«Физика» пәнінен бөлім бойынша жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар 10-сынып


«Тұрақты ток» бөлімі бойынша жиынтық бағалау



бет16/23
Дата11.10.2023
өлшемі1,1 Mb.
#184680
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   23
Байланысты:
бжб 10 кл жмб

«Тұрақты ток» бөлімі бойынша жиынтық бағалау





Оқу мақсаттары

10.3.2.1 Аралас жалғанған өткізгіштерден тұратын тізбек бөлігі үшін Ом заңын қолдану
10.3.2.3 Электр қозғаушы күші мен кернеу көзінің әртүрлі жұмыс режиминдегі (жұмыстық, бос жүріс, қысқа тұйықталу) байланысын зерттеу
10.3.2.6 Тармақталған электр тізбегіне Кирхгоф заңын қолдану



Бағалау критерийі



Білім алушы



Ойлау дағдыларының деңгейлері

Қолдану


Орындау уақыты

25 минут

Тапсырмалар

  1. Электрлік су қыздырғышы ұзындығы 20 м кабель арқылы ток көзіне қосылған. Кабель көлденең қималары 4,0 мм2 екі мыс өткізгіштен тұрады. Мыстың меншікті кедергісі 1,7 108 Ом м.

    1. Әр өткізгіштің кедергісі 0,085 Ом болатынын көрсетіңіз.

    2. Электрлік су қыздырғышының жұмыстық тогы 37 А. Кабель өткізгіштеріндегі толық кернеу түсуін есептеңіз.

    3. Неліктен кабельге көлденең қимасының ауданы 6,0 мм2 өткізгіштерді қолданған дұрыс болатынын түсіндіріңіз.




  1. ЭҚК-і ε және ішкі кедергісі r батарея тізбекте көрсетілгендей жалғанады.



Кілт ашық тұрған кезде вольтметр көрсетуі 12,0 В. Кілт тұйықталғанда вольтметр көрсеткіші өзгерді және оның көрсетуі 8,0 В болды.



    1. Вольтметр көрсеткішінің өзгеру себебін түсіндіріңіз. Өз түсіндірулеріңізді формулалар қолдану арқылы жазуға болады.

    2. Кілт жабық тұрған кездегі тізбектегі токтың мәнін есептеңіз.

    3. Ток көзінің r ішкі кедергісін анықтаңыз.

  1. ЭҚК 12 В, ішкі кедергісі елеусіз аз ток көзіне біртекті АВ металл сымы қосылған. Сымның ұзындығы 1,00 м және кедергісі 10 Ом. Кедергілері сәйкесінше 4 Ом және 2 Ом екі резистор өзара тізбектей жалғанып, осы тізбекке қосылған.



𝐼1, 𝐼2, 𝐼3 токтары тізбекте суретте көрсетілгендей ағады.

    1. Кирхгоффтың І-заңын қолданып, 𝐼1, 𝐼2, 𝐼3 токтары арасындағы байланысты жазыңыз.

    2. 𝐼1 мәнін есептеңіз.

    3. C және D нүктелері арасындағы потенциалдар айырымын анықтаңыз. АС аралығы 40 см, D нүктесі тізбектелген екі кедергілердің арасында орналасқан.




  1. Электр тізбегі екі гальвани элементі мен үш резистордан тұрады.



    1. Сызбада ток көздерінің ЭҚК бағытын көрсетіңіз.

    2. Сызбада әр резистор арқылы өтетін ток бағытын көрсетіңіз.

    3. Берілген электр тізбегі үшін Кирхгофтың І заңын жазыңыз.

    4. Берілген электр тізбегі үшін Кирхгофтың ІІ заңын жазыңыз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет