Физика пәнінен 11 сыныпқа



бет4/5
Дата05.09.2024
өлшемі165 Kb.
#203873
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5
Байланысты:
фак 11

Барлығы:




34

9

25






Ақпараттық – әдістемелік бөлім


Жалпы білім беретін мектепте «Физика есептерін шығару әдістері» тақырыбына 10– сыныпқа арналған бағдарлама мазмұны 34 – сағат, оның ішінде лекция – 9 сағат, практикалық жұмыс – 25 сағат. Лекция сабақтарында оқушылар физика есептері, олардың түрлері мен шешілу жолдары туралы мағлұмат және білім алуы тиіс. Практикалық сабақтарда лекция сабақтарында алған білімдерін есептер шығаруда қолдана білу, білім, білік және дағдыларын қалыптастыру, өз бетінше іздену, өзін-өзі бақылау, өздігімен дамуға арналған тапсырмалар орындап, дағдылануы тиіс.

Оқытуды ұйымдастыруға арналған әдістемелік нұсқаулар


Физика пәні қоршаған дүниенi ғылыми түсiнудiң iргетасы болып табылады, оқушылардың табиғат пен техника құбылыстарын зерттей және түсiндiре алу бiлiктерімен қа рулануына, қоғамның экономикалық және мәдени дамуындағығылымның рөлін түсінуге, табиғаттың бөлігі ретіндегі адамға табиғат дүниесін ғана емес, ондағы өзінің орнын да саналы түсінуге ықпал етеді. Өйткені қалыптасып келе жатқан тұлғаның табиғат дүниесімен қатынасы физика пәнінен алған білімі ар қылы ғана игерілуі мүмкін. «Физика» оқу бағдарламасының мiндеттерi оқушылар: а) табиғат та, техникада, тұрмыста туындап жататын үдерістер мен құбылыстардың мәнiн түсiнуi үшi н және бiлiмдерiн жалғастыру үшiн қажет ғылыми бiлiмдерi мен бiлiктiлiктерiн қалыптастыр у мен дамыту; ә) қазiргi заманғы іргелі теориялардың негiздерiнен, әлем бейнесiнен (дерект ер, ұғымдар, принциптер, болжамдар, заңдар және т.б.) бiлiмдерiн қалыптастыру; б) физик а ғылымының тiлiн танып-бiлу, табиғаттағы және техникада бақыланатын құбылыстарды жүйелей алу бiлiктерiн қалыптастыру; в) өлшеуiш құралдарды қолдана алу практикалық бiлiктiлiктерiн, оларды өз бетiнше тәжiрибелер, зерттеу жұмыстары н жүргiзуге қолдану арқылы шешiледi.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет