Физика пәнін оқытудағы физикалық практикумдардың маңызы



бет1/14
Дата13.02.2020
өлшемі13,12 Mb.
#57951
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Байланысты:
9-11 практикум

Физика пәнін оқытудағы физикалық практикумдардың маңызы

Физика ғылым ретінде адамзат мәдениетінде маңызды орын алады. Физиканың жалпы мәдени мәнділігін және оның негізінде ғылыми дүниетанымды және көзқарасты қалыптастыру қазіргі кездегі оқу пәнінің басым мақсаттарына жатады.

«Физика және астрономия» пәнінің бағдарламасы табиғаттың түрлі құбылыстары ( механикалық, жылулық, электрлік, электр-магниттік, оптика, атом және ядролық), негізгі физикалық ұғымдар, физикалық заңдарды практикада қолдану мысалдары туралы мәліметтерді құрайды. 

Практикалық әдістерді қолдану оқыту мақсаттарының түрлеріне сай келуі тиіс. Сабақта олар көбіне «аралас» түрінде қолданылады. Мысалы, мұғалімнің сабақты ауызша баяндап түсіндіруі көбіне көрнекі құралдарды пайдаланып, физикалық экспериментті демонстарциялаумен, яғни көрнекілік әдіспен қос қабат жүреді. Сондай-ақ материалдарды сөзбен түсіндіру көбіне практикалық әдіспен (зертханалық жұмыста) бірігіп пайдаланылып отырады.

Арнаулы құралдардың жәрдемімен физикалық процестерді демонстрациялап көрсету және оқушылардың өздерінің істеп, зерттеп, бақылауы физикалық оқу эксперименті деп аталады. Физикалық оқу эксперименті физиканы оқытудағы ең негізгі көрнекі құрал болып табылады. Өйткені оны пайдаланудың нәтижесінде физикалық ұғымдар (жылдамдық, үдеу, өріс, жарық дисперсиясы және т.б.) қалыптастырылады, құбылыстар арасындағы өзара байланыстар (күш пен масса, ток күші мен кедергі, жылудың механикалық эквиваленті) тағайындалады, физикалық заңдар (Ньютон, Ом заңдары және т.б.) тексеріледі.

Ұйымдастыру формасына қарай физикадағы оқу экспериментінің жүйесі мынадай түрлерден құралады (1-сурет):


Физикалық оқу эксперименті
демонстрациялық эксперимент
лабораториялық эксперимент
физикалық практикум
кластан және мектептен тыс жүргізілетін эксперимент
эксперименттік есептер шығару
қолан физикалық приборлар мен көрнекі құралдар жасау
1-сурет. Физикадағы оқу экспериментінің жүйесі.
Демонстрациялық эксперимент немесе тәжірибелер сабақ үстінде көрсетіледі. Демонстрациялық экспериментті көрсеткенде оқушылар пассивті түрде бақылаушы ролін атқарады. Лабораториялық экспериментте оқушылар өздері белсене қатынасады, физикалық құбылыстарды өздері қолымен істеп көріп, өлшеулер жүргізеді, физикалық шамалар мен тұрақтыларды тағайындайды. Мектепте жүргізілетін лабораториялық эксперимент белгілі ерекшеліктеріне қарай 5 топқа классификацияланады І. I. Лабораториялық экспериментке оқушылардың қатыстырылуы бойынша:

1) олардың барлығы түгел міндетті түрде орындайтын сыныптық лабораториялық жұмыстар;

2) сыныптан тыс уақытта (физика кабинетінде, үйде), физикаға қызығушы оқушылардың ғана істейтін лабораториялық жұмыстары болып бөлінеді.

ІІ. Өткізілетін орны мен уақыты бойынша лабораториялық жұмыстар 4 түрге бөлінеді: 1) толық бір сабақ бойы; 2) сабақта қысқа уақыт (5-10 мин.) мерзімде; 3) физикалық праткикум деп аталатын ұзақ уақыт бойы (2 сабақ) бойы; 4) сыныптан тыс уақытта (кабинетте, үйде -10,30 мин.) өткізілетін эксперимент.

Физикалық оқу экспериментінің құндылығын арттыру мынадай мақсаттарды жүзеге асыруға бағытталған:

1) мектеп физика курсының ғылыми деңгейін көтеру;

2) физикалық білімнің мазмұнын қазіргі физика ғылымының даму дәрежесіне сәйкестендіру.

Мектепте физикалық эксперименті тиісті дәрежеде өткізудің ең басты шарты – физика кабинетін жабдықтау және оның жұмысын жоспарлы түрде дұрыс жолға қоя білу. Бұл физика мұғалімінің ынта-жігеріне және іскерлік қабылетіне бірден-бір байланысты жұмыс.

Физиканы оқытуда оқушылар мен оқыту обьектісі болып табылатын табиғат арасындағы байланысты жүзеге асыруда физикалық эксперименттің, лабораториялық жұмыстар мен физикалық практикумның атқарар ролі үлкен. Осыған орай оқушының ой-өрісін дамытуға, экспериментті қоюы және орындау кезіндегі қабілеті тексеріледі. Оқушылар үшін лабораториялық жұмыстардың ережесі былай құрылған:


  • жұмыстың аталуы;

  • керекті құралдардың тізімі;

  • фрындалатын операциялар туралы толық мағлұмат беретін жұмыстың орындалу реті;

  • физикалық шамаларды есептеуге арналған формулалар;

  • өлшеуді және есептеу нәтижелерін енгізетін кесте;

  • абсолют және салыстырмалы қателіктерді бағалау;

  • нәтижені қорытындылау;

Лабораториялық жұмыстарды жүргізу процесінде оқушылар физикалық заңдардың объективтілігіне көз жеткізеді және физикадағы ғылыми зерттеулерде қолданылатын әдістер жөнінде мағлұмат алады. Сонымен қатар физикалық заңдарды неғұрлым тереңірек меңгеруіне ықпалын тигізеді, өлшеу приборларымен жұмыс істегенде шеберліктер мен дағдыларды сіңіруіне , білімдерін өмірде саналы қолдануға үйретеді. Дұрыс ұйымдастырылған лабораториялық сабақтар оқушылардың ой белсенділігін арттырып, оларды қойылған сұраққа эксперименттік жолмен өз бетінше жауап іздеуге бейімдейді.

Мектептегі лабораториялық сабақтардың негізгі екі формасы орын алған:



  • фронталь лабораториялық жұмыстар;

  • физикалық практикум;

Физикалық (лабораториялық) практикум оқу жылының аяғында 9-10-11-сыныптарда өткізіледі (мысалы дененің еркін түсу үдеуін өлшеу, шала өткізгіштіктердің вольт-амперлік сипаттамаларын алу, электрорезонансты зерттеу). Мұндай лабораториялық практикумдарда физикалық құбылыстар терең зерттеледі, оқушылардың өз бетінше ізденушілікпен істеуін талап етеді, оларды ғылыми-зерттеу және өлшеу әдістерімен таныстырады.

Міндеттері:

• Оқушылардың танымдық іс-әрекетін белсендіру;

• Электрондық оқу құралдармен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру;

• Зертханалық жұмыстар мен практикумдар жүргізу кезінде өлшеулерді дұрыс жүргізіп, алынған нәтижелерді бағалау;

• Физикалық ұғымдардың, заңдардың табиғатын компьютерлік бағдарламалар арқылы бақылау, олардың ерекшелектерін, өзгерісін сол мезетте саралап отыру;

Күтілетін нәтиже:

-физикалық ұғымдар мен шамалардың мағынасын, заңдардың практикалық қолданыстарын түсініп, игере біледі;

-есеп шығарған кезде сызбада берілген шамаларды олардың арасындағы тәуелділікті дұрыс тауып, анықтай біледі;

-зерттеу әдістерін (эксперимент жүргізу, әдебиетке шолу жасау, мәліметтерді талдау) жоспарлап, эксперименттік фактілер және сәйкес кестелер мен статистикалық мәліметтер негізінде қорытындылар жасай алады, іздену және зерттеу жұмыстарының нәтижелерін дайындап үйренеді;

-Сабақ барысында жеке және топтық жұмыстарды жүргізе отырып, сыни ойлауды, өзін және өзгелерді бағалауды үйреніп, ынтымақтастықта жұмыс істей алады;

-Әр түрлі қабілетті оқушылармен деңгейлі тапсырмаларды жүргізіле отырып, оқушылар өз қызметтерін жоспарлап, ол жоспарды жүзеге асырып және жұмыстарының нәтижесін қорытындылай алуды үйренеді (рефлексия).


Балаға терең де сапалы білім берумен ғана шектелмей, оның қоршаған ортадағы заңдылықтармен құбылыстарды меңгеруіне физиканың лабораториялық жұмыстарын, физикалық практикумдарды уақытылы жүргізіп, баланың оқып білгенін практикада көрсете білудің танымдық маңызы зор.

9-сынып.

Практикум №1 «Дененің еркін түсу үдеуін өлшеу»

Мақсаты: Тәжірибе негізінде еркін түсу үдеуін анықтауды үйрену.

Құрал-жабдықтар: NOVA 5000 портативті компьютер, арақашықтық датчигі, датчиктерді қосуға арналған жалғағыш сымдар, зертханалық тұрғы, өлшеуіш таспа, диаметрі 5-6 см резеңке доп.

Теориялық түсінік:

Еркін түскен кезде дене Жерге қарай тұрақты үдеумен қозғалады. Вакуумдегі үдеудің шамасы дененің пішіні мен массасына байланысты болмайды.

Дененің жағдайын анықтау үшін арақашықтық датчигі қолданылады. Датчик дене бетінен шағылатын ультрадыбысты импульс жібереді.

Датчиктен төмен қарай құлап бара жатқан дененің арақашықтығын есептеу үшін ультрадыбыстың денеден датчикке дейінгі аралықты өту уақыты өлшенеді. Датчиктің көрсеткіші парабола түріндегі графиктен көрінеді.



Экспериментті өткізуге дайындық:

  1. Эксперименттік қондырғыны құрастырыңдар.

  2. Арақашықтық датчигін тұрғыға бекітіп, тұрғыны үстел шетіне қарай қойыңдар.

  3. Арақашықтық датчигін еденнен 140-150 см қашықтықта орналастырыңдар.

  4. NOVA-ға датчикті жалғаңдар.

  5. NOVA-ны қосып, MultiLab бағдарламасын іске қосыңдар.

  6. Өлшеулер параметрлерін тағайындаңдар:

Жиілік

10 өлшеу/с

Өлшеулер

500


Экспериментті өткізу:

  1. Датчиктен 40 см қашықтықта допты ұстап тұрыңдар.

  2. Мәліметтерді тіркеуді бастаңдар.Ол үшін «Старт» батырмасын басыңдар. Датчиктің көрсеткіші экран бетінде график түрінде көрінеді.

  3. Допты қоя беріңдер. MultiLab экранынан графиктің салынуын бақылаңдар.

  4. Доп еденге тиген кезде тіркеуді тоқтатып, «Тоқта» батырмасын басыңдар.

  5. Жылдамдықтың графигін салыңдар. Жылдамдық графигі түзу сызық болып табылады, бұл үдеудің тұрақтылығын байқатады.

  6. Жылдамдық графигінен қозғалыс үдеуін анықтаңдар.

  7. Қорытынды жасаңдар.


1 практикумға арналған эксперименттік қондырғының сұлбасы




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет