«физика» ПӘні бойынша оқУ-Әдістемелік кешен 050113 – «Биология» мамандығы үшін



бет8/40
Дата06.02.2022
өлшемі0,68 Mb.
#76357
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   40
П отенциалдық энергия. Егер жүйеге тек консерватив жєне гироскоптық күштер єрекет жасаса, өзара әрекет энергиясы ретінде потенциалдық энергия түсінігін қарастыруға болады. Жер тыныштық қалыпта, ал дене 1-ші орыннан 2-ші орынға ауысты деп санап, дене қозғалысын тудырған єрекет күштің жұмысын (13) формуламен есептейік:
.
Б±л теңдікке қарағанда физикалық шама күй функциясы ретінде жүйеге түскен күштің жұмыс істеу қабілетін анықтайды жєне, кейін көрсетілетіндей, қозғалыстың универсал өлшемі болады. Сонымен, шаманы консерватив ауырлық күші арқылы әрекеттескен екі дене жүйесінің энергиясын (потенциалдық) анықтау негізі деп қарастырамыз. Жоғарыда айтылғандай, консерватив күштер жұмысы жүйе құраушы денелердің тек бастапқы жєне соңғы күйлеріне, яғни денелердің координаталарына ғана, тәуелді. Бұдан жүйе денелерінің күй функциясы болатын потенциалдық энергия тек жүйені құраушы нүктелердің координаталарына тәуелді деген қорытынды туады.
Денелер жүйесінің кез келген тұйық траектория бойымен қозғалысына әрекет еткен күштің жұмысы нольге тең болса, ондай күш консервативті болады;
күш консервативті болуы үшін, оның кез келген тұйық жолда істеген жұмысы нольге тең болуы қажет жєне жеткілікті.
Сонымен қатар консервативті емес күштер қатарына гироскоптық күштер жатады.
Кинетикалық және потенциалдық энергия-лардың қосындысын толық механикалық энергия деп атайды. Олай болса, немесе
(14)
Сонымен, єрқайсысына тек консерватив күштер єрекет жасаған материялық нүктелерден құралған жабық жүйеде кез келген қозғалыс барысында толық механикалық энергия тұрақты болады.

Импульстің сақталу заңы


(15)
Осы тұжырымдама импульс сақталу заңының мазмұнын беріп тұр, ал оның анықтамасы тµмендегідей болады. Материялық нүктелер тұйық жүйесінің импульсы нүктелердің жүйе көлеміндегі кез келген қозғалыстары және өзара әрекеттері барысында үнемі тұрақты болып отырады.
Импульстың сақталу заңы тек тұйық жүйе емес, сонымен қатар ашық жүйе үшін де орындалуы мүмкін, тек ол үшін сыртқы күштер қосындысы нольге тең, яғни шарты орындалуы керек.
импульс моментінің сақталу заңын
(16)
векторлық т‰рде немесе
(17)
координаталық осьтерге проекциялар түрінде аламыз. Сонымен, тұйық жүйелердің ішкі аймағында қандай процестер жүріп жатса да импульс моменті тұрақты болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   40




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет