Білу және түсіну
|
Білу:
- материялық нүкте, жол, жылдамдық, тығыздық, күш, қысым, жұмыс, қуат, потенциалдық және кинетикалық энергия, күш моменті, геоцентрлік және гелиоцентрлік жүйе ұғымдарын;
- физикалық шамалардың өлшем бірліктерін;
- жылдамдықты, тығыздықты, күшті, қысымды, жұмыс пен қуатты анықтау формулаларын, Гук, Архимед заңдарын, «Механиканың алтын ережесін» және физикалық тұрақты шаманы(g);
Түсіну:
- физикалық құбылыстарды;
- жылдамдықтың, тығыздықтың, күштің, қысымның, жұмыс пен қуаттың физикалық мағынасын, механика заңдарын;
- физикалық құбылыстардың маңыздылығын;
|
Деңгейді тексеру үшін Көп таңдауы бар тапсырмалар (КТБ)және/немесе
Қысқа жауапты (ҚЖ)қажет ететін тапсырмаларды пайдалану ұсынылады
|
Қолдану
|
Қолдану:
- процестер мен құбылыстарды сипаттау үшін негізгі физикалық ұғымдар мен терминдерді;
- қолданбалы және оқу тапсырмаларын шешу, практикалық және зертханалық жұмыстарды орындау барысында Гук, Архимед заңдарын, «Механиканың алтын ережесін» және «Механика» бөлімінің формулаларын;
- нәтижелерді ұсынуда графикалық тәсілдерді;
- өлшем бірліктердің Халықаралық жүйесін;
- алынған білімдерін физикалық құбылыстардың жүру жағдайларын және процестерді түсіндіруге;
|
Деңгейді тексеру үшін Қысқа жауапты (ҚЖ)қажет ететін тапсырмаларды және/немесе толық жауапты (ТЖ) қажет
ететін тапсырмаларды пайдалану ұсынылады
|
Жоғары деңгей дағдылары (талдау, жинақтау, бағалау)
|
Талдау:
- эксперимент нәтижесінде алынған деректерді,
- графиктік және кестелік нысанда берілген ақпаратты,
- заттардың қасиетінің сапалық және сандық құрамына және оның құрылымына тәуелділігін;
Жинақтау:
- кесте, сызбанұсқа, хабарлама, баяндама, таныстырылым түрінде көрсету үшін жинақталған және өңделген деректерді, ақпараттарды,
- гипотеза, дәлел және түсініктеме жасауға арналған ғылыми модельдерді және дәлелдемелерді,
- эксперимент және зерттеулер жүргізу жоспарын;
Бағалау:
- жасалған эксперименттің нәтижелерін.
|
Деңгейді тексеру үшін Қысқа жауапты (ҚЖ)қажет ететін тапсырмалардыжәне/немесеТолық жауапты (ТЖ)қажет ететін тапсырмаларды пайдалануұсынылады
|