Физика пәнін оқытудағы физикалық практикумдардың маңызы



бет8/14
Дата13.02.2020
өлшемі13,12 Mb.
#57951
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   14
Байланысты:
9-11 практикум


9-сынып

Практикум №5

«Электр қыздырғышы бар қондырғының ПӘК-ін анықтау»
Мақсаты: Электр қыздырғышы бар қондырғының ПӘК-ін анықтауды үйрену.

Құрал-жабдықтар: термометр, сағат, калориметр, ток көзі, кілт, қыздырғыш үшін қуаты белгілі спираль сым, жалғағыш сымдар, су, таразы, амперметр.

Теориялық түсінік

Қыздырғышы бар қондырғының пайдалы әсер коэффициенті деп қыздырылған судың ішкі энергиясының өсуінің электр қыздырғыш элементі бөлген электр энергиясына қатынасына тең шаманы айтамыз. Суды қыздыру барысында энергияның пайдалы шығыны жүзеге асады, сонымен қатар ыдысты және қоршаған ортаны жылытуға жұмсалады.



ПӘК=Апайдалы/ Атолық

Суды қыздыруға жұмсалған жылу мөлшерін есептеу формуласы:



Aпайдалы = Q = cm(t2-t1)

Электр тогының энергиясын есептеу формуласы:



Aтолық= Aэл= Pt

Жұмыс барысы:

  1. Ток көзі, кілт, амперметр, қыздырғыш спиральдан тұратын тізбекті жинаңдар.

  2. Қыздырғыш қуатын анықтаңдар.

  3. Калориметрдің бос ішкі ыдысын таразыға өлшеңдер.

  4. Калориметрге ортадан жоғары су құйып, оны сумен бірге таразыға тартып, массасын өлшеңдер. Су массасын анықтаңдар.

  5. Суы бар калориметрге қыздырғыш спиральді салыңдар.

  6. Судың бастапқы температурасын термометрмен өлшеңдер.

  7. Тізбекті тұйықтаңдар.

  8. Ток көзіне қосылған сәттен бастап, уақытты сағатпен бақылаңдар.

  9. 5-6 минут өткеннен соң, қыздырылған судың температурасын өлшеңдер.

  10. Өлшеу нәтижелерін жазып алыңдар.

  11. Есептеу нәтижелерін кестеге түсіріңдер.

  12. Тәжірибе нәтижелерін қорытындылаңдар.

5 практикумды орындауға қажетті құрал-жабдықтар



9-сынып.

Практикум №6 «Импульс түріндегі Ньютонның 2-заңын зерделеу»

Мақсаты: Импульс түріндегі Ньютонның 2- заңын тәжірибе жүзінде тексеру.

Құрал-жабдықтар: NOVA 5000 портативті компьютер, арақашықтық датчигі, датчиктерді қосуға арналған жалғағыш сымдар, арбаша, көлбеу жазықтық, зертханалық тұрғы, күш датчигі.

Теориялық түсінік:

Ньютонның 2-заңы: a= F/m.

Ньютонның екінші заңы бойынша дене импульсінің өзгерісі денеге әсер ететін күш импульсіне тең болады:

mV–mV1= Ft

I=Ft- күш импульсі.

Егер күш айнымалы болатын болса және оның уақытқа тәуелділік графигі берілсе, күш импульсі графиктегі ауданмен анықталады. V1 жылдамдықпен қозғалған дене кедергіге соқтығысқаннан кейін V1 векторына қарама-қарсы бағытталған V2жылдамдықпен кері қарай қозғалады. Осы жағдайда дене импульсінің өзгерісі mV1+mV2 қосындысына тең болады.

Соқтығысу кезіндегі дене импульсінің өзгерісін анықтап, графиктен табылған күш импульсімен салыстырамыз.

Экспериментті өткізуге дайындық:


  1. Эксперименттік қондырғыны құрастырыңдар.

  2. Арақашықтық датчигін көлбеу жазықтықтың басталу жолынан 40 см қашықтықта орналастырыңдар.

  3. NOVA-ға датчикті жалғаңдар.

  4. NOVA-ны қосып, MultiLab бағдарламасын іске қосыңдар.

  5. Өлшеулер параметрлерін тағайындаңдар:

Жиілік


10 өлшеу/с

Өлшеулер


500


Экспериментті өткізу:

  1. Көлбеу жазықтықтың басына арбашаны ұстап тұрыңдар.

  2. Мәліметтерді тіркеуді бастаңдар. Ол үшін «Старт» батырмасын басыңдар. Датчиктің көрсеткіші экран бетінде график түрінде көрінеді.

  3. Арбашаны көлбеу жазықтық бойымен қоя беріңдер. Экраннан арбаша координаталарының уақытқа тәуелді өзгерісін және соқтығысқан кездегі күштің уақытқа тәуелділігін бақылаңдар.

  4. Арбаша күш датчигіне соқтығысқан кезде тіркеуді тоқтатып, «Тоқта» батырмасын басыңдар.

  5. MultiLab бағдарламасындағы эксперимент нәтижелерін қорытындылаңдар.

6 практикумға арналған эксперименттік қондырғының сұлбасы



9-сынып

7 практикум «Еркін және еріксіз тербелістерді зерделеу»



Мақсаты: Тәжірибе барысында еркін және еріксіз тербелістерді зерделеп үйрену. Серіппеге және жіпке ілінген денелердің ауырлық, серпімділік күштері әсерінен жасайтын тербелістерінің кинематикасы мен динамикасын талдау.

Құрал-жабдықтар: динамометр, массасы 100 г жүктер, ұзындығы 30 мм болатын жіпке ілінген диаметрі 25 мм шар, зертханалық тұрғы.

  1. Серіппеге ілінген жүктің еркін және еріксіз тербелістерін зерттеу.

Жұмыс барысы:

  1. 1-суреттегідей қондырғыны құрастырыңдар.

  2. Тұрғыға вертикаль бекітілген динамометрге массасы 100 г екі жүкті іліңдер.

  3. Жүктердің тепе-теңдік жағдайын бақылап, оларды тепе-теңдік жағдайынан 4-5 см төмен қарай вертикаль тартып, қоя беріңдер.

  4. Бастапқыда жүк сыртқы күштің (қолдың) әсерінен еріксіз тербеліс жасайтынына көңіл аударыңдар.

  5. Ауырлық және серпімділік күштерінің әсерінен жүктердің жасайтын еркін тербелістерін бақылаңдар.

  6. Жүктердің орын ауыстыруының периодты өзгерісіне, жылдамдығына, үдеуіне ерекше назар аударыңдар.

  7. Жүктердің кинематикасы мен динамикасын қарастырғаннан кейін дәптерлеріңе тең әрекетті күштерді салыңдар.


Серіппеге ілінген жүк тербелісінің кинематикасы мен динамикасы



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет