Сабақтың тақырыбы: Программалау тілі. Программа және оның құрылымы. Мәліметтер типі, өрнек, айнымалы ұғымы
Мақсаты:
1)Паскаль программалау тілінің алфавитімен таныстыру және алгоритмді программалау тілінде жазу ережелерін түсіндіру.
2)Жасанды тілдің қалай құрылатынын сезіну.
3)Тәртіптілік пен жинақылық дағдыларының қалыптасуына әсер ету.
Көрнекілігі: Сабақ жоспарын экранда проекциялау, мульт.мед.жабдықтар, компьютер, Паскаль -программасы
Өтілу әдісі: дәстүрлі сабақ.
І. Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру.
1. Сәлемдесу, түгелдеу.
2. Оқушылардың құрал-жабдығын тексеру.
3. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
ІІ. Үй жұмысын тексеру
• Алгоритм деген не?
• Алгоритмнің қандай түрлері бар?
• 2 - ші қадамның мақсаты қандай?
• 2 санның арифметикалық ортасын табу формуласында қандай шамалар бар?
Жаңа сабақ
Паскаль тілі
ПС. Алгоритмнің бәрі формулалармен ғана емес сөздерменде жазылады. Ол сөздерді компьютер қалай түсінеді? Компьютер деген машина болса, ол командаларды қалай орындайды?
Алгоритмді компьютерде орындау үшін оны машинаға түсінікті тілде жазамыз. Ондай тілдер өте көп. Солардың кең тараған бір түрі Паскаль. Одан басқа АЛГОЛ, ФОРТРАН, БЕЙСИК, ДЕЛФИ... т.с.с болып кете береді. Паскаль тілін 1968-1970 жылдары швейцариялық ғалым Никалус Врит оқып-үйренуге қолайлы тіл ретінде ұсыған.
Паскал тілінде программа үш бөліктен тұрады:
1. тақырып
|
2. сипаттау бөлімі
|
3. операторлар бөлімі
|
Түйінді сөз – мағанасы алдын ала анықталған, Паскаль тілінің құрамына кіретін ағылшын сөзі. (Оқулықтың 39 бетіндегі 2.2 кестені қара)
Мыс: program, var, begin, while…
Идентификатор – айнымалыларды белгілеу үшін және программалау үрдісінде қолданылатын арнайы таңбалар мен белгілер көбінесе латын әріптері және цифрлар).
Мыс:
x=9, y01:=0.1, y02:=0.5, mektep:=’Уалиханов’
мұндағы: x, y01, y02, mektepшамалары идентификатор болып табылады.
2. Тілдің алфавиті.
Паскаль – тіл деп аталған соң оның кәдімгі тілдегідей өз алфавиті бар.
Барлық латын әріптері – A … z;
Сандар: 0...9, 2-лік, 16-лық; (16-лық санды шатастырмау үшін оның идентификаторына $ белгісі тіркеліп жазылады, $1F);
Арифметикалық амалдар: +, -, *, /
Бұларды біз математикадан білеміз. Паскалда бұлардан басқа мынадай да амалдар қолданылады:
div — бүтін бөлу (бүтін санды бүтін санға бөлгендегі бөлiндінің бүтін бөлігін табу), мысалы, 10 div 3 = 3.
10 div 3 = 3
mod — қалдықты табу (бүтін сандарды бөлген кездегі бүтін қалдықты табу), мысалы, 10 mod 3 — нәтижесі 1.
Логикалық амал белгілері:
0 x y 5 2 true 1 -3 -100 false 0 50 0 false 0 x or y > 0 5 2 true 1 -3 -100 false 0 50 -5 true 1 " v:shapes="_x0000_s1026">and— және (логикалық көбейту) операциясы;
or — немесе (логикалык косу) операциясы;
xandy> 0
not — емес (терістеу немесе жоққа шығару) операциясы;
true– ақиқат
false- жалған
div – бүтін бөлу. Мыс: 10 div 3 =3 қалдығы еленбейді.
mod – қалдықты табу. Мыс: 10 mod 3 =1 бүтін бөлігі еленбейді.
And – және (логикалық көбейту);
or - немесе (логикалық қосу);
not – емес (терістеу).
‘ (апостроп) – символдық немесе жолдық шамаларды қоршау (тырнақшаға алу) белгісі
:= - меншіктеу белгісі
; - операторлар арасын бөлектеу үшін қолданылады.
Бұдан басқа да көптеген таңбалар бар. Оларды болашақ сабақтарымызда қажеттігіне қарай біртіндеп анықтап отырамыз.
Қатыс таңбалары : >, <, >=, <=
Программалау тілінде мына ұғымдар жиі қолданылады:
Өрнек
Арифметикалық немесе логикалықамалдар таңбасымен біріктірілген айнымалылар, атаулар, функциялар, жиымдар т.б мағанасы бар сөздер тізбегі өрнек деп аталады.
Өрнек жазуда кеткен қателікті компьютер анықтай алмауы мүмкін.
Оператор
Программалау тілінің белгілі бір іс-әрекетті орындай алатын тұрақты мағанасы бар сөйлемін оператор дейді.
Операторды жазғанда қате кетсе компьютер бірден анқытайды.
Тіл синтаксисі
Программа жазу барысында сақталуға тиісті тілдің ережелерін программалау тілінің синтаксисі дейді.
Синтаксистік қатені де компьютер бірден анқытайды.
Тілдің семантикасы
Программа жазудың мағаналық ережелерін тілдің семантикасы дейді.
Семантикалық қателерді компьютер анықтай алмауы мүмкін.
Паскаль тілінде программа жеке жолдардан тұрады. Жол бойында бірнеше оператор жазылса, олардың арасы «;» -мен ажыратылады. Бір жолдағы таңбалар саны пробелді қосқанда 256-дан аспауы тиіс.
Паскаль программасының құрылымы.
1. тақырып
|
|
program программа аты жазылады;
|
2. сипаттау бөлімі
|
|
…
Var типтері көрсетілген айнымалылар;
|
|
|
begin
|
3. операторлар бөлімі
|
|
Операторлар;
|
|
|
end.
|
var қызметші сөзі Паскалда жиі қолданылады, осы сөзден кейін программада қолданылатын барлық айнымалылар типтері көрсетіліп арасы үтірмен бөлініп, тізіліп жазылады. Бұл айнымалылар мәліметтер мен нәтижелерден және аралық шамалардын тұрады.
Мәліметтер – программа орындалуы үшін керекті айнымалылар.
Мәліметтер Паскаль тілінде READ операторының көмегімен компьютерге енгізіледі. Программа ішінен бұл операторды кездесітіріп, компьютер, «?» белгісін экранға шығарып сан (мәлімет) енгізуід күтеді.
Былай жазылады: read(x,y,z); клавиатурадан арасы пробелмен бөлінген үш сан теріп клавшін басамыз.
Readln(x) - сұрақ белгісі жаңа жолға шығып тұрады.
Нәтижелер – программа орындалып болған соң мәні анықталатын айнымалылар. Нәтижені экранға шығрау үшін Паскалда WRITE операторы қолданылады. Мыс: werite(‘natyje= ‘;x). ‘апостроф белгісінің арасындағылар экранға сол күйінде өзгеріссіз шығады да, х-тың орнына оны мәні шығады.
writeln(‘s= ‘,s) нәтиже жаңа жолға шығады.
Аралық шама – мәліметке де нәтижеге де жатпайтын, программа орындау барысында қажет болатын программалаушы енгізген айнымалылар.
Қосалқы программа – алдын ала ат қойылған программа. Ол негізгі программаның кез-келген бөлігінде атын көрсету арқылы шақырылып атқарыла береді.
ІІ.Сабақты бекіту:
ЕСЕП: Клавиатурадан екі бүтін сан сұрайтын және экранға олардың көбейтіндісін басып шығаратын программа жазыңыз.
Программаны есеп шығару кезеңдерін ескере отырып жазайық. Есептік математикалық моделін құрамыз:
Математикалық моделі
|
Паскаль программа
|
1. Не белгілі? Екі бүтін сан, х, у – бүтін;
2. Не істеу керек?
Екі сан тенгізу; олардың көбейтіндісін
z:=х*у; аралық шама z-ке меншіктеу.
Нәтижені экранға шығару;
Соңы
|
program esep01;
var x,y,z:integer;
begin
z:=x*y;
write(‘көбейтінді = ‘,z);
end.
Дайын нұсқасын компьютерде орындап көрсетеміз.
|
ІV. Үйге тапсырма.
Тақырыпты оқып мазмұндау
Күн жады: 28.10-3.11
Сыныбы: 9 «А, Ә, В, Г»
Сабақтың тақырыбы: Меншіктеу операторы. Стандартты функциялар.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: оқушыларға меншіктеу операторы, стандартты функциялардың және олардың жазылу ерекшеліктерін ұғындырып, программалау тілінде жазу туралы толық мағлұмат беру;
Дамытушылық: оқушылардың білім білік дағдыларын қалыптастыру, алған білімдерін және стандартты функцияларды программалау тілінде қалай жазу керектігі жайында ой - өрістерін дамыту;
Тәрбиелік: Оқушыларды жауапкершілікке, ұқыптылыққа, тазалыққа баулу.
Сабақтың көрнекілігі: интертақта, оқулық, презентация.
Сабақтың түрі: Әңгімелеу
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру. Сынып оқушыларымен амандасу, түгендеу.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
Тілдің алфавиті
Программалау тілі дегеніміз не?
Өрнектерге нелер жатады?
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру
Меншіктеу операторы - жазылған өрнектің мәнін есептеп, айнымалыға меншіктеу. Жиі қолданыста болатын болатын оператордың бірі.
Жазылу пішімі: := Айнымалы атауының типі мен қабылдайтын мәннің типі міндетті түрде сәйкес келуі тиіс. Меншіктеу операторы тек арифметикалық өрнектер үшін ғана емес логикалық және символдық өрнектерге де қолданылады. Айнымалыға символдық шаманы меншіктегенде символ апострофқа (‘’) алып жазылады. Мысалы: V:=’M’; x:=’15’, Бұл оператор 2 міндет атқарады:
Айнымалылардың белгілі мәндері бойынша арифметикалық өрнектің сандық мәнін есептейді.
Табылған мән айнымалы атауына меншіктеледі.
Төмендегі кестеден қайсысы меншіктеу операторы болатыны немесе болмайтынын анықтаймыз.
Өрнек Түсініктеме
z:=0 Дұрыс
a:=b Дұрыс
a:=b+5 Дұрыс
a=c+1 Қате
- z:=y Қате
2*p+3:=x Қате
– Q:=A+B Қате
x:=a±5 Қате
Турбо Паскаль тілінде алдын ала программалары жасалып стандартты модульге жинақталып қойылған, қажет кезінде пайдалануға болатын объектілер бар. Солардың бірі стандартты функциялар болып табылады. Олар жиі кездесетін математикалық және басқа да функцияларды есептеу үшін қолданылады.
Программаларда жиі пайдаланылатын функциялар:
Арифметикалық функциялар. Арифметикалық функцияларда бүтін және нақты шамалар пайдаланылады.
Типтерді өзгерту функциялары. Бұл функция шамалардың типтерін өзгерту үшін пайдаланылады.
Мысалы, нақты санды бүтін санға, цифрлар түрінде берілген символдар тізбегін бүтін санға аударады.
Chr(x) – х санын символға аударады.
High(x) – шаманың максимум мәнін береді.
Low(x) – шаманың минумум мәнін береді.
Ord(x) – саналатын типті бүтін типке көшіреді.
Round(x) – нақты санды бүтін санға дөңгелектейді.
Trunс(x) – нақты санның бүтін бөлігін береді.
Арифметикалық функциялар
Математикалық жазылуы Паскаль тілінде жазылуы
|x| abs(x)
x^2 sqr(x)
√x sqrt(x)
π Pi
[x] int(x)
e^x exp(x)
sinx sin(x)
cosx cos(x)
tgx tan(x) немесе (sin(x)/cos(x))
lnx ln(x)
Мысалы: x=a^3/(√c+9, 2); жазылуы x≔sqr(a)*a/(sqrt(c)+9. 2);
x=〖(a+b)〗^2/(π -|ab| ); жазылуы x≔sqr(a+b)/(pi - abs(a*b));
IҮ. Сабақты бекіту. Сабағымызды «Лото» ойыны арқылы бекітеміз. (Слайд көрсетіледі)
1. Меншіктеу операторы дегенді қалай түсінесің?
2. Меншіктеу операторының жазылу пішімі?
3. Айнымалыға символдық шаманы меншіктегенде символ... алып жазылады.
4. Мына өрнекті арифметикалық функцияларды пайдалана отырып өрнекте... x=√0, 5a/(〖tg〗^2 π)
5. Мына өрнекті арифметикалық функцияларды пайдалана отырып өрнекте... a=〖7, 9x〗^3/(√12+sinx)
Ү. Үйге тапсырма
Тақырыпты оқып, мазмұндау
ҮІ. Бағалау
Күн жады: 13.11-18.11 / 20.11-25.11
Сыныбы: 9 «А, Ә, В, Г»
Сабақтың тақырыбы: Мәліметтерді енгізу және шығару
Сабактың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру. Сынып оқушыларымен амандасу, түгендеу.
ІІ. Үй тапсырмасын пысықтау, қайталау сұрақтары.
1.Алгоритм дегеніміз не?Бұл сөз қайдан шыққан?
2.Алгоритмнің негізгі қасиеттері қандай?
3.Алгоритмнің өрнектелу жолдары қандай?
4.Блок-сехма дегеніміз не?Негізгі блоктарга және көмекші блоктарга нелер жатады?
5.Сызықтық,тармақталу және циклдік алгориттдер дегеніміз не?
6.Есепті математикалық түрде өрнектеу дегеніміз не?
Проблемалық сұрақ
Алгоритмді өмірімен байланыстыруға болама?Нақты мысал келтір
ІІІ. Жаңа сабақ
Енгізу,шығару операторларына түсініктеме беру.
Жалпы,файлдардан мәліметтерді оқу және оларға жазу әрекеттерін Read,Write,Readln,Writeln оператолары орындайды.
Оқу операторы(Read) өңделетін мәліметтердің берілген мәндерін оқып,операторда көрсетілген айнымалыларға меншіктейді.
Жазылуы: (Read(<айнымалылардың идентиикаторлары>)
Мысалы:Read(a ,b, c)
Программадан үзінді:
Var a: real ;
I: integer;
X : char ;
Read ( x, I, a )
Нәтижесі: « n », 30 0.1
Readln операторының Read операторынан айырмашылығы,Readln операторы қатар жазылса,әрбір келесі енгізу операторына қажетті мәндер міндетті түрде жаңа жолдан терілуі керек.
Мысалы:
var a,b,c,d: real; 2. Var a.b.c.d read
Begin Begin
Read (a,b) Readln (a,b)
Read( c,d)
Readln (c,d )
Нәтижесі:1,2,3,4 1,2
3,4
Жазу операторы (wrete) өрнектердің нәтижесін экранға шығарады.
Жазылуы: wrete(<өрнек>);
Мысалы:wrete(153);(өрнек тұрақты түрде берілген).
Wrete (a+b/c); (өрнектің нәтижесі шығады).
Wrete (нәтижесі,у);(тізбек және айнымалы түрінде).
Wrete(A[1]); (өрнек индексті айнымалы түрінде).
Ескерту:а) енгізу операторында айнымалылардың идентификаторы міндетті түрде үтірмен ажыратылады, соңынан (;) нүкте –үтір қойылады.
б)Егер Readle операторы қатар жазылса,әрбір келесі енгізу операторына қажетты мәндер міндетті түрде жаңа жолдан терілуі керек.
3. Талдау (дағдысы бойынша).Енгізу және шығару операторларының ұқсастығы мен айырмашылығын Венн диаграммасы арқылы салыстыру.
Өңделетін мәлімет-
тердің берілген мән-
дерін оқып,оператор-
да көрсетілген
айнымалылырға
меншіктейді
Өрнектердің
нәтижесін
экранға
шығарады
Тілдің негізгі операторлары
Алгоритм
|
Программа
|
Блок – схема
|
алг алгоритмнің аты
басы бүт а,х,у
енгізу а,х
у:=а*х
шығару у
соңы
|
Program a1;
Var a,x,y:integer;
Begin
Readln (a,x)
Y:=a*x;
writeln (‘y=’y );
end.
|
Соңы
у
У:=а*х
а,х
Басы
|
ІҮ. Бекіту
1-мысал.у=а*х бір айнымалысы бар теңдеу
2.Кітаппен жұмыс.№ 1,2,3,4 есептер
№1
1.Егер х берілген болса ,онда 1-2х +4х-6х өрнегін есептеп шығарындар.
2.Тығыздығы p және биіктігі H болатын сұйықтың баған түбіне түсіретін
қысымын есептеуге арналған программа құр.
№2
1.Төртбұрыштың диагоналін табудың алгоритін және программасын құр.
2.Егер х берілген болса, онда 4-6х+4х өрнегін есептеп шығарындар
№3
1.Үшбұрыштың периметрн табудың програмасын құр.
2.Жылу мөлшері G=cm (t -t) формуласы бойынша есептеуге арналған
программа құрындар.
Ү. Бағалау
ҮІ.Үйге тапсырма. Тақырыпты оқып, мазмұндау
Күн жады: 27.11-2.12
Сыныбы: 9 «А, Ә, В, Г»
Сабақтың тақырыбы: Сызықтық алгоритмді программалау.
Сабақтың мақсаты
Білімділік: сызықтық бағдарламаның құрылымымен танысу, өткен тақырыптарды қайталай отырып, сызықтық алгоритмді, блок-схемасын, программасын құру дағдысын қалыптастыру;
Дамытушылық: есте сақтау қаблетін дамыту, теориялық білім негізін практикамен ұштастыра білуге үйрету;
Тәрбиелік: пәнге деген қызығушылығын арттыру, әр оқушының алғырлық, зеректік қасиеттерін дамуына жол ашу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақта қолданылатын құрылғылар: мультимедиалық компьютерлік сынып, мультимедиалық проектор, презентация
Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі
Біз күнделікті өмірде белгілі бір әрекеттерді орындау барысында көптеген алгоритмдерді қолданып жүрміз. Осы тұрғыдан қарағанда, өмір дегенді алда тұрған мәселелерді шеше алатын алгоритмдер жиыны деп түсінуге болады. Адам күнделікті өмірде алгоритмдер теңізінің ішінде жүзіп жүр деуге де болады. Қазырғы кезде күнделікті өңделетін ақпарат көлемінің тез өсуіне байланысты көптеген мәселелердің шешуін адам іс-әрекеттерді, яғни алгоритмді атқарушыға немесе орындаушыға – техникалық құрылғыларға, әртүрлі автоматтарға, компьютерлерге жіктеуге мәжбүр болып отыр. Сонымен, алгоритм ұғымы күнделікті өмірде кеңінен пайдаланылатын ұғымдардың бірі болып саналады. Ал біз сіздермен осы ұғымды бағдарламалау негіздері бөлімінде қарастырдық.
ІІ. Үй жұмысын тексеру. Үйде сіздер алгоритмдеу негіздерін қайталадыңыздар. Енді сіздердің алгоритмдеу негіздері бойынша білімдеріңізді тексерейік. Сонымен:
1. Алгоритм дегеніміз не? (Алгоритм - іс-әрекеттің рет-ретімен орындалуы )
2. Алгоритмнің қандай түрлерін білеміз? (сызықтық, тармақталған, циклдік)
3. Алгоритм жазу пішімі қандай?
алг алгоритмнің аты
басы
алгоритм командалары
соңы
4. Берілген блоктың негізгі әрекеті (Математикалық өрнектерді есептеу)
5. Алгоритмді жазу түрлері:
Қарапайым тіл арқылы
Түйінді сөздер арқылы
Блок-схема арқылы
Программалау тілі арқылы
6. Мәліметтерді енгізу және шығару блогы қандай? ( )
7. Программа қандай қызметші сөзден басталады? (Program)
8. Алгоритімді компьютер түсінетіндей тілде жазуды не деп атаймыз? ( программалау тілі)
V. Жаңа тақырып түсіндіру
Паскаль бағдарламаның тілінде сызықтық программа жасамас бұрын келесі түсініктемеге тоқталайық:
Сызықтық алгоритм дегеніміз- іс әрекеттердің тізбектей орындалуын сипаттайтын алгоритмдер.
Паскаль тілінің программасы 3 бөліктен тұрады:
тақырып жолы
сипаттау бөлімі
операторлар бөлімі
Оператор дегеніміз – алгоритмді жүзеге асыру барысында орындалатын іс-әрекеттерді анықтайтын тілдің қарапайым сөйлемі. Олар жазылу ретінде бірінен кейін бірі тізбектей орындалады.
Паскаль программалау тілінде
Операторлар
Функция мен процедураларды анықтау операторлары
Басқару операторы
Енгізу-шығару операторы
Меншіктеу операторы
Операторлардың жіктелуі
Операторлар бөлімін begin және end сөздерімен берілетін операторлық жақша қоршап тұрады.
Операторлар бөлімінде командалар ретімен орналасады.
Сызықтық программа қарапайым операторлардан тұрады.
Сызықтық программаны жазу үшін келесі операторлар қолданылады:
«:=» - меншіктеу операторы;
Read немесе readln –енгізу операторы
Write немесе writeln - шығару операторы
Паскаль бағдарламалау тілінде сызықтық бағдарлама жасамас бұрын келесі түсініктерге тоқталайық:
- Паскаль бағдарламалау тіліндегі операторлар қарапайым және құрама болып бөлінеді.
- Операторлар бағдарламаның begin және end операторларының ішіне алынып жазылады.
- begin және end операторлары операторлық жақшалар деп аталады.
- Қарапайым оператор деп құрамына басқа операторлар енбейтін операторды айтады.
- Бірнеше операторлардан тұратын және begin және end операторларының арасында жазылатын операторларды құрама оператор деп атайды.
- Бос оператор деп «;» операторын айтамыз. Бұл оператор оның алдындағы оператордың аяқталуын көрсетеді.
Енді сызықтық бағдарлама жасауға көшейік.
Еске сала кетейік : Бағдарлама деп белгілі бір бағдарламалау тілінде жазылған реттелген командалар тізбегін айтамыз. Белгілі бір алгоритмді бағдарламалау дегеніміз осы алгоритм орындалатын бағдарлама жазу. Ендеше сызықтық құрылымды алгоритмді бағдарламалап көрейік. Сонымен сызықтық алгоритм деп командалары бірінен соң бірі тізбектеліп орындалатын алгоритмді айтамыз.
Есеп 1. Екі бүтін санды қосып, қосындысын экранда шығару.
program qq;
var a, b, c: integer; сипаттау бөлімі
begin
read ( a, b ); енгізу операторы
c := a + b; меншіктеу операт негізгі бөлім
writeln ( c ); шығару операторы
end.
Осы программаның орындалуын оқушыларға түсіндіру,
Программаны орындау үшін .
Паскаль тілінде программаны тексеру - Ғ9
Программаны орындау – CTRL+F9
Нәтижені алу (көру) – ALT + F5
Есеп 2: Ұзындығы а-ға тең, ені в-болатын тіктөртбұрыштың ауданын анықтайтын
алгоритмін – 1-қатар
блок-схемасын – 2-қатар
программасын жазыңдар – 3-қатар
Алдымен бізге тіктөртбұрыштың анықтайтын формуланы білуіміз керек. Ол S:=a*b
Алдымен Блок-схемасы мен алгоритмін қарастырып көрейік
Достарыңызбен бөлісу: |