9-сынып.
Практикум №4
«Механикалық энергияның сақталу заңын зерделеу»
Мақсаты:Механикалық энрегияның сақталу заңын тәжірибе жүзінде тексеру.
Құрал-жабдықтар: Динамометр, өлшеуіш сызғыш, массасы 100 г жүктер, зертханалық тұрғы.
Теориялық түсінік:
Серіппенің ұзаруы мен оған ілінген жүктердің орын ауыстыруы бірдей болады: x=h.
Серіппенің созылуы кезіндегі потенциалдық энергия мынадай формуламен анықталады:
Ep= kx2/2 = Fx/2
Серіппеге ілінген жүктердің орын ауыстыруы кезіндегі потенциалдық энергияның өзгерісі:
Ep= mgh
Жұмыс барысы:
Тұрғыға динамометрді вертикаль орнатыңдар.
Динамометрге массасы 100 г екі жүкті іліңдер.
Серіппе созылғандағы серпімділік күшінің ең үлкен мәнін және серіппенің сәйкес созылуын өлшеңдер.
Есептеулер жүргізіңдер.
№4 практикумды орындауға қажетті құрал-жабдықтар
Достарыңызбен бөлісу: |