Физика пәнін оқытудағы физикалық практикумдардың маңызы


-сынып. Практикум №3 «Серпімді деформацияны зерделеу»



бет4/14
Дата13.02.2020
өлшемі13,12 Mb.
#57951
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Байланысты:
9-11 практикум


9-сынып.

Практикум №3 «Серпімді деформацияны зерделеу»

Мақсаты: Тәжірибе жүзінде серпімді деформацияны зерделеп үйрену.

Құрал-жабдықтар: NOVA 5000 портативті компьютер, арақашықтық датчигі, күш датчигі, датчиктерді қосуға арналған жалғағыш сымдар, серіппеге бекітілген массасы белгілі жүк, массасы әртүрлі жүктер, зертханалық тұрғы.

Теориялық түсінік:

Гук заңы: F= -kx

Серпімді жүктің тербеліс периоды: T= 2πm/k, ал тербеліс жиілігі V=1/T

Берілген экспериментте вертикаль бағытта тербелген серіппедегі жүктің қозғалысы зерттеледі. Экспериментте серіппеге әсер ететін күшті өлшеу мен жүктің жағдайын анықтау арақашықтық және күш датчиктерімен бір мезгілде жүргізіледі.



Экспериментті өткізуге дайындық:

  1. Эксперименттік қондырғыны құрастырыңдар.

  2. Тұрғыға күш датчигін орнатыңдар.

  3. Күш датчигінің ілмегіне серіппедегі жүкті іліңдер.

  4. Жүктің төменгі жағына арақашықтық датчигін орналастырыңдар. Жүк пен датчик арасы 40 см-ден аспау керек..

  5. NOVA-ға датчикті жалғаңдар.

  6. NOVA-ны қосып, MultiLab бағдарламасын іске қосыңдар.

  7. Өлшеулер параметрлерін тағайындаңдар:

Жиілік

10 өлшеу/с

Өлшеулер

500



Экспериментті өткізу:

  1. Жүк массасын жазып алыңдар.

  2. Мәліметтерді тіркеуді бастаңдар.Ол үшін «Старт» батырмасын басыңдар. Датчиктің көрсеткіші экран бетінде график түрінде көрінеді.

  3. Жүкті шамамен 5 см-ге төмен ығыстырып, тербеліске келтіріңдер.

  4. «Тоқта» батырмасын басыңдар.

  5. Тербеліс периодын анықтаңдар.

  6. Күштің арақашықтыққа тәуелділік графигін салыңдар.

  7. T= 2πm/k формуласы орындалады ма, тексеріңдер.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет