Физика пәнін оқытудағы физикалық практикумдардың маңызы


Жылдамдықтың уақытқа тәуелділік графигі



бет3/14
Дата13.02.2020
өлшемі13,12 Mb.
#57951
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Байланысты:
9-11 практикум


Жылдамдықтың уақытқа тәуелділік графигі.

9-сынып.

Практикум №2 «Ньютонның 2- заңын зерделеу»

Мақсаты: Ньютонның 2- заңын тәжірибе жүзінде тексеру.

Құрал-жабдықтар: NOVA 5000 портативті компьютер, арақашықтық датчигі, датчиктерді қосуға арналған жалғағыш сымдар, арбаша, көлбеу жазықтық, массасы әртүрлі жүктер, зертханалық тұрғы, статикаға арналған блоктар жиынтығы, трос.

Теориялық түсінік:

Ньютонның 2-заңы: a= F/m.

Арбаша-жүк жүйесі үшін Ньютонның 2- заңы: m2g-Fүйк=( m1+m2)

Мұндағы a- арбашаның қозғалыс үдеуі; Fүйк- арбашаға әсер ететін үйкеліс күші.

Үйкеліс күшін ескермейтін болсақ, онда

a= m2g / m1+m2

Берілген экспериментте біз күш пен үдеу арасындағы байланысты тағайындаймыз. Үдеу арақашықтық датчигі көмегімен өлшенеді.



Экспериментті өткізуге дайындық:

  1. Эксперименттік қондырғыны құрастырыңдар.

  2. Арақашықтық датчигін көлбеу жазықтық ың басталу жолынан 40 см қашықтықта орналастырыңдар.

  3. Көлбеу жазықтықтың төменгі жағына блокты бекітіңдер.

  4. Тростың бір ұшын арбашаға байлаңдар.

  5. Тростың бос екінші ұшына массасы 10 г жүк іліңдер.

  6. Тросты блок арқылы тастаңдар.

  7. Қалған жүктерді арбашаға салыңдар.

  8. NOVA-ға датчикті жалғаңдар.

  9. NOVA-ны қосып,MultiLab бағдарламасын іске қосыңдар.

  10. Өлшеулер параметрлерін тағайындаңдар:

Жиілік

10 өлшеу/с

Өлшеулер

500


Экспериментті өткізу:

  1. Арбаша мен жүктердің массаларын өлшеңдер.

  2. Көлбеу жазықтықтың басына арбашаны ұстап тұрыңдар.

  3. Мәліметтерді тіркеуді бастаңдар. Ол үшін «Старт» батырмасын басыңдар. Датчиктің көрсеткіші экран бетінде график түрінде көрінеді.

  4. Арбашаны көлбеу жазықтық бойымен қоя беріңдер. Тросқа ілінген жүк еденге тиген кезде тіркеуді тоқтатып, «Тоқта» батырмасын басыңдар.

  5. 1-4 кезеңдерді тросқа массасы 30,40,50 г жүктерді іле отырып, қайталаңдар.




Координатаның уақытқа тәуелділік графигі



№ 2 практикумға арналған эксперименттік қондырғының сұлбасы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет