«физика» ПӘні бойынша оқУ-Әдістемелік кешен 050113 – «Биология» мамандығы үшін



бет2/40
Дата06.02.2022
өлшемі0,68 Mb.
#76357
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   40

Оқу жоспарының көшірмесі:


050113 – «Биология» (білім беру)

Курс

Се-местр

несиелер

Лек-циялар

СОӨЖ

СӨЖ

Барлығы

Бақылау түрі

1

1

1

15

15

15

45

емтихан

    1. Пререквизиттері: Пәнді оқып меңгеру үшін келесі білімдер мен әдістер қажет: «Математикалық анализ» пәнінен – туындылар, анықталған интегралдар; «Диффериенциалдық теңдеулер» пәнінен 2-ретті қарапайым дифференициалдық теңдеулерді шеше білу. Мектеп курсы көлемінде физиканың негізгі заңдылықтарын білуі қажет, зертханалық жұмыстарды орындау үшін қарапайым физикалық аспаптарда жұмыс жасай білуі және теориялық есептерді шешу жолдарын игере білуі қажет.

1.4 Постреквизиттері: 050113 – «Биология» мамандығы үшін ұсынылып отырған пән негізгі пәндердің бірі болып табылады. Сондықтан мамандық бойынша өтетін басқа арнайы курстарды игеру үшін «Физика» пәнін оқып білген жөн.
1.5 Пәннің қысқаша мазмұны: Механика денелердің қозғалысын, тепе-теңдігін қарастыратын ғылым. Қозғалысқа материяның, энергияның бір –түрден екінші түріне көшу процестері жатады. Механика қозғалысының ең жабайы түрі, яғни бір дененің екінші денеге қарасты салыстырмалы қозғалысын қарастырады. Арнаулы салыстырмалы теорияның негізінде релятивистік механика алынған және классикалық механиканың қолданылу шегі көрсетілген. Механика кинематика, динамика және статистика бөлімдерінен тұрады. Механика – материалдық нүкте, қатты дене механикасы және тұтас орта гидро-газодинамикадан тұрады. Молекулалық физика заттардың агрегаттық күйлерін молекулалық кинетикалық тұрғыдан қарастырады. Макроскопиялық жүйелердің негізгі қасиеттері термодинамикалық, статистикалық тәсілдермен зерттеледі. Статистикалық тәсіл ықтималдылық теориясына негізделгендіктен ықтималдылық функциясы арқылы, заттардың макро, микроо күйлерінің физикалық заңдылықтары ғылыми негізде анықталады. Электр және магнетизм курсында тыныштықта тұрған зарядтар жиынтығының өрісінің вакуумдағы және диэлектрлік ортадағы сипаттамалары мен оларды есептеу жолдары, әдістері беріледі. Электр өрісін Кулон заңы мен тәуелсіздік (суперпозиция) принципінің көмегімен векторлар өрісін сипаттау жолдары қарастырылады. Статикалық магнит өрісінің кернеулігімен магнит индукциясын Био-Савара-Лаплас заңымен тәуелсіздік принципіне сүйене отырып, өрісті сипаттайтын шамаларды есептеу жолдарын қарастыру көзделеді.
Пәнді оқытудың негізгі мақсаты, мыналарды оқып-білу және игеру:

  • әлемнің физикалық құрылымы туралы негізгі түсініктер мен оның физикалық табиғаты туралы;

  • физикалық құбылыстардың қасиеттерін сипаттайтын теориялық модельдер мен заңдарды және сәулелердің затпен өзара әрекеттесуінің принциптерін;

  • жарықтың қасиеттерін және электромагниттік толқындардың затпен өзараәрекеттесу құбылыстарын сипаттайтын лабораториялық жұмыстарды жасауды игеру қажет.

Циклді оқу кезінде студент:

  • курстың теориялық сұрақтарын, жоғары мектептің студент-физиктеріне ұсынылатын оқу құралдарының көмегімен, лекциялық материалдарды оқу арқылы қарастыру;

  • алған білімді практикалық, зертханалық сабақтардың көмегімен және ғылыми әдебиеттер мен басылымдарды оқу арқылы бекіту;

  • алған білімді бақылау жұмысы, тест арқылы тексеру;

  • алған білімді оқылатын курсқа сәйкес реферат (немесе курстық жұмыс) жазу процесінде бекіту және тереңдету.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   40




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет