Кримииалистиканың ұғымы, пәні, обьектілері және мақсаттары. Криминалистика - қылмыс механизмінің заңдылығы, қылмыс және оның қатысушылары жөніндегі ақпараттың пайда болуы, сонымен бірге дәлелдемелерді жинақтау, зерттеу, бағалау мен қолдану туралы және қылмысты ашу, тергеу және болғызбау әдіс-тәсілдерінің танымына негізделген заңдылықтарына бағытталған ғылым.
Кез-келген ғылымның пәні әр түрлі құбылыстарда, іс жүргізулерде, оқиғаларда көрініс беретін объективтік шындық заңдылығы болып табылады
Кримнналистиканың пәні қылмысты сапалы тергеу мен болдырмау үшін қажетті білім және объективті заңдылықтар жиынтығы болып табылады.
Криминалистиканың пәнімен, заңдылықтардың негізгі үш тобы қамтылады:
- қылмыстың ішкі механизміндегі байланыс пен қатынастың пайда болу және даму заңдылықтары: іс-әрекетпен оның салдары арасындағы байланыс, әрекеттің ұқсас жағдайларда қайталануы, қылмыстық субъект тәртібінің көрі-ністері және т.б.с.с;
-қылмыс зандылықтары, қылмысты жасау мен жасыру әдістерінің қалыптасуы және жүзеге асуы, қылмыскер тұлғасы мен әдіс-тәсілдің байланыстары, кылмыс істеу тәсілінің қылмыс жасаудағы нақты жағдайларға тәуелділігі және т.б;
- тергеуде маңызы бар қылмыспен байланысты пайда болу және өтпелі жағдай заңдылықтары; қылмысты жасауға жасырын дайындық, құралдарды таңдау, жағдайды тексеру, қылмыстық қол сұғушылық пәнін зерттеу және т.б.с.с.
Көрсетілген заңдылықтардағы әрекеттер, байқалған деректер, құбылыстар, процестер криминалистикалық ғылым объектісі болып табылады: қылмыстық әрекет, қылмыстың пайда болуы, ашу және тергеу бойынша жасалынатын әрекет қылмыстық іс бойынша заттық дәлел ретінде көрсетілген материалдық объектілер, куәгерлердің, сезіктілердің, айыпкерлердің көрсетпелерін қалыптастыру және беру процесі, осы көрсетпелерді алу әдіс-тәсілдері т.б.
Құқық қорғау органдарының қылмыспен күрестегі ықпалы криминалистиканың жалпы мақсаты болыл табылады.
Криминалистнканың негізгі мақсаттары:
а) криминалистика пәнінің негізін құрайтын объективті зандылықтарды жалғастырып зерттеу оның жалпы және жеке теориясын, қылмысты ашу, тергеу және болғызбау бойынша құралдарды, әдістер мен ұсыныстарды қайталап қарау базасы ретінде дамыту;
ә) техникалық, жаратылыстану және гуманитарлық ғылымдарды пайдалану арқылы қылмыстық тергеуді техника-криминалистикалық қамсыздандыру мақсатында қарастырып, дамыту;
б) алдын ала және соттық тергеудің ұйымдастырылуы, тактикалық және әдістемелік негіздерін қарастыру және қатыстыру;
в) қылмысты алдын-алудың криминалистикалық тәсілдарі мен әдістерін қарастыру, осы мақсаттарда тергеу және сот практикасын зерттеу және қалыптастыру;
г) шетелдік криминалист ғалымдардың жетістіктерін оқыту және оларды қылмысты тергеуде, ғылыми зерттеулер жүргізуде пайдалану.
Криминалистиканың жалпы және негізгі мақсаттары белгілі бір нақты мәселені қарастыру кезінде шешіледі.
Ғылымның белгілі бір сатыда шешетін, уақытша мерзімдегі мәселесі нақты болып табылады.