегін айтамыз. Процессор программа құрамындағы командаларды реті бойынша орындайды. Команда бір қарапайым операцияны орындауға бұйыратын бұйрық түрінде болады. Командалар арифметикалық, логикалық, басқаруды беру, сандарды салыстыру, экранға шығару, принтерге шығару және т.б. болып бөлінеді.

Алгоритм ұғымның мәнін аша түсетін оның мынадай қасиеттері бар:

1. Алгоритмнің  дискреттілігі (үзілісті) –ақпаратпен   жасалатын әрекеттерді тағайындайды және өрнектейді. Алгоритмге қатысты әрекеттердің бәрі дискретті болады. Алгоритмнің жұмысына  қажетті  материалдар  ретінде  символдық мәтіндер және сандар пайдаланылады.

2.Алгоритмннің анықтылығы –біздің   қалауымызға қарай өзгертуге болмайтын нақты нұсқау алгоритмде не істеу керектігі алдын-ала айқын береді. Мысалы, бір есепті шешудің алгоритмі берілсе онда ойланбай-ақ алгоритмде қандай нұсқаулар берілсе, сол нұсқауларды берілу ретімен орындасақ, есеп шығады. Алгоритмнің осы қасиетін оның анықталғандық қасиеті дейміз. Бұл жағдай адам сияқты емес ойлау қабілеті жоқ құрылғылардың мысалы, компьютердің көмегімен есептерді шешу мүмкіндігіне кепілдік берді. Мұндай құрылғылар алгоритмнің жарлықтарын ойланбастан формальды орындайды. Сондықтан алгоритмді  есепті  шығаруға  қажеттінің  бәрі  бір  мәнді  анықталу  және атқарушыға түсінікті әрі нақты болуы тиіс.

3.Алгоритмннің жалпылығы –Бір  алгоритмнің өзін бірнеше есептің шешімін табу үшін пайдалану мүмкіндігі, яғни бастапқы деректер мәндерінің жиынына пайдаланылу мүмкіндігі бар.Алгоритмнің мұндай қасиетін көпшілікке бірдейлік, басқаша айтқанда,жалпылық қасиеті деп атайды.

4.Алгоритмннің нәтижелілігі -Әрбір  алгоритм белгілі бір бастапқы деректердің болуын талап етеді және іздеген нәтижені алуға жеткізеді. Мысалы, екі санды қосу алгоритмнде қосылғыштар бастапқы деректерге, ал қосынды нәтижеге жатады. Осылайша, алгоритмдегі әрекеттердің белгілі бір санның орындалуынан кейін қажетті нәтиже алу мүмкіндігі алгоритімнің нәтижелілігі деп аталады.
Осы айтылғандардан алгоритім бастапқы деректерді пайдаланып іздеген нәтижеге қол жеткізетін реттелген әрекеттер тізбегі деген қлрытынды жасруға болады. Мұндай әректтер тізбегінің орындалуы алгоритмдік процесс, ал әрбір әрекет оның қадамы, әрбір нұсқау алгоритмнің қалыптасуы болып табылады.

Алгоритмнің ең маңызды қасиеті жоғарыда анықталғандық қасиетінде айтылғандай оның орындалу нәтижесінің атқарушыға тәуелсіздігі.

Атқарушы түсінігі

Алгоритм атқарушысының рөлін адам немесе автоматтандырылған құрылғы: компьютер, робот және т.б. орындайды. Осы мысалдағы әрекеттерді орындау үшін алдын-ала абоненттің телефон нөмірін, тұратын қала кодын білу қажет.

Жалпы алғанда, өміріміздің барлығы алгоритм тізбектерінен тұрады десек те болады.
Алгоритм орындалу барысында атқарушы қандай инструкция келесі орындалу керектігін біледі. Атқарушы орындай алатын командалардың жиынын атқарушы командалар жүйесі деп атаймыз.
Сонымен, алгоритм атқарушысы алдын-ала қойылған әрекеттерді орындап, нәтижеге жететін адам, компьютер немесе техника болуы мүмкін. Егер есепті шешу үшін техникалық құралдар пайдаланылса, орындалатын әрекеттер тізбегі нақты және түсінікті болу керек. Қаншалықты әрекеттер түсінікті де, нақты болса, соншалықты нәтижеге жету тез және дұрыс болады.

Сонымен алгоритм туралы мына төмендегідей тұжырымдар жасауға болады:

алгоритмдер әртүрлі есептерді шешу үшін пайдаланылады;

алгоритмді атқарушыдан аз білім талап етілетіндіктен есеп шығаруды айтарлықтай оңайлатады;

әрбір алгоритм толық аяқталған әрекеттерді орындайтын атқарушыға арналған командалардан тұрады;

атқарушы орындайтын командалардың жиынын атқарушының командалар жүйесі деп аталады

алгоритмдегі командалар атқарушының командалар жүйесінен алынады;

алгоритмдегі командалар тізбегінің орындалуы алгоритмдік процесс деп аталады

алгоритмдегі әрбір команда оның қадамы деп аталады

санаулы әрекеттен кейін ғана алгоритмде іздеген нәтижеге қол жетеді;

алгоритмдегі әрбір әрекет атқарушыға түсінікті және нақты болуы керек;

бірнеше есептің шешімін табу үшін бір ғана алгоритмді пайдалануға болады;

құрылған алгоритмді атқару есептің мазмұнына ой жүгіртіп оны талдауды қажет етпейді, тек командаларды формальді орындай береді;

алгоритм әрбір атқарушыға арналып құрылады;

алгоритмнің командалары атқарушыға түсінікті және орындалатын болуы тиіс;

алгоритмді атқаруды тек адамға емес компьютерге де жүктеуге болатындығы есептеу процесін автоматтандыруға мүмкүндік береді;

Алгоритмнің құрамы дараланып және оның әрекеттері анықталғаннан кейін алгоритмді жазып көрсету тәсілін және тілін білу керек. Алгоритмдік тілді падалану оны құрушының өзіне ғана түсінікті командаларды көпшілік қауымның пайдалануына мүмкіндік береді. Алгоритмді жазудың бірнеше тәсілдері бар.Төменде алгоритмді бейнелеу әдістерінің логикалық құрылымы көрсетілген.
Алгоритмді бейнелеу әдістерінің ішінен біз блок – схема мен мектептік алгоритмдік тілді пайдаланамыз.
Блок-схема
Блок схема компьютерге программалар жасау практикасында кеңінен қолданылатын алгоритмдерді жазудың графикалық тәсілі, басқаша айтқанда, алгоритмнің логикалық құрылымын график түрінде бейнелейтін тіл десек болады. Есепті шешу алгоритімінің блок схемасын құрған кезде есепті шығару процесі кезеңдерге бөлініді. Әрбір кезең есептелетін операцияның сипатына байланысты белгілі конфигурациясы бар бір геометриялық фигурамен (блокпен) белгіленеді. Мысалы, жұмыр (сопақ), параллелограмм, тіктөртбұрыш, ромб т.с.с.
Блок деп аталатын мұндай фигуралардың ішіне кезеңдердің мазмұны жазылады. Есептелу процесінің бағыты блоктарды қосатын стрелкалармен көрсетіледі. Осы аталғандардың бәрі блок – схема тілінің алфавитін құрайды және олардың мағынасы алдын ала келісілген келісім бойынша беріледі. Әрбір блок схеманың басы және соңы деп аталатын блоктары болады.Басы, соңы блоктарынан басқа әрбір блоктың бір ену және бір – екі шығу сызықтары болады. Атқаратын қызметі жағынан блоктар негізгі және қосымша болып бөлінеді. Негізгі блоктар енгізіу мен баспаға шығару және информацияларды өңдеу әрекеттерін білдіреді, ал қосымша блоктар блок – схеманы түсіндіру және байланыстарды таңбалау үшін пайдаланылады.Блоктардың анықтайтын әрекеттері, яғни түсініктер блокты бейнелейтін геометриялық фигураның ішіне жазылады. Деректерді енгізу блогы есептеу есептерін шешуде айнымалылардың сандық мәндерін компьютердің жадына енгізу үшін қолданылады. Деректерді өңдеу блогы қандай да бір формула бойынша айнымалының мәнін есептеу процесін білдіреді. Мұнда есептелген шамалар оларға сәйкес айнымалылар жаңа мәндер қабылдағанша сақталады.
Бұл блокта формуланың сол жағында тұрған айнымалылар оның жағына да қатыса алады, бұл дегеніміз айнымалының жаңа мәнін бұрын есептелген ескі мәнінен шығарып алудың қажеттігін көрсетеді. Шартты тексеру блогы есептелу процесінің барысы тікелей кейбір шартқа тәуелді болатын есептелу процесінде анықталатын тамақталу алгоритмін бейнелейді.


ІҮ.Жаңа сабақты бекіту

1.«Адасқан блок –схемалар» ойыны

Блок –схемалардың орындары ауыстырылып қойылады. Оқушылар олардың орналасу ретін айтып, орналастыруы керек.

дискілер)



Ү.Бағалау

Электронды кестеден жасалған журнал арқылы жүзге асырылады.


ҮІ. Үйге тапсырма беру

Тақырыпты оқып, мазмұндау



Күн жады: 16.09-22.09

Сыныбы: 9 «А, Ә, В, Г»

Сабақтың тақырыбы: Атқарушы ұғымы, атқарушы командалар жүйесі.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Алгоритмнің командаларын, оның құрылымын, сызықтық және тармақталу командасы туралы үйрету

Дамытушылық: Оқушылардың логикалық ойлау қабілетін, ой-өрісін дамыту, сабаққа деген қызығушылықтарын арттыру

Тәрбиелік: Оқушыларды информатика кабинетіндегі ережелерді сақтауға, ұқыптылыққа, тазалыққа, сабақты зейін қойып тыңдауға, өз ойларын толық жеткізуге тәрбиелеу

Сабақтың әдісі: Түсіндіру, сұрақ-жауап, көрнекілік

Сабақтың типі: Аралас сабақ

Сабақтың түрі: Көрсете отырып түсіндіру

Көрнекілігі: Интерактивті тақта

Сабақтың ұйымдастыру формасы: Топпен

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру

1. Оқушыларды түгендеу;

2. Сабаққа назарын аудару;

3. Құрал-жабдықтарын тексеру;



ІІ. Үй тапсырмасын сұрау

1. Алгоритм дегеніміз не?

2. Алгоритмнің қасиеттері

3. Алгоритм блоктарының арнайы белгілері


ІІІ. Жаңа сабақ

Алгоритм командалары

Алгоритм командалары есеп шартына байланысты жай және құрама (күрделі) командалардан тұрады.
Жай команда. Кез-келген алгоритмнің қарапайым бір қадамы, ақпаратты өңдеудің немесе өрнектеудің бір қарапайым операциясын орындайтын жай командадан тұрады. Жай командаларға меншіктеу, мәлімет енгізу, нәтиже алу командалары жатады. Жай команда алгоритмнің блок-схемасында есептеу, енгізу, нәтиже алу блоктары түрінде кескінделеді. Олардың бір енгізу, бір шығару сызығы болады.
Құрама командалар. Жай командалардан құрылымы күрделі құрама командалар құралады. Құрама командалар құрылымына байланысты тізбекті, тармақталу, циклдік топтардан немесе бірыңғайланған алгоритмдік құрылымдардан тұрады.
Алгоритм құрылымы

Сызықтық немесе тізбекті алгоритм.Әрекеттердің тізбектей орындалуын сипаттайтын алгоритм – сызықтық алгоритм деп аталады. Сызықтық алгоритм тізбектеле орналасқан командалардан, ал блок-схемалар бір сызық бойына орналасқан тізбекті блоктардан тұрады.

Мысалы:

алг үй тапсырмасын орындау

басы

күнделікті алу



тиісті бетін ашу, үй тапсырмасын анықтау

үй тапсырмасын орындау

күнделікті орнына қою

соңы
y=5x2-4

алг y функциясын есептеу

арг х


нәт у

басы


х енгізу

R1:=x*x

R2:=5*R1

Y:=R2-4

у шығару

соңы


Мұндағы, 2 блок – х енгізу блогы, 3 блок – у функциясының мәнін есептеуді, 5 блок – у функциясының нәтижесін басып шығарады.


Үйге тапсырма:

1. Алгоритм атқарушы ұғымы туралы айтыңыз.

2. Атқарушы командалар жайлы не білесіз?

3. Алгоритм құрылымын атаңыз


Ү.Бағалау

Электронды кестеден жасалған журнал арқылы жүзге асырылады.


ҮІ. Үйге тапсырма беру

Тақырыпты оқып, мазмұндау



Күн жады: 23.09-29.09 /30.09-6.10

Сыныбы: 9 «А, Ә, В, Г»

Сабақтың тақырыбы: Алгоритм типтері (сызықты, тармақталу және циклдік алгоритмдер

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға алгоритм типтері, яғни сызықтық, тармақталу және циклдік алгоритмдер туралы түсініктеме беру

Тәрбиелік: Оқушыларды ұқыптылыққа және жауапкершілікке тәрбиелеу.

Дамытушылық: Оқушылардың ой-өрісін қалыптастыру, алгоритм жайлы білімдерін толықтыру

Сабақтың типі: жаңа сабақ

Сабақтың түрі: аралас сабақ (жұптық жұмыс (құзырлылық тапсырма), жеке жұмыс (кеәейтәлген тапсырма), кесте толтыру, сұрақ-жауап, АКТ)

Сабақтың әдісі: интерактивті тақта көмегімен түсіндіру

Сабақта қолданылатын көрнекі құралдар: Компьютер, оқулық, интерактивті тақта

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі: 1. Сәлемдесу, түгелдеу.

2. Оқушылардың құрал-жабдығын тексеру.

3. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

II. Үй тапсырмасын тексеру

1. Алгоритм атқарушы ұғымы туралы айтыңыз.

2. Атқарушы командалар жайлы не білесіз?

3. Алгоритм құрылымын атаңыз



2. «Құлыпты аш!» ойыны. (Ойынның шарты бойынша оқушылар құлыптың кодын табулары тиіс. Ол үшін құлыптың айналасында тұрған түрлі түсті фигураларда жасырынған сұрақтарға жауап беріп, информатика пәнінің негізгі ұғымдарының бірін табады. Құлыптың коды осы сөз болып табылады.)

1. Алгоритм командаларының басталуы мен аяқталуын көрсету үшін қандай түйінді сөздер қолданылады?

2. Серия дегеніміз не?

3. Алгоритмнің тақырыптан кейінгі бөлігі не деп аталады?

4. ............................................................ - берілген нұсқаулар бойынша орындалатын әрекеттерді жүзеге асырушы.

5. .............................................................. - ең маңызды түсініктердің бірі. Мұны қажетті және нақты анықталған нәтижеге қол жеткізетін, белгілі бір уақыт аралығында атқарылатын жұмыс десе болады.

6. ............................................................... - белгілі бір тілдің көмегімен немесе формулалар жүйесі арқылы орындалатын іс-әрекетті сипаттау.

7. Алгоритм командалары есеп шартына байланысты қалай бөлінеді?

8. Жай және құрама командалардың айырмашылықтары қандай?
III. Жаңа сабақты түсіндіру:

Алгоритм блоктардың өзара байланысуына қарай үш құрылымға – сызықтық тармақталу және циклдік түрлерге бөлінеді.



Сызықтық алгоритм тізбектеле орналасқан командалардан, ал блок-схемалар бір сызық бойына орналасқан тізбекті блоктардан тұрады. Әрекеттердің тізбектей орындалуын сипаттайтын алгоритм – сызықтық алгоритм деп аталады.

Сызықтық алгоритм командалары осында көрсетілген рет бойынша орындалатын тізбектеле орналасқан командалардан (блоктардан) тұрады.

Амалдардың бұлай бірінен соң бірі реттеліп орындалу тәртібін табиғи атқарылу дейді. Мысалы, төменде көрсетілген Z функциясының сандық мәнін есептеп шығару алгоритмін жасау керек болсын.



Z = ax + 2b + cos (ax2 + b) – tg (ax2 + b)

Бұл функцияның мәнін табу үшін алдымен жақшада тұрған ax 2 + b көпмүшелігін жеке есептеп алу қажет, себебі ол тізбек бойында үш рет есептеліп, орындаушы машина оған уақытты көп кетіреді. Есептеліп болған Z функциясының мәні қағазға не экранға басылып шығуы тиіс. Жалпы компьютер жадына a, b, x мәндері алдын – ала енгізілуі керек.



алг Z функциясын есептеу

(нақ a, b, x, z )



арг a, b, x

нәт z

басы

a, b, x енгізу

t : = ax 2 + b

z : = t + cost + tgt

x, z шығару

соңы

Сонымен қарастырылған алгоритм қарапайым сызықтық алгоритмнің мысалы болып табылады. Мұндағы 2-блок - a, b, x мәндерін пернелерден программаға енгізу блогы, 3-блок t - ның, ал 4-блок Z функциясының мәндерін есептейді. 5-блок х айнымаласының және Z функциясының нәтижесін қағазға басып шығарады.



2. Тармақталу алгоритмдері. Тармақталу алгоритмінде көбінесе арифметикалық теңсіздік түрінде берілген логикалық шарт тексеріледі. Егер орындалса, онда алгоритм бір тармақпен жүзеге асырылады да, соңында екі тармақ қайта бірігеді. Мұндай алгоритмдер шартты тексеру немесе тармақталу командасы деп аталады. Оны алгоритмдік тілде өрнектегенде егер, онда, әйтпесе, бітті түйінді сөздері пайдаланылады. Орындау тәсіліне байланысты тармақталу командасы «таңдау»(толымды) және «аттап өту» (толымсыз) болып екі түрге бөлінеді.

3. Циклдік алгоритмдер. Көптеген алгоритмдерде белгілі бір әрекеттер тізбегі бірнеше рет қайталанып орындалып отырады. Математикада есеп шығару кезінде бір теңдеуді пайдаланып, ондағы айнымалы мәнінің өзгеруіне байланысты оны бірнеше рет қайталап есептеуге тура келеді. Осындай есептеу процесі бөліктерінің қайталап орындалуын цикл деп атайды, ал қайталанатын бөлігі бар алгоритмдер тобы циклдік алгоритмдерге жатады. Қайталану командасын алгоритмдік тілде жазу үшін әзірше (әзір), цикл басы (цб), және цикл соңы (цс) түйінді сөздер қолданылады.
ІҮ. Жаңа түсінікті тексеру: Құзырлылық тапсырма (жұптық жұмыс), бір партада жұп болып отырған оқушыларға төмендегідей кесте бейнеленген кеспе карточкалар таратылады.

1

Алгоритм типтері 4-ке бөлінеді.



Иә/Жоқ

2

Орындау тәсіліне байланысты тармақталу командасы толымды және толымсыз болып екі түрге бөлінеді.



Иә/Жоқ

3

Тармақталу алгоритмін алгоритмдік тілде өрнектегенде егер, мұнда, өйткені, соңы деген түйінді сөздер қолданылады



Иә/Жоқ

4

Есептеу процесі бөліктерінің қайталанып орындалуын цикл деп атайды



Иә/Жоқ

5

Қайталану командасын алгоритмдік тілде жазу үшін әзірше, цикл, цикл түйіні деген түйінді сөздер қолданылады



Иә/Жоқ

VІ. Қорытындылау

ҮІІ. Үйге тапсырма: 1. Алгоритм типтері (сызықты, тармақталу және циклдік алгоритмдер)

VІІІ. Оқушылар еңбегін бағалау:

Күн жады: 7.10-13.10

Сыныбы: 9 «А, Ә, В, Г»

Сабақтың тақырыбы: Компьютерде есеп шығару кезеңдері.
Мақсаты:
• оқушыларды есепті шешу кезеңдерімен таныстыру;
• Есептердің математикалық моделін, алгоритмімін құруды үйрету
Сабақтың типі: лекция
Сабақ жоспары:
І. Ұйымдастыру.


1. Сәлемдесу, түгелдеу.

2. Оқушылардың құрал-жабдығын тексеру.

3. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.


ІІ. Үй жұмысын тексеру

1.Алгоритм типтері атаңыз

2.Сызықтық алгоритм дегеніміз не?

3.Циклдік алгоритмі дегеніміз не?

4.Тармақталу алгоритмі дегеніміз не?


ІІІ. Жаңа сабақ

Компьютерде есепті шешу процесі - бұл адам және ЭЕМ арасындағы біріктірілген сала. Бұл процесті бірнеше тізбектелген этаптар түрінде көрсетуге болады. Адамға тиісті этаптар, шығармашылық саламен байланыстысы - қойылуы, алгоритмизациясы, есепті программа және нәтижелерді талдау, ал компьютерге тиістісі - өңделген алгоритммен сәйкес келетін ақпаратты өңдеу этаптары.


Бұл этаптарды келесі мысалдарда қарастырамыз: екі бүтін санның сомасын есептеу және видеомонитордың экранына нәтижесін шығару.

Бірінші этап – есептердің қойылымы. Бұл этапта есепті қолданатын жұмыс саласын жақсы білетін адам қатысады, ол есептің мақсатын нақты анықтауы керек, есептің мазмұнына сөздік түсінік беруі және оның шешімімен жалпы жақындық ұсынуы керек. Мысалы, екі бүтін санның сомасын есептеу үшін сандар қалай қосылатын білетін адам, есепті келесі әдіспен түсіндіре алады: екі бүтін санды енгізу, оларды бір - біріне қосу және есептің нәтижесі ретінде сомасын шығару.

Екінші этап – математикалық немесе ақпараттық моделдеу. Бұл этаптың мақсаты – есеп компьютерде шешілуі үшін, есептің математикалық моделін құру. Көптеген есептердің математикалық моделінде тек қана формулалар мен логикалық шарттар келтіріледі. Бұл этап бірінші этаппен тығыз байланыста және оны бөлек қарастырмаса да болады, бірақ құрылған модель үшін бірнеше шешу әдістері танымал болуы мүмкін және олардың ішінен ең ыңғайлысын таңда керек болады. Жоғарыда түсіндірілген есеп үшін екінші этап келесідей болады: компьютерге енгізілген сандарды А және В атауымен жадыда сақтаймыз, содан соң бұл сандардың сомасының мағынасын А + В формуласы бойынша есептейміз және нәтижесін жадыда Summa атауымен сақтаймыз.

Үшінші этап – есептің алгоритмі. Математикалық түсіндіру негізінде шешу алгоритмін құрастыру керек. Алгоритм дегеніміз – қойылған есептің шешуге бағытталған әрекеттер тобын іске асыру үшін атқарушыға түсінікті әрі дәл нұсқаулар жиынтығы. Алгоритмдерді орындайтындар адамдар, роботтар, компьютерлер болуы мүмкін.

Төртінші этап – программалау. Программа – бұл орындаушы (компьютер) орындайтын әрекеттердің жоспары. Үшінші этапта құрылған алгоритм бойынша программа алгоритмдік тілде жазылады.

Бесінші этап – жазылған программаны компьютерге программалау жүйесінде енгізіледі.

Алтыншы этап – тестлеу және программаны жөндеу. Бұл қадамда ЭЕМ көмегімен алгоритм орындалады, қателер ізделінеді және олар жойылады. Программаны жөндеу – бұл күрделі және стандартты емес процесс. Күрделі программалар бөлек фрагменттермен тексеріледі.

Жетінші этап - жөнделген программаның орындалуы және нәтижені талдау. Бұл қадамда программа жұмысқа қосылып, алғашқы керекті мәндер беріліп. программа нәтижесі алынады. Шыққан нәтижелер талданып, нәтижелерге сай шешімдер, ұсыныстар, шығарулар дағдыланады. Талдау шешімі бойынша есептің құрылған жолдары қайтадан қарастырылып, есептің бірінші қадамына қайтып оралып, есеп жаңадан шешілуі мүмкін.

1. Есептің берілуін математикалық түрде өрнектеу (Математикалық модел) Бұл бөлімде негізі мына үш сұраққа жауап тапса жеткілікті:

а) не белгілі? - белгілі шамаларды әріптермен белгілеп типтерін анықтаймыз;

ә) не табу керек? – ақырғы нәтижені, оның типін анықтау;

с) Қалай есептейміз? – есептің шешіміне қажетті формулаларды анықтаймыз немесе құрастырамыз.

Есепті шешудің идеясын (әдісін) анықтаймыз.

2. Есептің алгоритмін құрамыз.

3. Алгоритмді компьютерге түсінікті программалық тілде жазамыз.

4. Программаны компьютерде орындап қателерін түзетеміз.

5. Ақырғы нәтижені аламыз, талдаймыз (мысалы адамдар саны теріс сан болып шығуы мүмкін).

Бұл жерде ең маңыздысы 1 және 3 кезең.



Өздік жұмыс: физикалық формулалар бойынша алгоритм құру

ІҮ. Бекіту сұрақтары:

• Алгоритм деген не?

• Алгоритмнің қандай түрлері бар?

• 2 - ші қадамның мақсаты қандай?

• 2 санның арифметикалық ортасын табу формуласында қандай шамалар бар?

Ү. Оқушылардың білімдерін бағалау

ҮІ. Үй тапсырмасы. 3 санның арифметикалық ортасын табу үшін математикалық модель құру және алгоритмін құру

Күн жады: 21.10-27.10

Сыныбы: 9 «А, Ә, В, Г»



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет