Сабақтың тақырыбы: Кіріспе. Техника қауіпсіздігі және жұмыс орнын ұйымдастыру Сабақтың мақсаты



бет3/3
Дата22.08.2017
өлшемі0,56 Mb.
#24150
түріСабақ
1   2   3

IX. Сабақтың қорытындысы

• Оператор дегеніміз не, олар қандай топтарға жіктеледі?

• Құрама операторлар қалай ұйымдастырылады?

• Нәтижені экранға шығарудың қандай жолдарын білесіңдер?

• Экранға түсініктеме ретінде қолданылатын сөз тіркестері қалай шығарылады?

• Енгізу және шығару операторларының атқаратын негізгі міндеттері қандай?


Х. Үйге тапсырма

Тақырыпты оқып, мазмұндау




Күн жады: 4.12

Сыныбы: 9 «Г»

Сабақтың тақырыбы: Сызықтық алгоритмдерді программалау

Сабақтың мақсаты:

 1.Оқушыларда Pascal программалау тіліндегі енгізу және шығару операторлары  

    туралы мағлұматтар қалыптастыру.

2.Жаңа ақпараттық технологиялық құралдар мен бағдарламалық жабдықтарды

   қолданып пәнге қызығушылығын арттыру, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.

3. Еңбексүйгіштікке баулу, адамгершілік және эстетикалық тәрбие беру



Сабақтың көрнектілігі: Презентациялық бағдарлама,

                                            программалау бағдарламасы



Сабақтың түрі:Аралас, интерактивті сабақ

Сабақтың барысы:1.Ұйымдастыру бөлімі

2.Үй тапсырмаларын сұрау.

           1.Алгоритм дегеніміз не?

            Алгоритм-берілген мақсатқа жету үшін реттелген әрекеттер тізбегі

           2. Алгоритм жазу пішімі қандай?

              алг алгоритмнің аты

              басы

                      алгоритм командалары

              соңы

          3. Айнымалы типтерін атаңыз? (бүтін-integer; нақты-real; литерлік-char)

          4. Енгізу операторы /  read, readln-енгізу/

          5. Шығару операторы   /  write, writeln- шығару

          6. Меншіктеу операторы /айнымалы аты:= өрнек/

          7. Программа жазу пішімі қалай?

                programпрограмма аты

                         айнымалалар бөлімі

                 begin

                        операторлар бөлімі

                  end.

 


  1. Жаңа тақырып.

Екі  санның қосындысын (c=а+в) анықтайтын блок-схемасын,алгоритмін жазу.

 


 

 


 

 

алг ЕСҚ табу



(арг бүт а, в,нәт бүт с)

басы

енгізу а, в

  с=а+в



шығару с

cоңы

 

 



 

 

 



 

 

 

program ecep;

  var a,b,c:integer;

begin

readln (a,b);

   c:=a+b;



writeln ('с= ',c);

а=12 ,в=10

деп мәндері берілсе

онда программаны былай жазуға болады

programecep;

  var a,b,c:integer;



begin

   a:=12;b:=10;

   c:=a+b;

writeln ('с= ',c);

 


 

Оқушыларға ДК программаның орындалуын көрсету.

Сыныпты үш топқа бөлу.1 топ  «Алгоритм»

                                            2 топ  «Блок-схема»

                                            3 топ  «Программа»

1 тапсырма: Әр топ өз атына сәйкес есеп шығарады.

Өрнектің мәнін табыңдар  a=-2 ,болғанда   (a-8)/(2a+5)   алгоритмін,блок-схемасын

программасын құрыңыз.

2 тапсырма:   /топтар ауысады. 1 топ программа құрады,2 топ алгоритм құрады,  3 топ блок   схема құрады/ формуласы бойынша есептеу алгоритмі,блок схемасын , программасын  құрыңыз.

 3 тапсырма: /1 топ блок схемасын, 2 топ программасын, 3 топ алгоритмін  құрады/

Үш санның арифметикалық ортасын табу алгоритмін, блок-схемасын және программасын жазыңыз.


  1. Осы үш тапсырманы ДК Паскаль программалау тіліне жазып жауабын алыңыз.

             “Алгоритм” тобы 1 есеп

             “Блок-схема” тобы 2 есеп

             “Программа”  тобы 3 есеп                        Жазған тапсырмалары тексеріледі.

 


  1. Бекіту сұрақтары:

Айнымалы бөлім аталуы?

Алгоритм қасиеттерін атаңыз?

Алгоритмді график арқылы кескіндеудің атауы.

Сызықтық алгоритм дегеніміз не?

Енгізу операторы қалай аталады?

Шығару операторы  қалай аталады?



  1. Үйге тапсырма.

№1. Y=(AX+B)-С   өрнегінің  алгоритмін,  блок-схемасын,программасын  құрып келу.
№2. y=x2+1 функциясын есептейтін программа жазыңыз.

Күн жады: 12.01-15.01

Сыныбы: 9 «А, Ә, В, Г»

Сабақтың тақырыбы: Шартты көшу операторлары

Сабақтың мақсаты 

Мақсаты: Оқушыларды шартты операторлардың жазылу тәртібімен таныстыру. Тармақталған алгоритмдерді программалауды түсіндіру

1.  Білімділік: Оқушылар шартты операторлардың жазылу тіртібін білуі керек.

2.  Дамытушылық: Оқушылар тармақталған алгоритмдерге программа құруды компьютерде көрсету. Тармақталу операторы, Таңдау операторы, Өту операторларымен практикада көрсету.

3. Тәрбиелік: Оқушылар информатика кабинетінде техникалық қауіпсіздік ережесін сақтау және еңбекке баулу.

Құрал  –  жабдықтар, көрнекті құралдар:

Компьютерлер, Информатика мен есептеуіш техника негіздері әдістемелік нұсқау бағдарламалары. Турбо Паскаль оқулығы.



Сабақ түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдісі: Лекция сабақ

Сабақ барысы.  1. Ұйымдастыру кезеңі

Сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу.

Сабаққа дайындықтарын тексеру

2. Үй жұмысын сұрау

оператор дегеніміз не?

меншіктеу оператор дегеніміз не?

Оператор қаншаға міндет атқарады?

Жаңа сабақ

            Шартты оператор Паскаль тілінің басқару операторларына шартсыз және шартты көшу операторлары, цикл (қайталау) ұйымдастыру операторлары жатады. Бұладың соңғылары құрылымы күрделі операторлар арқылы жүзеге асырылады.               Программа операторлары, негізінен,жазылу ретімен орындалады. Олардың бұл орындалу тәртібін  өзгерту үшін жоғарыда айтылған шартты немесе шартсыз көшу (өту) операторы GOTO қолданылады (оқылуы: гоу ту ).Қойылған шартты тексеру арқылы оператордың орындалу ретін өзгертуге немесе өзгертпеуге болады. Шартты тексеру операторлары мен цикл операторлары көбінесе құрылымдық операторлар арқылы ұйымдастырылады. 

            Құрылымдық операторлар. Құрылымдық операторлар басқа операторларды белгілі бір ереже бойынша біріктіру жолымен құрылады. Олар үш топқа – құрама, шартты және қайталау операторларына жіктеледі.

            Құрама оператор.  Құрама оператор бір- бірінен нүктелі үтір арқылы бөлінген бірнеше операторларды begin және  end түйінді сөздерімен шектей отырып, оларды біроператор тәрізді орындалатын етіп біріктеу жолымен ұйымдастырылады. Құрама оператордың синтаксистік диаграммасы 3.9-суретте көрсетілген.

            Құрама оператор тілдің ережесіне сәйкес программаның кез келген жерінде тұра береді де, бір оператор сияқты орындалады.

            Begin

1-     оператор;

2-     оператор;

....................

n-1-оператор;

n-оператор

end.


Мұндағы операторды шектеп тұратын BEGIN(басы), END(соңы) түйінді сөздері операторлық жақшалардеп аталады, BEGIN сөзінің соңына және END сөзінің алдындағы оператордан кейін нүктелі үтір «;» қойылмайды. Құрама оператордың ішінде тағы да құрама оператор болуы мүмкін. Мысалы, әріптермен белгіленген операторлар жақшалармен көрсетілгендей ((А,В,С,D), ( K,L,M), Е, (R,S)) топталатын болса, онда программадағы құрама операторлар былай құрылады:

 begin


       begin

A операторы

           B операторы

C операторы

           D операторы

еnd;


       begin 

           K оепраторы

           L операторы

           M операторы

     end;

           E операторы

     begin

           R операторы

           S операторы

     еnd


end .

       Құрама операторлар шартты өту, таңдау және қайталау операторлары құрамында жиі кездеседі.

      Шартты оператор. Тармақталу процестері бар алгоритмдерді ұйымдастыру үшін шартты операторлар пайдаланылады. Тармақталу белгілі бір шарттың орындалуы немесе орындалмауына тәуелді атқарылады. Кейде бір тармақ ішінде ешбір амал орындалмай да қала береді. Шарт ретінде логикалық өрнектің мәні пайдаланылады. Турбо Паскальда екі шартты операторлар бар, олар: If және case.

паа      If шартты операторы. If ( егер ) операторы программадағы іс-әрекеттердің орындалу реттілігін өзгертетін мүмкіндіктің ең кең тараған тәсілі болып табылады.      

 

Бекіту: Жаңа сабаққа байланысты сұрақ жауап беру арқылы жаңа сабақты қортындылау.

Сабақты қорытындылау: Жаңа сабақты түсіндіріп, оқушылардың біліміне сәйкес бағалау.

Үй тапсырмасын беру:  Шартты операторлар

Бағалау:

Күн жады: 19.01-22.01

Сыныбы: 9 «А, Ә, В, Г»

Сабақтың тақырыбы:  Шартсыз көшу операторлары.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Шартсыз көшу операторларының жазылу тәртібімен таныстыру,   тармақтаушы алгоритмдерге программа жазу жолдарын көрсету;

Дамытушылық:Программалау ұғымын дамыту;

Тәрбиелік:Оқушыны ойлау, жоспарлау және әрекет ету жүйесіне тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Көрнекілігі: компьютер, тақта

Сабақтың барысы

1.Ұйымдастыру кезеңі.

2.Үй тапсырмасын тексеру.

3.Жаңа сабақ

4.Сабақты қортындылау

5.Үйге тапсырма



Жаңа сабақ

Көшу немесе шарсыз көшу операторы оператордың рет-ретімен орналасуын бұзым, келесі атқарылуды белгісі бар операторға көшуді орындайды. Бұл оператор Goto (көшу ) түйінді сөзінен басталады да, одан кейін Label бөлімінде сипатталған белгі атауы жазылады.

Көшу операторының пішімі:

GOTO<белгі>;

мұндағы<белгі>- LABEL бөлімінде сипатталған белгінің біреуі.


 

 



Көшу операторының синтаксистік диаграммасы

Мысалы:белгі бөлігінде

   Label ,20 SUM;

берілсе, онда Goto операторында тек қана осы белгілер ғана пайдаланылады, яғни

  Goto 20;

немесе


Goto SUM;

Жалпы дұрыс құрылған программалар ережесі бойынша шарсыз көшу операторын қолданбауғатырысу керек. Ол программаны оқуды, мәтінін түсінуді қиындатады.

  Бос оператор. Бос оператор ешқандай да әрекеттің орындалмайтынын көрсетеді, ол программа блогынан шықпай –ақ, бірнеше жолды орындамай өткізіп жіберіп, блок соңына бірден көшетін кезде пайдаланылады.

 Мысалы:


 label belgi;

     …


begin

    …


goto belgi; { блок соңына көшу}

    …


belgi: end; {бос оператор белгісі}

Сабақты қортындылау:

Үйге тапсырма:3.4.2 шартты көшу операторы оқу

Бағалау 

Күн жады: 26.01-29.01

Сыныбы: 9 «А, Ә, В, Г»

Сабақтың тақырыбы: Циклдік алгоритмді программалау.
Мақсаты: 
Білімділік: Оқушылар циклдік алгоритмдерді құруды, циклдердің командасын орындалуын және құрылымын көрсету.
Дамытушылық: Білімді жүйелеу, тиянақтау, жаңа сабақты түсіндіру.
Тәрбиелік: Сауаттылыққа, ұжымда бірлесіп жұмыс істеуге үйретуді көздеу.
Әдістері: түсіндіру, ой қозғау, мағынаны ашу, өз бетімен жұмыс,
Көрнекіліктер: компьютер, сызбалар
Міндеттері: 
1. Логикалық ойлау қабілетін дамыта отырып, білім білік дағдыларын
қалыптастыру.
2. Оқушының өз бетімен жұмыс істеуі, шығармашылық қабілетін дамыту.
Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі
А) Оқушыларды сабаққа дайындау, түгендеу
Ә) Ұқыпты, ынталы болуға үйрету
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
ІІІ. Жаңа сабақ
Көп жағдайда аргументтерінің әр түрлі мәні бойынша алгоритмнің белгілі бір бөліктерін бірнеше рет қайталауға тура келеді. Осындай процесстерді ұйымдастыру үшін циклдік құрылымды алгоритмдер – қайталау операторлары қолданылады. Олар әр түрлі заңдылық негізіндегі ереже бойынша қолданылады.
Цикл – белгілі бір әрекеттер тізбегінің бірнеше рет қайталанып орындалуы.
қадамдар саны белгілі цикл
қадамдар саны белгісіз цикл (шартты цикл)
Паскаль тілінде қайталау процессін жүзеге асыратын циклдік операторлардың 3 түрі бар: арифметикалық цикл — FOR, шартын алдын ала тексеретін цикл – WHILE және шартты соңынан тексеретін цикл – REPEAT.
Егер шартын алдын ала тексеретін циклдегі операторды неше рет қайталау керек екендігі белгісіз болып, оның тек қайталану шарты берілсе, онда WHILE, REPEAT операторлары пайдаланылады. Ал FOR операторы қайталану саны алдын ала белгілі болған кезде қолданылады.
FOR операторын параметрлі цикл операторы деп те аталады, өйткені, қайталау саны функция аргументі сияқты циклдің параметрі қызметін атқаратын басқару айнымалысы арқылы беріледі.
FOR операторының екі түрі бар:
FOR:= to do;
FOR:= downto do;
Мұндағы, S1 және S2 – цикл параметрінің алғашқы және соңғы мәндерін анықтайтын өрнектер; for…do – цикл тақырыбын анықтайтын түйінді сөздер; — цикл тұлғасы.
FOR – ҮШІН, TO – ДЕЙІН, DO – ОРЫНДАУ деген мағынаны беретін түйінді сөздер.
Паскаль тілінде цикл параметрі міндетті түрде бүтін немесе реттелген типтегі айнымалы болуы қажет. Параметрдің өзгеру қадамына байланысты операторда TO немесе DOWNTO (DOWN – төмен, TO – дейін, DOWNTO — кері қарай) түінді сөздері пайдаланылады. Егер қадам +1 ге тең болса, онда операторда TO, ал қадам - 1 – ге тең болса, онда DOWNTO сөзі қолданылады.
Параметрдің бастапқы және соңғы мәндері бүтін сан түрінде немесе өсуі, кемуі бойынша реттелетін болуы тиіс, әйтпесе оларды бүтін мен беретін арифметикалық өрнек түрінде жазуға да болады.
ІҮ. Сабақты бекіту: Бекіту тапсырмалары
1. Циклдік алгоритм дегеніміз не?
2. Қандай циклдік операторлар бар?
3. FOR операторының жазылу форматы қандай?
ҮІ. Бағалау: Оқушыларды біліміне сай бағалау
Ү. Үйге тапсырма: Циклдік алгоритмдерді программалау. Цикл түрлері
Каталог: uploads -> doc -> 009d
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
009d -> Сабақ " Әлем халықтарының музыкалық аспаптары" Сабақтың мақсаты: оқушыларды музыкалық аспаптармен таныстыру, аспаптық музыкаға деген қызығушылығын ояту
009d -> Сабақ тақырыбы: Бастауыш сынып мұғалімі Г. Налибаева Сабақтан


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет