«Физика пәнінен есептер шығару әдістемесі» 10-11 сыныптары үшін


Курстың негізгі мақсаттары



бет2/19
Дата13.09.2020
өлшемі268,77 Kb.
#78387
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19
Байланысты:
физикаЕсептер9a

Курстың негізгі мақсаттары:


  • физика пәніне және физикалық есептерді шығаруға қызығушылықтарын дамыту;

  • негізгі курста алған білім және біліктіліктерін жетілдіру;

  • физикалық есептердің берілу шарттары, оларды топтастыру және шығару әдістері мен амалдарын қалыптастыру.

Бұл курс бағдарламасы мемлекеттік міндетті білім стандартына сай және мектеп бағдарламасының физика пәнінен профильдік оқыту мазмұнына сәйкестендірілген. Ол пән мұғалімінің оқушылардың алған білім және білік дағдыларына бағыттайды. Ол үшін бағдарлама бірнеше бөлімдерге бөлінген. Бірінші бөлім оқушыларға физикалық есеп туралы жалпы мағлұматтар, өмірдегі, техникадағы, ғылымдағы есептің мәні туралы мәлімет береді, есеппен жұмыс істеу түрлерімен таныстырады. Оқушылар есепті құрудың негізгі әдістерін және оларды түрлендірудің үш-төрт негіздерін білу қажет.

Бірінші бөлімде есептерді шығаруда орындалу ретімен, физикалық құбылыстарға талдау, есептің шығарылуын дауыстап айту, алған жауабына талдау жасай білуіне көп көңіл бөлінеді. Егер бөлімінің басында көрнекілік үшін механика, молекулалық физика және электродинамикадан есептер қолданылса, кейін 11 сынып бағдарламасының бөлімдерінің есептері қарастырылады. Қайталау кезінде теориялық материал қалай жүйеленсе, есептерді шығару әдістері де солай жүйеленеді. Әсіресе оқушылардың кәсіптік қызығушылығымен байланысты, сонымен қатар пәнаралық мазмұндағы есептерге көп көңіл бөлінеді. Есептер мен жұмыс кезінде оқушылардың дүниетанымдық көз-қарастарына және әдістеріне: қоғамға қажеттілігіне және есептің берілуіне, физика тарихынан есептерге, есепті шығаруда математиканың рөліне, есепті шығаруда физикалық құбылыстардың жүйелі талдауымен таныстыруына және т.б. көңіл бөлу.

Бірінші бөлімді оқытуда сабақты өткізу түрлері: мұғалімнің түсіндіруі, оқушылардың ойлары, есеп шығарудың нақты мысалы, эксперименттік есептердің ұжымдық қойылымы, есепті құрудағы жеке және ұжымдық жұмыстар, үздік есеп құруға сайыстар, әр түрлі есептер жинақтарымен таныстыру және т.б. Нәтижесінде оқушылар берілген есепті түрлендіріп, қарапайым есептер құрастырып, есепті шығару жолдарын түсіндіре және орындай білуі қажет. Күрделі есептерді пән олипиадаларына дайындық ретінде қарастыруға болады.

Мұғалім есептерді таңдауда оқушылардың нақты мүмкіншіліктерін ескеру қажет. Сонымен қатар, оқушыларға үй тапсырмасының берілуі де қарастырылады. Жартыжылдық қорытынды бойынша оқушылардың білім, білік деңгейлері «сынақпен» бағаланады.



Курстың мазмұны




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет