Физика пәнінен 11 сыныпқа



бет1/5
Дата05.09.2024
өлшемі165 Kb.
#203873
түріБағдарламасы
  1   2   3   4   5
Байланысты:
фак 11


БАҒДАРЛАМА

"ФИЗИКАДАН ЕСЕПТЕРДІ ШЕШУ ӘДІСТЕРІ"


11- сынып оқушыларына арналған (аптасына 1 сағат, барлығы 34 сағат)

Түсініктеме хат


Физика пәнінен 11 сыныпқа арналған «Физикадан есептерді шешу әдістері» тақырыбындағы таңдау курсының бағдарламасы
Физика пәні бойынша арналған «Физикадан есептерді шешу әдістері» атты таңдау пәні жаңартылған бағдарламаға сай құрастырылған. Физика пәнін оқытудың ерекшеліктерінен шыға отырып, сынып сағаттарында қамтылатын тақырыптар мен заңдылықтарды толық қамтып, есептерді дұрыс шешудің оңтайлы әдістерін қамтыған. Осы ретте пәннің мақсаттары мен мазмұны толық сақталып, әдістемелік зерттеулер мен оқытудың әр түрлі әдіс-тәсілдерін басшылыққа ала отырып, элективті оқу бағдарламасы мазмұнында толыққанды пайдаланылған. Физиканы оқытудың білімділік мақсаты барлық оқушылардың физика негіздері туралы жүйелі білімдер беріп, оларды толық, сапалы да берік игеруге қажетті біліктіліктермен, дағдыларын қалыптастыру болып табылады. Аталған элективті оқу бағдарламасы арқылы білім алу нәтижесінде оқушылардың ақыл-ойы дамып, алынған білімдерін күнделікті тәжірибеде терең қолдана алады. Таңдау курсын оқытудың басты мақсаттарының бірі – оқушылардың физика пәні бойынша тек теориялық негіздерін біліп қана қоймай, есептердің шешілу жолдарына қатысты тиімді әдістерді де меңгеру болып табылады. Сонымен қатар оқушының логикалық ойлауын, сапалы әрі бәсекеге қабілетті білім негіздерін, өз ойын дәл және анық тұжырымдай білу мәселелері де маңызды міндеттер болып табылады. «Физикадан есептерді шешу әдістері» атты оқу бағдарламасы оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамытады. Оқу материалының түсінікті әрі сыныптағы жоспар бойынша жүретін жаңа мәліметтерді толық игеруге септігін тигізеді. Физика бойынша білімдерін арттырып, физикаға деген қызығушылығын оятады.
№173 мектеп-лицейдің физика пәні мұғалімі Дарменбекова Гулмира Исагалиевнаның бағдарламасын негізге ала отырып , оқушылармен жұмыс жүргіземін.
Бағдарлама 34 сағат, аптасына 1 сағат көлемінде жасалды. Бағдарлама оқушыларға ғылыми жұмыстар жүргізуге, пәнді толық меңгеруге, олардың кәсіби мамандық даярлауға бағытталып ұсынылады. Бағдарламаның негізгі мақсаты алған білімін өмірде қолдана алу.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет